Тәрбиеші: Убишева.Э.Б.
Мақсаты: Оқушыларды ата-ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті қайырымдылықты, қамқорлықты кішіпейілдікті дамыту.
Оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталары сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру.
Көрнекіліктер: тақырыбы, нақыл сөздер.
Барысы: Құрметті қонақтар, ақ жаулықты әжелер кең пейілді аталар, ұстаздар, оқушылар 1–қазан қаттар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қарттарым – асыл қазынам» атты іс- шарамызға қош келдіңіздер.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 ж 14 желтоқсан айында өткен кезекті отырысында 1- қазан – Қарттар күні деп белгіленгеннен бері жыл сайын елімізде аталып келеді, міне біздің мектебімізде бастауыш сынып оқушыларының қатысуыменен мерекені атап өткеліміз.
Бүгінгі кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Абзал Демеуұлына беріледі.
Мерекеңіз құтты болсын ата-апа
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің
Кенеліп бір ілтипатты батаға
1- жүргізуші
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар
Ақыл кенін арқалаған аталар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғыншақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй өлең мен би
сіздер үшін мереке шашулары
2- жүргізуші
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әр қашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар
1-жүргізуші
Жадыраймын жадырайын
Көңілденіп күлемін
Жанар ма деп талабым
Ата-ақылын тыңдаймын
Ән «Жақсы көрем» орындайтын 3- сынып оқушылары Серғазы Малика, Серік Ақерке.
2- жүргізуші
Өздерің болсаң жанында
Ел іші жомарт еңселі
Дән исі сіңген қанында
Даламның бір-бір бөлшегі.
Ортада 2- сынып оқушылары сіздерге өлең жолдарын арнайды.
1- жүргізуші
Той деп бүгін халқым шашу шашады
Той деп бүгін әлем сырын ашады
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
«Балдырған» биі алдарыңда даярлық сынып оқушылары.
2- жүргізуші
Кеше ол да дәл сендей
Жас болғанын ұмытпа
Дүние кезек достарым
Қарттардың көңілін суытпа.
Ортада өлең шумақтарымен 3-сынып оқушылары
1- жүргізуші
Ата-әже мақтанышым менің де
Қонақ болып отыр менің төрімде
Өзіңе арнап балдай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді менің де.
Ән «Әжеме» орындайтын 1-сынып оқушысы Төлеген Милана
2- жүргізуші
Қарттарым жүректерің неткен дархан
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір-бір дастан
Таң атып күн де шыққан өздеріңнен
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен
Тербедің көктем бағын самал болып
Өсиет айтқан жастарға сөздеріңмен
Көрініс ортада 4-сынып оқушылары
1- жүргізуші
Бала деген бал екен
Бал дегенің бала екен
Немеренің бойында
Бар жақсылық бар екен
Туған балаң жай ғана
Демесеңде жат бөтен
Нағыз бала ойласаң
«Немере» екен тәтті екен.
Даярлық сынып ата-әжелеріне өлең шумақтарымен
2- жүргізуші
Егеменді ел болып қалыптастық
Өркениетке нақты анық бастық
Туған жердің тұғыры биік бол деп
Шын жүректен ән-жырды сыйға тарттық.
Ән орындайтын 2-сынып
1- жүргізуші
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған
Зейнет емес бейнеттен арылмаған
Тәңірімдей табынып өтем мәнгі
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Ортада 1-сынып оқушылары өлең шумақтарымен
2- жүргізуші
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі соқпақ сөзі нар.
Ән
Орындайтын 4-сынып
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі