Өлеңдер Бөлімі

Ана – гүл, қыз – өмір шуағы!

М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі
Ұйымдастыру №156 топтың өндіріс шебері:
Маханбетова Салтанат Серікқызы


№156 топ студенттерінің 8- наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Ана – гүл, қыз – өмір шуағы!"» атты тәрбие сағатына арналған тәрбие сағатына хаттама

Қатысқаны: 24 студент                       
Қатыспағаны: 1 судент дәлелді себеппен

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Әйел-Ана – өмірдің өзі, бақыт пен берекенің көзі, нәзіктік пен көркемдіктің сәні, мейірімділік пен парасаттың мәні. Сондықтан да гүл-көктемнің алғашқы мерекесі – әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен ізгіліктің жаршысындай болып, жайма-шуақ күйге бөлейтін жарқын мейрам.

Қай қоғамда болмасын әйелдер қауымының алар орны айрықша. Өйткені, жер бетіндегі  жақсылық, ізгілік пен ұлылық атаулының бәрі де әйел-ананың ақ сүтінен, ақ ниетінен тарайды.

Ұлт тарихының тереңіне көз жіберсек, ер-азаматтармен бірге атқа қонып, ел намысын  қорғаған ардақты аналарымыздың есімін қадір-құрметпен еске аламыз. Ел ішіндегі ауызбіршілік пен түсіністіктің ұйытқысы болып, абыройлы биікке көтерілген Ұмай ана, Зере, Ұлпан секілді ардақты ұлт аналарының өмір жолдары бүгінгі ұрпақ үшін үлгі, ғибрат екені анық. Ел басына күн туған Ұлы Отан соғысы жылдарында батыр атанған арулар - Әлия, Мәншүк есімдері біздің ұлттық мақтанышымызға айналды.         

Әйел – ең алдымен отбасының ұйытқысы, сұлулық пен нәзіктіктің символы. Сонымен бірге, адалдық  пен әділдіктің, жауапкершілік пен тиянақтылықтың жаршысы.

Бүгінгі әйел -  білім-білігі кемел, парасаты биік, мәдениеті өскен, саяси әлеуметтік белсенділігі жоғары, өркениетті қоғамның лайықты мүшесі. Отбасынан бастап мемлекеттік саясатқа дейінгі ел өмірінің барлық құрылымында әйелдер араласпайтын сала жоқ. Қазіргі уақытта білім беру, денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету, мәдениет, кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару салаларында табысты еңбек етіп жүрген аналарымыз бен әпке-қарындастарымыз көпке үлгі көрсетуде.

Сіздер тәуелсіз еліміздегі  бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы бола алдыңыздар. Қоғамның тыныштығы, бала бақыты тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған дархан жүректі нәзік жандарға тікелей байланысты. Өздеріңіз әрдайым сұлулық пен даналықтың, әсемдік пен сүйіспеншіліктің үлгісін көрсете отырып, күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы отбасы жағдайымен қатар, ел дамуына да зор үлес қосып келесіздер.

Мемлекетімізде ана мен бала қамқорлығына, олардың денсаулығына айрықша көңіл бөлінуде. Әлеуметтік көмектер көлемі жыл санап өсіп келеді. Жалпы, Ана – әрқашан зор қошеметке лайық жан. Ананы ардақтау – биік парыз, мәртебелі міндет.

Қорытынды: ҚЫМБАТТЫ АНАЛАР,  АЯУЛЫ АРУЛАР!

Сіздерді тағы да көгілдір көктемнің шуақты мерекесі - 8 наурыз мерекесімен  құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға шаттық, дендері­ңіз­ге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке және барлық жақсылықтарды тілей­міз!

Сіздерге арналған тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы:  «Ана – гүл, қыз  – өмір шуағы"

1 –жүргізуші:  Арыстан

Қош, келдіңіздер! Қыз келіншектер,аналар,! Не деген мейірлі, не деген -шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ! «Ана – гүл, қыз– өмір шуағы» - атты тәрбие сағатымыз сіздерге арналады.

2- жүргізуші: Мейірбек

Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті.

1-жүргізуші: Арыстан

Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.

2 – жүргізуші: Мейірбек
Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан демекші

156 топ студенті Айдарбек Рысдәулеттің орындауында «Қызыл гүлім–ай » атты ән шашуды қабыл алыңыздар!

1- жүргізуші: Арыстан

Студенттердің шың көңілінен шыққан, жүрек жарды аналарына деген тілектері бар. Осы мерекенің алдында айтқан болатынбыз, аналарыңның мерекесі келе жатыр, қандай өлең шумақтарын жолдар едіңдер 156 топ студенттерінің 8-наурызға арналған өлең шумақтары!

1. Бақдаулет: Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын

2. Төребек: Тамаша тілім барда айнала маң
Жан бар ма асыл сөзден жайнамаған
Анамның ақ сүтінен жаралғандай
Өзіңнен артық тілді қайдан алам

3. Ислам: Мен үшін не керек-бәрін іздеп табарсың
Айналайын анашым, жұмысқа да барарсың
Қайтып мені көргенде шын сағынып қаларсың

4. Бекарыс: Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болсын бар адам
Шаттық кетпес баладан

5. Абылай: Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімді сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ анам!

6. Ш.Мейірбек. Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.

1-жүргізуші: Арыстан

№ 156 топ жигіттерінің флешмобы

1-жүргізуші: Арыстан

№156 топ студенті Айдарбек Рысдәулеттің орындауында «Сені ойлап» әні

2-жүргізуші: Мейірбек                                                              

«Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирогов.

1-жүргізуші: Арыстан 

Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар - әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

2-жүргізуші: Мейірбек

Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт - аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

1-жүргізуші: Арыстан

Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз әлі де есімізде. Сол себепті сіздермен ойын ойнаймыз,Осы жерде отырған барша нәзік жандардарға арналған ойын. Ойын жүргізушісі Пашен Жарбол.

1-жүргізуші: Арыстан

№156 топ студенті Молдабек Мейірбектің орындауында «Ана» туралы монолог

1-жүргізуші: Арыстан

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады.

Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

2-жүргізуші: Мейірбек

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.


Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×