Өлең, жыр, ақындар

Адам жақсы ісімен көрікті

Өзін-өзі тану

Күні:

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Адам жақсы ісімен көрікті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушыларға бауырмалдылық және кеңпейілділік ұғымдарының мәнін кеңінен аша отырып, жалпы адамзаттық сүйіспеншілік құндылығы туралы түсінігін кеңейту

Міндеттері:

 - Оқушылардың бір-бірін жақсы көру, бауырмалдылық татулық түсініктерін кеңейту;

 - Кішіпейілділік, кеңпейілділік қасиеттерін дамыту;

 - Ізгілікке, бауырмалдылыққа, кеңпейілділік аянбай қызмет етуге тәрбиелеу

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді түсінеді.                                                         

Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.

Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Музыка, әдебиеттік оқу сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы                                 5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Мұғалім: Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын.

Күш деген «мен»

Жігер деген «мен»

Ақылдылық деген » мен»

Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда

Танысу тренингі

Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек.  Олар парақтың ортасындағы шеңберге  өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге  өздерінің өмірінде маңызы бар  бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б

  • 5 «Т» ережесін еске түсіру:

  • Тәртіп

  • Талап

  • Тазалық

  • Татулық

  • Тыныштық

- Балалар бүгінгі сабақта «Кеңпейілділік», «Бауырмалдық»сөздерінің мағыналарын ашып, жан - жақты тиянақтап түсіндіруге күш саламыз.

Кеңпейіл,бауырмал деген сөзді қалай түсінесіңдер? «Микрафон» әдісі

Мұғалім  сыйы

Бауырмалдық пен кеңпейілділік Жалпы адамзатты өзара жақындастырып, достастыруға көмектеседі.Бауырмалдық пен кеңпейілділік Адамдарды бір-бірін бауырына тарта білуге, қамқорлық көрсетуге үйретеді.      

 

Шаттық шебері






 

 

 

 

Ортасы

30минут



 

Оқылым.Оқулықпен жұмыс.

Жаңа тақырыпты  Жигсо әдісі арқылы тақырыпты бөліктерге   бөліп, оқуға тапсырма беру.Топтағы бір нөмірлі балалар бір мысалды қарастырып, бірге отырып талқылап, өз топтарына келіп түсіндіреді

Сұраққа жауап беріңдер:

1. Шығармадағы басты кейіпкер 
Ахмет  атаның бойынан 
қандай қасиет  байқадыңдар?
1.Жан ана адамдарға қандай жақсылық жасады?
2. Ауыл адамдарының жасаған 
әрекеттеріне көзқарастарың қандай?
3. Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

Жұппен жұмыс  Айтылым.

Бауырмал кеңпейіл адам болу үшін оның бойында қандай қасиет болу керек?

Жеке  жұмыс  Жазылым.

Бауырмалдық – басты байлық эссе жазу

Топпен ән айту.
Сөзін жазған :Н. Шәкеновтікі

әнін жазған: Б.Байқадамовтікі

Алмалы Алатау асқарынан,
Келеміз көңілді ән шырқап.
Күн сүйген қазақтың жастарынан
Сәлем ал, жалынды жас ұрпақ!
Қайырмасы:
Шаттық әнін
Шырқаңдар әлемге, кел, достар!
Махаббатпен,
Салтанатпен
Адымда, алға бас, жолдастар!
Кең пейіл Отанда қарсы аламыз,
Бақыт құс қонсын деп әр елге
Біз жастар жаңғыртып жар саламыз,
Бейбіт күн болсын деп әлемде!.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы 5 минут

 Рефлексия    Не үйрендің? Не түйдік? «Микрафон» әдісі

 

 

 

Бір-бірімізге мейірімді һәм кешірімді, жанашыр, көркем мінезділік танытып, қамқор және бауырмашыл бола білейік!

 


Пікірлер (3)

Алман Аягөз

Отбасындағы өз міндеттеріңді жаз.

Алман Аягөз

АДАМ ЖАҚСЫ ІСІМЕН КӨРІКТІ

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз