Өлең, жыр, ақындар

Ө дыбысы мен әрпі

«№21 жалпы білім беру орта мектебі» ККМ
Суинова Күланда Суиновна

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ө дыбысы және әрпімен танысу. Сөзді буынға бөлу дағдыларын одан әрі дамыту, ауызша және жазбаша жазу икемділігін арттыру.
Білімділік: Оқушыларға дыбыс, әріп, буын жайындағы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Сөздік қорын көбейту, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге дағдырландыру, әдемі, таза жазуға жаттықтыру.
Тәрбиелік: Бірін-бірі сыйлауға, ұйымшылдыққа, бірін-бірі тыңдай білуге, топпен жұмыс істей білуге үйрету.
Оқу іс-әрекетінің әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, дәптер, кесте слайд, интерактивті тақта, асықтар.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
1.  Ұйымдастыру кезеңі.
•  Психологиялық дайындық.
•  Сергіту сәті:
«Мектебім» әні.
•  Оқушыларды қарым-қатынасқа дайындау.
•  Оқушылардың субъективті  тәжірибесін өзектілеу кезеңі.
1-тапсырма. «Кім жылдам?» дидактикалық ойын.
Ойын шарты: суреттерге қарап, олардың қандай әріптен басталады, буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.
І. Негізгі бөлім:
•  Оқушылардың сабақты қабылдау ,түсіну ,есте сақтау кезеңі.
•  Жұмбақ: 1. Сарғайып отсыз піседі,
Үзіліп жерге түседі. (Өрік)
2. Таудан сарқырап ағады,
Салаға барып құяды. (Өзен)
3. Екі көрші бәрін көреді,
Бірін-бірі көрмейді.(Көз)
•  Ө дыбысымен танысу. Ө дыбысын айтқызу, дауысты екенін айтқызу.
2-тапсырма. Дискімен жұмыс:
«Сөзді есіңе сақта» ойны.
Ойынның мақсаты: балалардың сөздік қорын көбейту, қабілетін арттыру.
Интерактивті тақтаны пайдалану.
I – топ. Суреттердің атын атау
II – топ. Буынға бөлу.
III – топ. Сөйлем ойлау.
IV – топ. Схема жазу.
3-тапсырма. Дәптермен жұмыс.
•  Суретпен жұмыс.
•  Өзен, өрмекші, өрік, көбелек сөздеріне дыбыстық талдау жасау, тақтада жазу, буынға бөлу.
I – топ. Өрік.

II – топ. Өзен.

III – топ. Өрмекші.

IV – топ. Көбелек.

•  Дәптердегі буындарды, сөздерді оқу. Хормен оқу.
•  Жазу жұмысы:
Ө дыбысын ауада жазу, сосын дәптерге жазу. Сызба бойынша сөйлем құрау.
Сергіту сәті:
Өлең жаттау.
Көбелектің көбін –ай,
Қызылын - ай, көгін – ай,
Өзім ұстап алар –ем,
Қармағымның жоғын – ай.
 4. Қорытындылау.
Жаңа білімді, іс-әрекетті қорытындылау кезеңі.
1. Сыныптағы жеке оқушыларды, топты мадақтау.
2. «Не үйрендік?». Оқушылардың сабақтан алған әсерін, көңіл–күйін әңгімелеу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз