Қарағанды облысы Теміртау қаласы
Теміртау қаласы білім беру бөлімі МКҚК
№21 "Самал" балабақшасының тәрбиешісі
Кенжебекова Раушан Телеубаевна
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Тақырыбы: «Үш дос» әңгімесі
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Көркем әдебиет
Мақсаты: Балалардың достық құндылықтары туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру. Сыйластық туралы түсінік беру. Бір-бірімен тату дос болуға тәрбиелеу. Білімдерін кеңейте отырып, әңгіме кейіпкерлерінің іс-әрекетін көрсете білуге үйрету.
Қажетті көрнекі-құралдар: Терек, жапырақтар мен гүлдер, суреттер, аудио, бейне таспалары.
Қостілдік компонент: Дос-друг, достық-дружба, достар-friends (френдс)
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Амандасу шеңбері: Әуенмен топқа Табиғат –ана кіреді. - Сәлеметсіңдер ме, балаларым! Мен Табиғат-анамын. Жаңа табиғатымды аралап жүріп, мына қурап қалған терекке жолықтым. Сендерден көмек сұрай келдім, мына ағаштың жапырағы мен гүлдерін қалай шығарсам екен. - Сәлеметсіз бе, Табиғат-ана! Қатты жел тұрғанда Мына теректің жапырақтары біздің топқа ұшып келіпті. Біздің балалар сізге көмектеседі. - Мен сендерге үйге жаттап келуге мақал-мәтелдер бердім, қане бір-бірден шығып сол мақалдарымызды айтып, терекке жапырақтары мен гүлдерін орналастырайық. - Балалар, қараңыздаршы терегіміз жайнап тұр. Айтқан мақал-мәтелдеріміз не туралы? - Демек бүгінгі оқу іс-әрекетімізді достық тақырыбына арнаймыз. Ал мына теректі барлығымыз бірге әдеміледік, демек бұл біздің достық ағашымыз. |
Балалар шеңбер болып тұрып, бір-бірімен амандасады Кімнің досы жақсы болса , өзі де жақсы. Дос көңілі шар айна, сындырып алма абайла. Адал досы бар адам бақытты. Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады. Аққуды атпа, досыңды сатпа. Досы көпті жау алмайды. Жаман дос көлеңке. Көп достардың арасында адал дос аз. Балалар терекке жапырақтар мен гүлдерді орналастырады.
|
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
|
- Балалар, сендер дос дегенді қалай түсінесіңдер? - Сендердің достарың бар ма? Тақтадағы суреттермен жұмыс. - Мен сендерге қазір бір әңгімені оқып беремін , мұқият тыңдайық. Бір күні Серік далаға өзінің өрт сөндіретін машинасын алып шығады. Оны көрген Қанат, біз доспыз ғой, бірге ойнайық,-дейді. Серік бірге ойнауға келіседі. Қанат, машина келе жатыр, былай тұрыңдар, -деп айғайлай бастайды. Оны естіген балалар бізде бірге ойнайық деп жүгіреді. Ал, Қанат болса, мен Серіктің досымын, мен ғана ойнаймын, -деп, машинаны оларға бергісі келмейді. Балалар оған ренжіп қалады. Ал екінші күні Арман далаға вагоны бар паравоз алып шығады. Қанат тағы Арманға жүгіріп келіп, Арман мен сенің досыңмын ғой, бірге ойнайықшы, - дейді. Екеуі ойнап жүргенде Серік келіп, менде ойнаймын ,- дейді. Жоқ, сен ойнамайсың ,-дейді Қанат. Кеше сен менімен дос едің ғой, - дейді Серік. Қанат болса, ол кеше болатын, ал бүгін мен Арманмен доспын, өйткені ол паравоз әкелді, -дейді. «Ұяшықты таңда» ойыны. Шарты: Экранда көрсетілген ұяшықтардан балалар өздеріне ұнаған ұяшықты таңдайды. Ұяшық бетінде берілген сұрақтарға жауап береді. 1.- Балалар, Қанатты дос деп санауға бола ма? Неге? 2. - Қанат дұрыс істеді ме, ол нені қызғанды? 3. -Сендер Қанатпен дос болар ма едіңдер? 4. Достарыңның атын ата. Сергіту сәті. - Шеңбер құрып тұрайық.Біз шеңберге тұрғанды неліктен жақсы көреміз? Шеңбердің бұрышы болмайды, сондықтанда бақыт, қуаныш, достық адасып қалмайды. Өздерін күткен мейірімді адамға жолығады екен. Достар бірге жүреміз. Енді бәрің де отырып, қолдарыңа айнаны алыңдар. Айнаға қарап көңілсіз адамды көрсетеміз, енді күліп, қуанамыз. Жақсы енді достарыңды көргенде қандай көңіл-күйде болатындарыңды алдырыңдағы шарға бейнелейміз. Сұқ саусақтарыңды суға бір малып алып сұйық бояуға маласыңдар да, шарға басып саласыңдар. Шарды сол қолдарыңмен ұстап отырасыңдар. Енді жұмысқа кірісейік. Әр баланың қасына барып, бағыт беріп, қадағалау. Сергіту сәті: Армысың, досым! |
Достар бір-бірін алдамайды, ренжітпейді, бір-біріне көмектеседі. ия Балалар әңгіме құрап айтады.
Балалар зейін қойып, мұқият тыңдайды.
Ұяшықтарды ашып, сұрақтарға жауап береді. Жоқ Жоқ, ол ойыншықтарды қызғанды. Жоқ
Шеңберге тұрып, қимылмен көрсетіп орындайды. Балалар өз көңіл-күйлерін бейнелейді.
Қимылмен көрсетіп орындайды. |
Іс-әрекетті бақылау кезеңі |
Оқу іс-әрекетімізді «Достық неден басталады?» ойынымен қорытындылайық. Мен сендерге достық туралы сөздер айтамын, сендер оған «ия» немесе «жоқ» деп шапшаң жауап бересіңдер. (Татулықтан, сыйластықтан, алдағаннан, көмектесуден, төбелескеннен, өтірік айтқаннан, бірге ойнағаннан, шымшудан, ренжісуден, ойыншығы мен тәттілерінен бөліскеннен.) Жиналамыз сәтті күні бәріміз де, |
Балалар шапшаң жауап береді.
Балалар бірге қосылып айтады. |
Не біледі: Әр баланың досының болуы, достықтың маңызын білу керек.
Қандай түсініктерді игерді: Достық екі жақтың бір-біріне деген сенімі, көңілі, көмегі арқылы мықты болатынын түсіну.
Меңгерген дағдылары мен түсініктері: Әр түрлі жағдайларды көрсету.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі