Өлең, жыр, ақындар

Анашым ақ гүлімсің

Мағжан Жұмабаев ауданы
Фурманов орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Уринбаева Хирмизи Қадирбайқызы

Тәрбие сағаты
Анашым ақ гүлімсің

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға 8 наурыз мейрамын қастерлеу сезімін дамыту, олардың аналарға деген балалық махаббатын,  бірге оқитын қыздарға деген сыйластығын арттырып, ана еңбегін ардақтап, құрметтей, білуге тәрбиелеу. Оқушылардың логикалық ой-өрісін,  тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Анамызға мың алғыс, Көктем-Ана, нақыл  сөздер. Бәйшешек гүлінің  суреті. Аналарға  сыйлытар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

1 бөлім. Үнтаспадан баяу әдемі бір әуен естіліп тұрады.

Мұғалім: Құрметті асыл Аналар, әжелер, қыздар, қадірлі ұстаздар. Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенге көктемнің алғашқы  хабаршысындай болып Аналар  мерекесікелді. Бәйшешек нәзіктігіне қарамастан, қалың  қардың астынан бүршік жарса, біздің асыл  аналарымыз да, соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді. Аналар, көктемгі күндей  жарқырап, гүлдей құлпырған гүл  мерекелеріңіз, күн  мерекелеріңіз құтты   бөлсын. Енді "Анашым-ақ гүлімсің" аттты мерекелік тәрбие сағатын бастаймыз. 

2 бөлім

1. Иқпал.
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Бәрі. Құрметті біздің Аналар.

2. Талғат. Кім ойлап тапқан
«Ана» деген сөзді
Сөздерді ең аяулы.
«Аға» деген сөзді де,
Жақсы көріп жаттадым
«Әке» деген сөзді де,
Енді білдім оларды
«Тәтті» деген сөзді де
«Апа» деген сөзді де,
Кімнің ойлап тапқаны.
Бәрі. Ойлап тапқан балалар.

3. Мирасбек. «Күнім» «Жаным» дегенді
«Ботақаным» дегенді
«Құлыншағым» дегенді
«Қошақаным» дегенді
«Айналайын» дегенді
«Толған айым» дегенді
Бәрі. Ойлап тапқан  Аналар

4. Мұғалім бірге. Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Хор. Олең «Ақ мамам»

5.Мырамбек Әлпештеген, аялаған
Ақ сүт берген анашым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңызбен құттықтаймын.
Аналарға сыйлықтар тарату

ХОР. Өлең «Балдаурен»

3. Бөлім  «АЛ, қанеки, өнерлі қыздар» сайысы

1-Таныстыру Арулардың  өзін  ұстауы, сөйлеу мәнері.
2-Білгенге маржан сұрақ- жауап
3-Түйме қадау

Түймем түсіп қалғанда,
Жалынбаймын жалғанда
Ине, жіпті аламын,
Орнына әкеп тағамын деп ендігі сайыс түрі түйме қадау

4-Бантик байлау
«Адам көркі - шүберек,
«Ағаш көркі - жапырақ» демекші енді қыздарымыз шаш әсемдеп, соған бантик байлау үлгісін көрсетеді. Бірге тамашалайық.

5-Өз өнерін көрсету.
Кел биле, кел биле, бал дәурен,
Бағында базарлы өмірдің.
Көктемдей құлпырып жас дәурен,
Шалқытсын күйлерін көңілдің.

4. Қорытынды
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жарысқанда,
Әрдайым бір-біріңнен қалыс қалма.
Береді әділқазы әділ баға
Құлақ салып тыңдап тұр алыстама

Әділқазы алқасы өз бағасын беріп, марапаттау

Хор. «Әрқашан күн сөнбесін»


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз