Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы

 

                                 

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің

әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы

Матжанова Айзада Бауржанқызы

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ҚР-ның Конституциялық құқық ұғымы, адам және азамат құқығы, ҚР-сы президентінің, парламентінің, үкіметінің конституциялық-құқықтық мәртебесі, сот билігі, конституциялық кеңестің құқықтық мәртебесі туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтай отырып, жаңа сабақпен байланыстырып алған білімдерін жетілдіреді.

Тәрбиелік: студенттерді заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: «Джигсо» әдісі, «Мәтінмен жұмыс», «Ассоциация» әдісі (СТО технологиясы).

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, ҚР-ның Конституциясы, ҚР-ның Конституциялық заңдары, «Құқықтану» оқулық (10-сынып), бейнеролик, А4 бетшесі.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин.)

  • Психологиялық дайындық.
  • Топқа бөлу (түрлі түсті стикерлер арқылы 2 топқа бөлу).
  •  Өзін-өзі бағалау, топтық бағалау.

II. Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин.)

Үй тапсырмасы жазылған сұрақтар бар карточкаларды әрбір студентке үлестіре отырып, студенттерден жауап аламын.

  1. Норма дегеніміз не? Ж: Норма дегеніміз – бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже.
  2. Нормалардың қоғамда қалыптасқан неше түрі бар? Ж: 1) әлеуметтік нормалар 2) техникалық нормалар.
  3. Әлеуметтік нормалар дегеніміз не? Ж: Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын негізгі құрал.
  4. Техникалық нормалар дегеніміз? Ж: Адамдардың табиғатпен, техникамен дұрыс қатынас, байланыс жүргізу ережелері.
  5. Әлеуметтік нормаларға нелер жатады? Ж: Құқық нормалары, моральдық нормалар, саяси нормалар, эстетикалық нормалар, қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже қағидалары, әдет-ғұрып нормалары, салт-дәстүр нормалары, діни, имандылық, инабаттылық нормалары.
  6. Құқық дегеніміз не? Ж: Құқық, ол -мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің жиынтығы.
  7. Нигилизм ол? Ж: қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.
  8. Құқықтың негізгі функцияларына не жатады? Ж: реттеу және қорғау
  9. Реттеу функциясы ол? Ж: нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.
  10. Құқықтың қорғау функциясы? Ж: нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тиым салу.
  11. Құқықтық норманың элементтері? Ж: дипозияция, гипотеза, санкция.
  12. Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция дегеніміз не? Ж: 1) Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы: екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. 2) Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. 3) Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі.
  13. Диспозиция неше түрге бөлінеді? Ж: 3 түрге: 1) жалпылама түрі; 2) толық айқын түрі; 3) сілтеу түрі.
  14. Мазмұнына қарай нормалар нешеге бөлінеді? Ж: 3 түрге: 1) міндеттеуші; 2) тыйым салушы; 3) ерік беруші.
  15. XYI-XYIII ғғ. Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қандай нормалардан тұрды? Ж: Әдет-ғұрып нормаларынан. 16 ғ. 1 жарт. Қасым ханның «Қасқа жолы» (мүлік, қылмыс, әскери, елшілік, жұртшылық) ерекшелігі – халықтың шариғатқа емес, хан мен билер заңдарына бағынғандығы; 16-17 ғғ. Есім ханның «Ескі жолы» (далалық заңдарға байланысты жасалды) ерекшелігі – елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған; 17-18 ғғ. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» (жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс, құн дауы, ұрлық-қарлық, тонаушылық, куәлік ету мен ант беру) ерекшелігі – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптық ережелер.

ІІІ.Жаңа сабақ. (5 мин.)

Жаңа сабақтың жоспары:

1.Конституциялық құқық ұғымы.

2.Конституциялық құқықтың қайнар көздері.

3.Адам құқығы туралы түсінік.

4.ҚР-сы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің құқықтық жағдайы.

Құқық жүйесінің басты саласы – конституциялық құқық болып табылады. Конституциялық құқық мынадай маңызды мәселелерді:

  • Қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
  • Мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
  • Адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге бағытталған әдістер арқылы реттейді. Олар:

  • Міндеттеу әдісі(Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті);
  • Тыйым салу әдісі(Республика азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді);
  • Ерік беру әдісі(Біздің елімізде әркім өзінің ана тілін, мәдениетін пайдалануға, қолдануға құқығы бар);
  • Мойындау әдісі(ҚР-да Коснтитуцияға сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі).

Конституциялық құқықтың қайнар көздері:

  • Конституция;
  • Конституциялық заңдар;
  • Жәй заңдар;
  • Президенттің нормативті жарлықтары;
  • Үкімет қаулылары.

Конституцияның қабылдану тарихына байланысты бейнеролик көрсетемін.(5 минут.)

 «Джигсо» әдісі. Екі топқа ҚР Конституциясынан бөлім бойынша заң баптарын ұсыну 5 минут талдайды, есте сақтайды және әр топ белсендісі араласып, 5 минут баптарды бір-біріне түсіндіреді.

1-топқа

II бөлім  Адам және азамат (10, 11, 14, 15, 19, 20, 24, 29, 30, 32, 34, 36, 39 баптар)

2-топқа

III бөлім Президент (41, 43, 46, 47 баптар), IУ бөлім Парламент (49, 50, 51 баптар), Y бөлім Үкімет (64 бап )

            «Ассоциация» әдісі (СТО технологиясы). Топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Берілген тапсырмаларды 3 минутта студенттер оқулықтағы материалды оқып, 3 минутта берілген А4 бетшеге ортақ белгілерін  түсіріп, қорғаулары тиіс.

1-топ. 

Құқықтану 10-сынып оқулығы 13-15 беттер аралығы «ҚР-ның азаматтығы ұғымы».

Азаматтық алу

Азаматтығын тоқтату

Азаматтыққа қабылдамау

- тумысынан;

- ҚР азаматтығына қабылдау нәтижесінде;

- халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша;

- «ҚР азаматтығы туралы» Заңда қаралған өзге де негіздер бойынша;

- ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрса, Қр азаматымен кемінде 3 жыл некеде тұрса.

- азамат басқа мемлекеттің әскери қызметіне кірсе, қауіпсіздік органдарына, полиция, заң орындарына немесе мемлекеттік билік пен басқарудың басқа органдарына қызметке орналасса;

- ҚР азаматтығын жалған құжаттар негізінде алған болса;

- халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша.

- адамзатқа қарсы қылмыс жасаса;

- ҚР-ның тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса;

- ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтатса;

- террорлық әрекеті үшін сотталған болса;

- сотпен аса қауіпті қылмыскер деп танылса;

- басқа мемлекеттің азаматы болса.

 

2-топ.

Құқықтану 10-сынып оқулығы 17, 18,19,23 беттер аралығы «ҚР-ның Президенті, Парламенті, Үкіметінің құқықтық мәртебесі».

 

Ерекшелігі

Ортақ белгілері

Ерекшелігі

Президент

 

 

Парламент

 

Ерекшелігі

 

 

Үкімет

 

                                                       

Мұғалім сөзі (2 минут)

1995 жылы 30 тамызда қабылданған ҚР-ның Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады (ашып тоқталу). Оның 1 бабында: Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтәк мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

IY. Қорытындылау.(3 мин.) Тест сұрақтары беріледі.

Y. Бекіту (1 мин.) Кері байланыс, кубикті бір-біріне беру арқылы кубиктегі сұрақтарға жауап беру.

1.Бүгін не қиын болды?

2.Бүгін алған білімің қайда керек болады?

3. Бүгін мен білдім.

4.Сіз бүгін қалай жұмыс істедіңіз?

5.Бүгін не қызық болды?

6. Бүгінгі сабақты қалай бағалар едің?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы.

ҚР-сы Конституциясының қалған сот төрелігі, Конституциялық Кеңес, жергілікті өзін-өзі басқару бөлімдерін оқып келу.

YI. Бағалау: Сабаққа белсенді қатысып отырған студенттерді  бағалау және топты бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз