Өлең, жыр, ақындар

Кәсіп – түбі нәсіп

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы
№98 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Бимбетова Айгул Пахрадиновна        

Тақырыбы: Кәсіп түбі нәсіп

Мақсаты: Ауылымызда өз кәсібінің жемісін көріп  отырған кәсіпкер – ана еңбегін бағалау, мақтан тұту, үлгі алу, еңбегін паш ету.

Еңбекшіл болуға, білімді болуға, үлкендер еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер

Әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, пікірлесу

Барысы: Кіріспе сөз

Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбына негізгі арқау боларлық қадірменді қонағымызды ортаға шақырайық.

Қош келдіңіз Рая апай! Сәлеметсіз бе Рая апай?!

Бүгінгі тәрбие сағатымызға келіп, алтын уақытыңызды бөлгеніңіз үшін сізге алғысымызды білдіреміз. Ортамызға жайғасып отырыңыз.

Біз сізді бірнеше жылдан бері білеміз. Сіз өз ісіңізден береке тауып отырған кәсіпкер – ана екеніңізді жақсы білеміз. Сіз біздің ғана ауылымызды емес, көрші ауылды да азық-түлікпен және күнделікті заттармен қамтамасыз етіп отырғанызды көріп жүрміз. Сізден  сұрап білгіміз  келгені ауыл орталығында орналасқан  аралас дүкеніңіз неге «Ал-Сұлтан» деп аталатындығын білгіміз келеді?

Ол менің анам мен әкемнің аттарынан қысқартылып алынды. Олай болса анаңыздың құрметіне «Ана» әнін орындау үшін Аяжанды ортаға шақырайық.

Сізбен сұхбаттасу үшін  біздің сізге қояр бірнеше сауалдарымыз бар.

1-бала, Рая апай сіз өз кісібіңізді қашан, қайдан бастадыңыз?
2-бала, Сіз қай мектепті, қай жылы бітірдіңіз? Сіздің алғашқы ұстазыңыз кім?
3-бала, Сіз қандай пәнді сүйіп оқыдыңыз?
4-бала, Отбасыңыз туралы айтып берсеңіз?
5-бала, Сіздің қандай өнеріңіз бар?
6-бала,  Көптің көңілінен шығу қаншалықты қиын?
7-бала, Сіздің бос уақытыңыз бола ма?
8-бала, Сіз туралы естиміз жоқ-жітік адамдарға қол ұшын береді, көмектеседі дегенді.
9-бала,  Біздің оқушыларға біздің сыныпқа қандай тартуыңыз бар?

Мен сендерге көптеген сыйлық әкелдім, ол сыйлығым тек жақсы да дұрыс жауап берген балаларға беріледі. Сандықшадан шығарып өзінің бала кезіндегі жаттап өскен жұмбақтары мен сұрақтарын қойып, дұрыс жауап берген балаларға сыйлықтарын үлестірді.

Оқушылар Рая апаймен ескерткіш суретке түседі.

Мұғалім сөзі: Сіздің біздің балаларға айтар тілегіңіз, ыстық ықыласыңыз?

Алтындай уақытыңызды қиып келгеніңізге көп-көп рахмет!

«Кәсіп - түбі нәсіп» деген міне осы балалар.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз