Өлең, жыр, ақындар

Кесінді

Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№12 бастауыш мектеп
Куанишова Бахыт Сапаргелдиевна

 

Пәні: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Геометрия элементтері.

Бөлімше: Геометриялық  фигуралар және олардың жіктелуі

Сынып: 1 сынып

Сабақтың тақырыбы

 Кесінді. Сынық сызық.

Оқу мақсаты

1.3.1.1.Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және түзу сызықтар, тұйықталған  және  тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле,бұрышты атайды және бір-бірінен ажыратады.

Сабақ мақсаттары

 1. Кесінді мен сынық сызықты атайды.

 2. Оларды бір-бірінен ажыратады.

 3. Геометриялық фигуралар сызады.

Бағалау  критерийлері

Геометриялық фигураларды (нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле) атайды және ажыратады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Сөздік қор

Кесінді. Сынық сызық. Сызғыш. Жолақ.

Құндылықтарды  дарыту

Топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу.

Пәнаралық байланыстар

1.Көркем еңбек.

№ 1 тапсырмада жұптық жұмыс кезінде жолақтың бір бөлігін екі жағынан бүктеп, бүктеу сызықтары арқылы қайшының көмегімен қияды.

3-тапсырмада топтық жұмыс кезінде суретке  мұқият қарап,геометриялық фигуралардың атын атап, атауларымен сәйкестендіреді.

4-тапсырмада жеке жұмыс кезінде берілген геометриялық фигураларды түсті түспен бастырып сызады.

Сергіту сәтінде түлкі, қырғауыл аттарын атап, қимылдарын жасайды.

Алдынғы  меңгерілген білім

Нүкте, сызық, сәуле туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс – әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

 (психологиялық ахуал)

( 5 мин)

 «Түсті жолақтар» ойынын ойнату арқылы жағымды ахуал туғызамын.

Оқушылар орындарынан тұрады.

Жолақтар таңдап алады. Осы жолақтарды пайдалана отырып, түзу, сауле, тұйықталмаған сызық, тұйықталған сызық жасауды ұсынамын.

 Өзіне жұп таңдап, бір-біріне жылы тілектерін айтуды, өздерімен бірге жолақты алып кетуді өтінемін.

Топқа бөлу. Жасыл,сары,қызыл,күлгін,көк жолақ түстері бойынша «Кемпірқосақ» әдісі арқылы алған түстерін бір параққа жинау арқылы тобын табуға ұсыныс беремін. 

Ширату жаттығулары: психологиялық ахуал мен топқа бөлуді өту барысында нені байқадық сол туралы оқушылар болжам жасайды, өздері тақырыпты анықтайды, содан кейін оқу мақсатымен таныстырамын.

Жолақтар.

 

 

 

А-4,

Жасыл,

сары,қызыл, күлгін,көк жолақтар

Сабақтың ортасы

(15 мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе бөлім

І.Жаңа сабақ Ж\МК

№ 1 тапсырма. «Ойлан,тап» ойыны арқылы жолақтың бір бөлігін екі жағынан бүктеп, бүктеу сызықтары арқылы қайшының көмегімен қию керектігі туралы ұсыныс беремін. Не пайда болғанын сұраймын.Оқушы жауаптарын тыңдаймын.

Осы жолақтың  бөлігін «кесінді» деп аталатынын  айтамын. Өмірде кесіндіні қай жерде кездестіргенін сұраймын.

Кесіндінің түзу сызықтан айырмашылығы неде екенін сұраймын. Жұп болып жолақтың екі ұшынан ұстауға ұсыныс беремін.Бұдан оқушылар түзу сызықтың ұштары болмайтынын, сондықтан оның шексіз, ал кесіндінің екі ұшы болатыны туралы қорытынды жасайды.

Дескриптор:

Түзу мен кесіндіні ажыратады

2 тапсырма. Т/МК

 «Ойнайық та, ойлайық» ойыны арқылы оқушыларға өз кесінділерін

біріктіруді ұсынамын. Олардан не пайда болғанын сұраймын. Әрбір топтың тапсырманы қандай жолмен орындалғанын бақылаймын.Сынық сызықтың ерекшеліктерін қарап шығамын.

Сынық сызықтың бір түзудің бойында жатпайтын кесінділерден құралатынына назар аударамын.Бір кесіндінің ұшы екінші кесіндінің ұшымен бірігеді. Әрбір кесінді сынық сызықтың буындары деп аталады.Әрбір буынның жалғасқан жерлерін сынық сызықтың төбесі деп атаймыз. Топтарға сынық сызықты тәжірибеде жасауды ұсынамын.Сынық сызықтарында қанша буын, қанша төбе болатынын сұраймын.

 Оқушыларға өздерін қоршаған заттардың ішінен кесінділер мен сынық сызықты табуды ұсынамын.

Дескриптор:

Сынық сызықтың бір түзудің бойында жатпайтын кесінділерден құралатынын біледі.

ҚБ  «Екі жұлдыз, бір тілек»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

(2 мин)

 

Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз

(Екi қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкi болып қашамыз, қашамыз 

 (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз

(Бәрi орындарына отырады).

Сергіту жинақтары

 

(5 мин)

 

Ж

3 тапсырма. «Сәйкестендіру» әдісі бойынша

Суретке мұқият қараңыз. Геометриялық фигураларды атауымен байланыстырып сызыңыз.

Дескриптор:

  - нүктені анықтайды;

  - түзуді анықтайды;

  - сәулені анықтайды;

  - кесіндіні анықтайды;

  - сызық түрлерін анықтайды.

ҚБ  «Мадақтау сэндвичі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке тапсырма

(5 мин)

 

Сабақты қорытындылау.

Қисық сызықты қызыл түсті қарындашпен, сынық сызықты жасыл түсті, түзуді көк түсті қарындашпен бастырып шығыңыз.

Дескриптор:

Берілген геометриялық фигураларды ажыратады және тиісті түспен бастырып сызады.

ҚБ  «Қол шапалақ»

 

 

 

 

Сабақтың соңы

(3 мин)

Рефлексия. «Табыс баспалдағы»  Смайликтерді баспалдақтарға ілу арқылы кері байланыс аламын.

Білемін ....

Түсінемін ....

Жасай аламын ....

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз