Қысқа мерзімді жоспар
| Сабақ тақырыбы: Ойын техникасының дағдысын дамыту | Мектеп: Қызылтаң ЖББОМ Күні:30.06.17. Класс: 6 | ||||
| Мұғалімнің аты-жөні: Бейсекенова Майра Тлектесовна | |||||
| Қатысқандар саны: 12 Қатыспағандар: | |||||
| Осы сабақты меңгеруге көмектесетін оқу мақсаттары: | 6. 1. 3. 3. Арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде дағдылар мен реттіліктерді түрлендіре білу. | ||||
| Сабақтын мақсаты: | Оқушылардың барлығы орындай алады: | ||||
| Әр команда ойыншылары өз алаңында орналасып орын ауыстыра алады | |||||
| Оқушылардың көпшілігі орындай алады: | |||||
| Доппен орындалатын жаттығуларды үйлесімді орындай алады | |||||
| Оқушылардың кейбірі орындай алады: | |||||
| Екі қолмен допты жоғарыдан бере алады Допты төменнен қабылдай алады | |||||
| Тілдік мақсат: | Волейбол – мағынасы/ волей-қалқып ұшу/, бол-/доп/; допты ойынға қосу – падача; доп ойыннан тыс қалды - аут. | ||||
| Диалог: | Волейбол ойыны не береді: жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді, бұлшық еттерді дамытады, секіргіштік, икемділік, қозғалысын дамуына көмектеседі, топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелейді. | ||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар Бағалау | |||
| Сабақтың басы 
 10 минут | Сапқа тұрғызу. Салемдесу Қауіпсіздік нұсқауды орындау керек екенің ескерту. Оқушылардың белсенді қатысуы үшін арнайы жалпы дамыту жаттығулары Саптық жаттығулар: Оңға, солға бұрылу Жүру жаттығулары: Аяқтың ұшымен, өкшемен, жартылай отырып, толық отырып Жүгіру жаттығулары: Бір қалыпты, тізені көтеріп, аяқты артқа сермеп, оң, сол жанмен. | 
 
 
 | |||
| Сабақтың ортасы 
 
 10 минут 
 
 
 
 10 минут 
 
 10 минут | Оқушыларды сапқа тұрғызып екі топқа бөліп қарама-қарсы тұрып жұптық жаттығулар Екі қолмен допты жоғарыдан беру: - екі қолмен допты кеуде тұсынан серігіне лақтыру; - екі қолмен допты жоғарыдан бір-біріне қайталап беру; - бір–біріне тордан жоғары көтеріп беру. 2. Допты төменнен қабылдау: - бір оқушы допты құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап қайта береді, - бірінші оқушы допты еденнен құрбысына береді, құрбысы төменнен қабылдап қайта береді,. - бір оқушы үстинен береді екінші ойыншы төменнен қайтарады 3. Жеңілдетілген ережемен ойын. | волейбол доптары, ысқырғыш 
 өз- өздерін бағалау 
 
 
 
 өз- өздерін бағалау 
 
 өз- өздерін бағалау | |||
| Сабақтың аяғы 5 минут | Сапқа тұрғызу - нені үйрендім? өз алаңында орналасып орын ауыстыра алуды және доппен орындалатын жаттығуларды үйлесімді орындауды - нені жетілдіруім керек? екі қолмен допты жоғарыдан беруді - нені үйрене алмадым? допты төменнен қабылдауды | 
 | |||
| Саралау | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлаймыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау | |||
| 1. Сыныптағы дайындығы төмен оқушыларға арнайы жаттығулар ұсыну, өзінің мүмкіндігіне сенімділігі арттыру. 2. Қабілеті жоғары оқушыларды волейбол үйірмесіне тарту. 
 | Оқушы лента байлау арқылы бағалау(қызыл, сары, көк). 1. Оқушылардың белсенділігі және сабаққа ынтасына. 2. Қозғалыстағы жаттығуларды орындау деңгейіне. 3. Сабақта берілген ойын элементтерін орындау техникасын бақылау. | 1.Волейбол сабағына сай спорт киім кию/тізеге, шынтаққа кию/ 2.Өте жоғары ұшқан допты секіріп қабылдамау 3.Оқушылардың бір-бірімен соқтығысып қалмауы; | |||
| Бағалау критерийі | Дескриптор Білім алушы | Балл | 
| Әр команда ойыншылары өз алаңында орналасып орын ауыстыра алады | Ойын ережесін және ойыншының тұрысын анықтайды | 3 | 
| Доппен орындалатын жаттығуларды үйлесімді орындай алады | Қолмен, аяқпен және кеудемен жұмыс жасауда, іс-әрекетті айтады | 3 | 
| Екі қолмен допты жоғарыдан беру | Жаттығуды талапқа сай, қатесіз орындайды | 3 | 
| Допты төменнен қабылдау | Допты төменнен қабылдауда, қос қолмен жұмыс жасауды көрсетеді | 2 | 
| Барлығы: | 
 | 1 | 
aseke
Саламатсыздарма
Мына бағдарлама өте керемет жасалған екен,Рахмет маған ұнады айта кететін болсам дене шынықтыру сабағына көбірек видео ашық сабақтар салынса жақсы болар еді.