Ақтау қаласы
«№21 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
жанындағы «Ақбұлақ» шағын орталығы
Тәрбиеші: Күйкішова Бибінұр
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз атаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Сайқымазақ, балалар, ата–аналар.
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдвң иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі-екіден кіреді)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін балабақша меңгерушіге Жұмасатова Ғайни ханымға беріледі.
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән:«Жаңа жыл келді» (хормен)
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағыәсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?
Байтұрсын:
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Назерке:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Кел балалар, келіңдер,
Шырша тойын көріңдер.
Дулыға:
Тамаша, тамаша,
Шыршамызтұржараса.
Басындаәсемжұлдызы,
Көзтоймайдықараса.
Елсая:
Жаңа жылмен шаттанып,
Жаңарады бар дала.
Шырша тойын тойлайды,
Дөңгеленіп бар бала.
Би: «Қуыршақ»
Жүргізуші: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Сайқымазақ атып шығады.)
Сайқымазақ: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы!
Ойын: «Кім жеңеді?» (4 орындықпен)
Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Жүргізуші: Аязата келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық.
Балалар: Аязата, Аязата.
Аязата: Сәлематсыңдар ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Тарасам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой.
Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқа тшамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқа тшамдарыңды жарқырат. (қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.
Аязата: Балалар, менің қаршақызым қайда жүр екен, кім тауып береді екен маған?
Шұғыла:
Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып.
Алия:
Біздің байтақ далада,
Асқар тауда, қалада.
Биыл ғажап іс болды,
Таңғажайып қыс болды.
Жансері:
Біздің балабақшада,
Шырша тойы болады.
Аяз ата, Ақшақар,
Біздермен мәз болады.
Ажар:
Далада қар борайды,
Ақ мамаыққа орайды.
Би: «Гномиктер»
Аязата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтардан кейін кідірмес. Сайқымазақ балам, сыйлықтарын берейік тақпақ айтқан балаларға.
Жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?
Ертегідей орманнан
Көктей өтіп келеді.
Сұңқар бойлы бір сұлу
Табынаршы, аты кім?
Балалар: Ақшақар! (музыкамен Ақшақар кіреді)
Ақшақар: Сәлеметсыңдарма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар! Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызылмұрын, ақмұртты білсең атын тез ата, келеді бізге.....
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі....
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсізбір бала жоқ, ойын – күлкі таралсын. Құтты болсын....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жаңа жыл келеді.
Жаңа жыл: Кім десендер, мен жаңа жылмын, Итпін. Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.
Аязата: Бәрекелді, ал, енді балалар тақпақтарын айтып берсін.
Медина:
Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!
Данияр:
Қуантып енді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді.
Алишер:
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аязатаны.
Диас:
Қыс келді, Қыс келді.
Ақтарып ақ қарды.
Әділжан:
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аязатаны.
Ақшақар ойын ойнатады.
Айдана:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып- жылтыр болып жатады.
Азамат:
Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін,
Төрімізге ол шыққан.
Інжу:
Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз «Жаңа жыл!» әнін жақсылап айтып жіберейік, Аязатамызбен Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар, Сайқымазақ бәріміз!
Ән: «Жаңа жыл!»
Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.
Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кезкелді.
Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аяз ата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі