Өлең, жыр, ақындар

"Толағай" отбасылық сайыс

Б.Жаникешев атындағы ЖОББМ
бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Камшат

Тақырыбы: «Толағай» (Отбасылық сайыс )
Мақсаты: Ата–аналарды қатыстыра отырып, бұл сайыста баланыөмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету, қимыл-қозғалыс қабіллетерін дамыту. Балаларды шапшаңдыққа,төзімділікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Спорттық іс- шара.
Әдіс–тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, көрсету.
Сайыс барысы

Толағай отбасылық сайысы еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты спорттық іс-шара. Бүгін осындай іс-шара мектебіміздің 4 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында өткелі тұр. Осы сайысқа үш отбасы қатысқалы тұр. «Сары» түсте Қожановтар отбасы. «Қызыл» түсте Бисекеевтер обасы. «Көк» түсте Ахтаровтар отбасы.

Ал, қанекей, қонақтар,
Ортаға назар салайық.
Ойыншылар келеді,
Қол соғып қарсы алайық.    
Құрметті көрермендер топтарымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

Әр танды бақытпенен аттырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
«Ақжелкен» тобын шақырамыз.
Салауатты өмір салтын сақтайтын,
Жаттығудан ешқашанда қашпайтын
«Болашақ»   тобы келді бүгін сайысқа,
Өз топтарын жақтайтын деп ,- ортаға болашақ тобын шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып ешқашанда мойымайтын
Болашақ спортшылар келді ортаға,
Қол соғып қарсы алайық «Татулық»тобын

Ал, құрметті халайық
Жарысып енді көріңдер.
Әділ қаз алқасы
Әділ баға беріңдер.

Сайысымызды бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін, әділ қазылар алқасымен таныстырайық.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Алесов Замир Мақсотұлы.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рашидова Жайнагүл манарбекқызы.
Тәлімгер Алесова Әсемгүл Сапиоллақызы.
Ойынның шарттары:
Бүгінгі спорттық сайыс 7 кезеңнен тұрады.
Ал енді топтарға сәттілік тілейміз. Әр сайыстан кейін әділ қазылар алқасы бағаларын беріп отырады.

1. Таныстыру (топтың аты, ұраны)
2. «Құлатпай өт» сайысы. Ата-аналар қолдарын айқастырып, баланы отырғызып, кедергілер арасымен жүгіріп өтеді.
3. «Жұмыртқаны түсірме» сайысы. Кедергілер арсымен қасықтағы жұмыртқаны түсірмей өтіп келіп,келесісі жалғастырады.
4. «Арқан тарту» сайысы. Жеребе арқылы, мұнда екі топ арқан тартады, жеңгені үшінші топпен тартысады, яғыни белгіленген жерден.
5. «Мергендер» сайысы. Допты екі аяқтың арасына қысып, кедергілер арасымен өтіп, ілініп тұрған шарды жарып жүгіріп келеді де, келесісі жалғастырады.
6. «Допты түсірме» сайысы. Әкесі мен анасы  маңдайларына допты қысып,түсірмей кедергілер арасымен жүріп өтеді. Барғасын екі баласы жалғастырады.
7. «Секіртпемен жүгіру» сайысы. Кедергілер арасымен скакалкамен секіріп келіп жалғастыра береді.

Қорытынды:
Жарыс зағы ежелден,
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады,- деп сөз кезегеін әділ қазыларға береміз.
Құрметті қонақтар
Салауатты өмір салтын қолдаймыз,
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
Денсаулықты жанымызға серік қып,
Болашаққа аманат қып жолдаймыз.
«Толағай » отбаслар сайысына қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз