Өлеңдер Бөлімі

Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды

ҰМЖ тарауы:

2 А бөлімі  Қос дөңгелекті арбалар және империялар

Мектебі: И.Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернаты

Пәні

Дүние жүзі тарихы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абикенова Бану Муратовна

Сынып: 5

Қатысқандар -

Қатыспағандар -

Сабақтың тақырыбы

Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды

Оқу мақсаттары

5.3.2.1 – ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану;

5.3.2.2 – басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін  талдау

Сабақ мақсаты

Барлығы: Ежелгі Вавилон мемлекетінің саяси тарихын біледі:

Көбісі: Хаммурапи патшаның заңдарын талдайды:

Кейбірі: Хаммурапи патшаның шапқыншылықтарын сипаттайды:

Ойлау деңгейі

 Қолдану

Бағалау критерийі

Хаммурапи патшаның заңдарының мақсатын талқылайды

Вавилонды қуатты империяға айналдыруда Хаммурапи заңдарының ықпалын дәлелдейді

Хаммурапи патшаның тұсында Вавилон империясының басып алған мемлекеттерін анықтайды

Вавилон империясының Хаммурапи патшаның кезіндегі шекарасын анықтайды

Тілдік мақсаттар

Негізгі ұғымдар:Заң, шенеунік, иерархия.

Талқылауға арналған сұрақтар:Заң дегеніміз не?Хаммурапи патша қандай заңдар енгізді?

Диалогқа арналған сұрақтар:Қалай ойлайсыздар Хаммурапи патша Вавилонды қуатты мемлекетке айналдыру себебі неде?

 Жазылымға арналған тапсырмалар: Картамен жұмыс

Құндылықтарға баулу

Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық

Ресурстар

Интерактивті тақта, оқулық, суреттер, слайдтар, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, Дүниетану

Алдыңғы білім

Қос дөңгелекті арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті

Сабақтың барысы

Жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Басталуы

         2 минут

 

      

5 минут

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру

Топтастыру Ежелгі Египет, Ежелгі Вавилон, Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай елдері бойынша топтарға бөлу.

Бастапқы ынталандырушы материал

Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Шарлар әлемі»

Мақсаты: оқушылардың сенімділігін, қызығушылығын, мейірімділігін, танымдық көзқарасын арттыру.Шарты: әр топтың оқушыларына шарлар беріледі. Шарлардың түстеріне қарап бүгінгі күнге жақсы сөздер айтылады.

(Ұ) Ирек сызығы. Шарты: оқулықтағы берілген тапсырманы оқып шығады. Әр топ берілген сұрақтар арқылы кезектесе жауап береді.

1. Заң дегніміз не?

2. Вавилон патшалығы туралы не білеміз?

3. Хаммурапи қашан билікке келді және қандай саясат жүргізді?

4. Иерархиялық жүйе дегеніміз не?

5. Шенеунік деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Бағалау. Басбармақ

      Ортасы

 

12 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту кезеңі

4 минут

 

 

 

 

 

 

Аяқталуы

5 минут

     

2 минут

(Т) Кестемен жұмыс. Тапсырма (Екі топқа)

Төмендегі кестеге Хаммурапи патшаның заңдарын жіктеңіз және сұрақтарға жауап беріңіз:

Адамдар арасындағы қатынастар туралы

Тұрғындардың жағдайы туралы

Қылмыс туралы

Заңның мемлекеттің күшеюіне әсері қандай болды?

 

 

 

 

 

 

А) Вавилонды қуатты империяға айналдыруда Хаммурапи заңдарының ықпалы болды ма?

В) Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.

Дескриптор: Хаммурапи патшаның заңдары атайды;

- адамдар арасындағы қатынастар туралы заңдарды сипаттайды;

- тұрғындардың жағдайы туралы заңдарды сипаттайды;

- қылмыс туралы заңдарды сипаттайды;

- Хаммурапи заңдарының Вавилон империясының күшеюіне әсерін анықтайды;

- Вавилонды қуатты империяға айналдыруда Хаммурапи

заңдарының ықпалын дәлелдейді.

(Т) Картамен жұмыс.Тапсырма(Екі топқа)

Төмендегі берілген мәтінді және картаны пайдалана отырып:

- Хаммурапи патшаның Вавилонға бағындырған мемлекеттерді анықтаңыз;

- Хаммурапи патша кезіңдегі Вавилон шекарасындағы өзгерістерді талдаңыз.

Хаммурапи б.з.б. 1792 - 1750 жылдар аралығында патшалық етті. Ол өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде ежелгі дүниедегі талантты елбасыларының қатарына қосылды. Хаммурапи қарсыластарын жеңе отырып, Қосөзенді Вавилонның қол астына бағындырды. Сөйтіп, бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығын құрады. Хаммурапи ол елдердің құдыретті билеушісіне айналады.

Дескриптор: - Вавилон империясы бағындарған мелекеттерді анықтайды;

- Хаммурапи тұсындағы Вавилонның шекарасындағы өзгерістерді талдайды.

Бағалау. Шапалақ

«Вавилон» туралы бейнебаян көру

(Ж) Кері байланыс –  Рефлексия пирамидасы

1. Мен үйренген 4 мәлімет

2. Мен білген 3 мәлімет

3. Көбірек білгім келген 2 мәлімет

5. Есте сақтау үшін ең керек 1 мәлімет

Үйге тапсырма   «Егер мен Хаммурапи патша болсам» тақырыбында эссе жазу

Сабақты қорыту


Қарап көріңіз

Пікірлер (1)

Ақниет

Қуатты империялардың паида болу себептері қандаи

Пікір қалдырыңыз

×