Өлең, жыр, ақындар

Аяулы күз, Алтын күз!

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы
КМҚК «Гүлдәрен» ясли бақшасының
тәрбиешісі: Абилова Бибигуль Дилмаганбетовна

Тақырыбы: «Аяулы күз, Алтын күз!»
Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы білімдерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру. Ойлау қабілетін дамыту. Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, беймділіктерін арттыру.

Бөлме мерекеге сай безендірілген. Залға балалар музыка әуенімен кіреді.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, әріптестер және балалар! Бар байлығын сыйлаған «Аяулы күз, Алтын күз» бақшамызғада келіп жетті.
Армысыздар, халайық!
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Ендеше, «Аяулы күз, Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Берекелі күзге, мерекелі күзге арнаған біздің топтың балаларының тақпақтарын тамашалаңыздар.
Мерейлім: Ән салыңдар, күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық,
Би библейік, ойнайық.
Еселхан: Қамба толды астыққа,
Алғыс саған алтын күз!
Бір уыс дән шаштықта,
Арба қауын алдық біз.   
Диана: Нұрға бөлеп өмірді        
Жырға бөлеп көңілді.
Жарқыраған сәулелі,
Күз әуені төгілді.
Ақниет: Жемісі мол беретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Алмаз: Алтын күз, алтын күз!
Күтеміз енді біз,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Бейбарыс: Жеміс – жидек пісті,        
Қамбаға астық түсті.
Қызу жүмыс басталып,
Күз әуені төгілді
Айбике: Ел егінді жинайды,
Қырманға дән сыймайды.
Арслан: Жайдарлы күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам,
Дариядай шалқып жүр.

Жүргізуші: Балалар, мынау ненің дауысы? Осы кезде әсем әуенмен, Алтын күзбен Жаңбыр келеді.
(Балалар қол шапалақтайды).
Алтын күз, Жаңбыр: Сәлеметсіздер ме, балалар! Армысыздар, кішкентай бүлдіршіндер!
Алтын күз: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтын күз деген мен болам.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе! Қош келдіңіздер, Алтын күз, Жаңбыр!
Балалар: Сәлеметсіздер ме!
Ән: «Күзге сәлем!»
Күзге сәлем,
Бүкіл әлем,
Сары алтындай,
Жапқан кілем.
Сәлем, сәлем, Алтын күз!
Сәлем, сәлем Жарқын күз!
Жазғы шудан
Дала тынған
Естілмейді ән
Құстар салған.

Алтын күз: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ:

Жер астына түседі
Сап-сары бөп піседі (Сәбіз)

Әрі қызыл, әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты. (Алма)

Алтын күз: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен бірге жемістер мен көкөністерімді ала келдім. Кәне, ойын ойнайық.
Ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырату».
Жүргізуші: Алтын күз, Жаңбыр біздің балалардың  әнін, тақпағын тыңдадыңыздар. Енді қыздарымыздың «Тамшылар» биін тамашалаңыздар!
    
Алтын күз: Жаңбыр, сенің де ойының бар шығар?
Жаңбыр: Иә-иә,мен де  құр келген жоқпын. Ойын ала келдім.
Ойын: «Жаңбыр және Әсем әуен».
Ойын шарты: әсем әуеннің даусы естілгенде билейді, жаңбырдың даусы естілгенде қол шатыр астына жиналады.  
Жүргізуші: Енді балаларымыздың әсем тақпақтарын тыңдаңыздар

Сартбек: Нан атасы – бидаймын,
Елге астық сыймаймын.
Дәнге толы ен далам,
Дариядай шалқып жүр.      
Жансая: Думан толы асқарлы,
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.
Ансар: Сап – сары маңай,
Сап – сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Темірлан: Сары ала тон жамылған
Күз атасы секілді
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі бар не түрлі
Несібелі: Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Батырбек: Бұтағында емініп,
Күзде жеміс піседі,
Сабағынан жел үзіп,
Жерге топ – топ түседі.   
Ердаулет: Алтын, сары, қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Каусар: Жомарт көңіл, жарқын күз,
Берекесі халқымның.(Алтын күз тосын сый жасайды).
 Алтын күз: Балалар, сендердің шырқаған әндерің, айтқан тақпақтарың, бұралған билерің маған қатты ұнады.
Би: «Саңырауқұлақтар»
Ән: «Күз!»

Менің қара көзімдей, көзімдей,
Қарақаттай тізілген, тізілген.
Күзім – ау, күзім – ау,
Мінезің бұзық – ау,
Жаңбырдай сіркіреп ,
Келгенің қызық – ау.
Алмұрт теріп алайық, алайық,
Уысымызға толтырып салайық.  
Жүргізуші: Осымен, «Аяулы күз, Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз