Куанишова Бахыт Сапаргелдиевна
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№12 бастауыш мектеп
Математика, 1 – сынып. |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Бөлім: Жиын және логика элементтері Бөлімше:Заттардың комбинациялары О.б.т: Комбинациялау. (114-115-б.) |
||
Оқу мақсаты |
1.4.1.2.жиынды элементтердің белгілері бойынша жіктеу(нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) 1.4.4.1. қоршаған ортадағы заттардан екі-екіден комбинациялар жиынын құрастыру |
||
Сабақ мақсаттары |
1. Комбинация ұғымын біледі. |
||
Бағалау критерийлері |
• Қоршаған ортадағы заттардан екі-екіден комбинациялар жиынын құрастырудың тәсілдерін анықтайды. |
||
Сөздік қор |
Комбинациялау, жұп, топтастыру, жинақтау. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Топпен жұмыс істеу және басқа адамдардың пікірін құрметтеу, өз жұмысын таныстыру. |
||
Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы |
Сыныптардағы парталардың орналасу реті, сергіту сәтінің қауіпсіз әрі ширақ қимылдау. |
||
Пәнаралық байланыстар |
«Көркем еңбек» - фотоальбомға сурет сал тапсырмасында фото жабыстырады. «Дүниетану»- «Сиқырлы қорап» әдісін қолданып, тапсырманы орындауда кәмпитті көп мөлшерде жеу зиян екенін айтып кетеді. |
||
Алдынғы меңгерілгенбілім |
Жиынды, топтастыруды біледі. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс–әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 5 минут |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Қимыл-іс әрекет арқылы сәлемдесу». Оқушылар жұппен тұрады. Сәлемдесу сөздерін, сонымен қатар оны қандай қимылмен бірге орындау керек екенін де айтамын. - Сәлем досым!-қол алысады. - Қалың қалай?- арқасынан қағады. - Қайда болдың?-құлақтарынан тартады. - Сағындық қой - өзіне кеудесін қысып көрсетеді. - Келдің бе? - құшағын жаяды. - Жақсы - құшақтасады. - Сендер әр қатарда нешеуден тұрсыңдар? - Демек, екі-екіден тұрып не құрдыңдар? (жұп) Топқа бөлу: Жиындарды сурет арқылы тауып топқа бөлу. «Фигуралар» «Сандар», «Құралдар», «Әріптер» тобы. |
|
|
Сабақтың ортасы 25 минут |
М/К 1. - Балалар, сендердің сүйікті ойыншықтарың бар. Үстелде ойыншықтар тұр. Тапсырма: Әнел 2 ойыншықты жақсы көреді. - Олар қандай ойыншық болуы мүмкін? (қуыршақ-доп, доп-пирамида, қуыршақ-пирамида) - Не байқадыңдар? (заттардың орнын ауыстырдық,әр түрлі тәсілмен таңдап алдық) - Неше түрлі тәсілмен топтастырдық? (3) Қ.Б. Дескриптор • Заттарды екі-екіден топтастыруды біледі. - Демек, балалар, кез-келген заттардың орнын алмастыруға, оларды әр түрлі тәсілмен таңдап, топтастыруға болады. Бұны комбинациялау деп атайды. Бұл сөз біздің тілімізге орыс тілінен енген сөз. Комбинация-комбинация-kombination. 2-тапсырма.Т.Ж. «Сиқырлы қорап» ойыны. Қорап топтарға беріледі. Қорапқа шоколад және карамель кәмпиттер салынған. Оқушылар қораптан 2 кәмпиттен алады. Бұл қандай кәмпит болуы мүмкін? Әр топ өз нұсқаларын айтады. Қ.Б. Дескриптор • Заттардың комбинацияларын құрастырады. 3-тапсырма. Таңдап көр әдісімен оқушылар Ләззатқа жаңа киімін қалай киюге болатын нұсқаларын айтады және қанша нұсқа шығатынын есептейді. Әр топтан бір оқушыдан шығып өз нұсқасын ұсынады. Қ.Б. Дескриптор • Заттарды комбинациялауды біледі.• Комбинация нұсқаларының санын есептейді. Сергіту сәті. Оқушыларға сыныптың кең жеріне шығуды ұсынып ойын ұйымдастыру. Оқушыларға жұп құрап тұруды ұсыну. Жұп құрып тұрғаннан кейін жұптар қозғалып жүруі керек. Жүргізуші «комбинациялау» деп дауыстап айтқанда жұптар орындарын ауыстырып, жаңа жұптар құрастырылады. Соңғы жұп ойыннан шығады. «Ойлан, жұптас, топтас» әдісі бойынша топтарға 109-110- парақтағы түрлі түсті қарындаштар пайдаланып, бояу арқылы комбинациялар құрастыру ұсынылады. |
|
|
Сабақтың соңы |
Кері байланыс. Бағалау Рефлексия. «Табыс баспалдағы» Білемін .... Түсінемін .... Жасай аламын .... |
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі