Өлең, жыр, ақындар

Өзендер

Жалпы білім беретін № 9 орта мектептің
география пәнінің мұғалімі
Күзембаева Айнагүл Қылышбайқызы

              
Сыныбы: 6 ә
Пәні: география  
Пән мұғалімі: А.Күзембаева
Тақырыбы: Өзендер
Мақсаты: өзен және оның негізгі элементтері, шоңғалдар мен сарқырамалар жайлы ұғымдарын қалыптастыру; жер бедері, тау жыныстары мен өзен ағысы сипатының байланысын түсіндіру; өзендердің суға молығуы және өзендерді шаруашылықта пайдалану туралы түсінік беру; өзенге сипаттама беру тәсілін меңгеру.
Дамытушылық: Кескін картаға өзендерді түсіру арқылы оқушылардың карта, кескін караталармен жұмыс істеу біліктерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Өзен суының шаруашылықта пайдаланылуы туралы білім беру арқылы табиғат суын қорғау мәселелерін қарастыру.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: жұптық, топтық, жеке жұмыс.
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық.
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас, бейнежазбалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын орындау кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үйге тапсырма беру кезеңі

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық ахуал
«Мен өмірді сүйемін себебі....» оқушылар жалғасын айтып бір-біріне ізгі ниеттерін білдіреді. Топқа бөліну. Мозайка әдісі арқылы өзендердің атауларын құрастыру арқылы 4 топқа бөлінеді. Өз топтарынан көшбасшыларын тағайындайды.  
І топ   Ертіс
ІІ топ  Есіл
ІІІ топ  Сырдария
ІV топ Тобыл
Бағалау парақшасымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасы  Миға шабуыл
1. Қандай жер қабықтарымен таныстық?
2. Судың тұздылығы дегеніміз не?
3. Тұздылықты өлшейтін өлшем бірлік?
4. Цунами дегеніміз не?
5. Дүниежүзінде неше мұхит бар? Оларды картада көрсет.
6. Ең үлкен мұхит. Оны картада көрсетіңіз.
7. Таза суды кермек суға айналдырыңыз.

ІІІ. Жаңа сабақ
Өзен дегеніміз – табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су Қазақстанда ірілі - ұсақты 85 мың өзен бар. Өз ауданымызда да өзендер мен көлдер бар.
Есіл ағады әнін тыңдалады. (әннің атауын табу арқылы жаңа сабақ тақырыбын табады)
Өзен туралы ақпараттар беріледі.
Тақырыпқа сай бейне жазба көрсетіледі. (Bilimlad.kz)

ІV. Меңгерту
1 тапсырма «Ойлану ойға жетелейді» Қазақстан өзендері туралы постер қорғау
І топ     Ертіс
ІІ топ    Есіл
ІІІ топ   Сырдария
ІV топ  Тобыл

2 тапсырма «Кім тапқыр»
І топ - Венн диаграммасын құру. Жазық өзендері мен тау өзендерінің ұқсастығы мен айырмашылығын жазу.
ІІ топ - Өзен бөліктерін ретімен орналастырыңыз (бастау, сала, атырау, жайылма, саға)
ІІІ топ - Терминдермен жұмыс
1. Өзеннің аңғары
2. Жайылма
3. Өзен жүйесі
4. Өзен алабы
5. Өзеннің режимі
6. Өзеннің сабасына түсуі

ІV топ - Сәйкестендіру
Экваторда орналасқан өзендер              қар суымен толығады
Тауда орналасқан өзендер                        жаңбыр суымен толығады
Қоңыржай ендікте орналасқан             өзендер   мұз суымен толығады

3 тапсырма
«Қызықты хат» Қазақстанның жер –жерінен келген хаттарына, қызықты тапсырмаларына жауап беру
І топ
№1 хат Каспий алабынан
Өзендер туралы ақын жазушылардың өлеңінен, әнінен үзінді оқу (Ы.Алтынсарин «Өзен»
Таулардан өзен ағар арқыраған
Айнадай сәуле беріп шашыраған
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпты
Аралап тау мен тасты арқыраған
Көңілің суын ішсең ашылады
Денеңде бар дертіңді қашырады
Өкісген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рахат тауып басылады.

ІІ топ
№2 Арал теңізінің тұрғындарынан
Өзен туралы мақал-мәтел айту
(1. Өзен талымен көрікті
Өріс малымен көрікті
2. Өткелсіз өзен –
Асусыз кезең  
3. Өткелін білмей
Өзенге түспе )

ІІІ топ
№3 Балқаш-Алакөл алабынан хат
Өзен туралы жұмбақтар айтыңыздар
(туған жердің белбеуі
Шұбатылып қлыпты
Керемет-ау кернеуі –
Тасты кесіп, жарыпты!

ІV топ
№4 Солтүстік Мұзды мұхит алабынан   
Өзен туралы қандай ән білесің
(арыс жағасында, Есіл ағады, Ақ жайық)

4 тапсырма
 «Гүлді себет»
Түрлі –түсті қағаздарға әр түрлі гүл суреттері  орналасқан. Әр бір гүлдің астында тау өзендері мен жазықтағы өзендерге қатысты белгілер жасырылған. Гүлдермен бос себеттерді толықтыруымыз керек.
1. Беткейлері тік
2. Жартасы тар аңғар
3. Ағысы баяу
4. Кеме қатынасы үшін қолайлы
5. Есіл
6. Нұра

5 тапсырма
«Алтын сақа» картамен жұмыс
Бейне жазба көрсетіледі
(әрбір топ кезек-кезек қоржыннан  асықтарды алады, әрбір асықта бір сұрақ жасырылған,  соған топ мүшелері бірі жауап беріп картадан көрсетеді)
1. Дүние жүзінде неше мұхит бар және оларды ата, картадан көрсет?
2. Ең суы мол өзен?
3. Ең ұзын өзен?
4. Ең суы лай өзен?

V. Бекіту тапсырмалары
1. Ең биік сарқырама?
2. Өзеннің аңғары дегеніміз не?
3. Біздің елімізде қай өзендерде су электор стансалары жұмыс істейді?
4. Bilimlad.kz сайтынан тапсырмалар орындау  

VІ. Рефлекция  «Аралар ұяшығы»
Сіздерге аралардың ұясы орналасқан парақ үлестіріледі. Бүгінгі сабақ бойынша не білгеніңізді, не үйренгеніңізді ұяларға орналастырсаңыздар.

VІІ. Бағалау

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

«Ойлану ойға жетелейді»

«Кім тапқыр»

«Қызықты хат»

«Гүлді себет»

«Алтын сақа»

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VІІІ. Үйге тапсырма
Туған өлкеміздің өзендерін сипаттау жазу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер