Өлең, жыр, ақындар

Қазақ батырлары

Сабақтың тақырыбы:

   « Қазақ батырлары»  «Райымбек батыр»

Сілтеме

Жоспар, оқулық.             Описание: https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/a/a3/%D0%A0%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D0%BC%D0%B1%D0%B5%D0%BA.jpg Описание: https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/df/Rayimbek_monument_almaty.jpg/220px-Rayimbek_monument_almaty.jpg Описание: https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5e/RaimbekALA.JPG/300px-RaimbekALA.JPG

Сабақтың мақсаты:

1. Тілдегі тілдік құрылымдар негізінде оқушыларға Қазақ елі, оның тарихы, географиялық аумағы жайлы жан-жақты ақпарат беру . Қазақ тіліндегі сөйлеу үлгілері мен тілідк тапсырмалар арқылы  ауызекі  сөйлеу стиль туралы мағлұматпен таныстыру. 

2. Жаңа тақырыптың негізінде ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс сөз қолдана білу қабілетін дамыту.

3. қазақ тіліндегі мәтіндер арқылы патриоттық  тәрбие беру.

Сабақтың түрі:

Білім мен дағдыны қалыптастыру   сабағы

Сілтеме

 Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы

Нәтиже

 Өз ойын еркін жеткізуді, өз бетінше жаттығу орындауды  меңгереді.

/ОТЖ/ :   Қазақ елі, оның тарихы, географиялық аумағы жайлы жан-жақты ақпарат  бере алады

/ООЖ/ : өз сөзімен  Қазақ елі, оның тарихы, географиялық аумағы сипаттайды.

/ОЖЖ/ тақырып аясында сыныптастарымен  Қазақ елі, оның тарихы, географиялық аумағы жөнінде сұхбаттасады.

Негізгі идея

Сыныпта  психологиялық ахуалды орнықтыру. Ынтымақтастық атмосфераны  құру

Критериалды бағалауды қолдану (өзін-өзі бағалау)

Негізгі түсініктер

Мемлекет шекарасы,  жер бедері

Сабақтың әдіс

Талдау , салыстыру, «Жүректен жүрекке» тренингі, ассоциаграмма, «Мәтінді өз бетімен меңгеру» стратегиясы, «Екі жақты күнделік» тәсілі, «Қазақ елі» ойыны,  «Құнды пікір» стратегиясы әңгімелеу, суреттеу, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс

Оқыту формасы

Топтық жұмыс,   сипаттау, әңгімелеу, сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ-жауап. «Алдын –ала берілген атаулар», «Төрт сөйлем» тәсілі.

Пәнаралық байланыс:

География. Қазақ әдебиеті. Қазақстан тарихы. Саясаттану.

Сабақтың көрнекілігі: 

Интерактивті тақта. «Қазақ елі» бейнебаян,  Қазақстан Республикасының географиялық картасы, Оқулық, постер, смайлинг, стикерлер,  рефлексиялық күнделік. Өзара бағалау парағы.

 

                                                                                                              Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі:  
  2. Психологиялық ахуал туғызу.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз жанды жадыратар. Мұғалім -мен бірге параққажағымды сөздер жазады. Сабақ соңында талданады.

2.Үй тапсырмасын тексеру

 Үйге берілген тақырып бойынша үй тапсырмасына шолу жасау

3.Жан – жақты талқылау

 Алдынғы тақырыптардан сұрақтар беріледі.

  Қателерін анықтау, түзету, бағалау.

4. Мақсат қою

      « Қазақ батырлары»  «Райымбек батыр»       тақырыбының өзіне тән ерекшелігі

Кезең

Сабақ бөлімдерінің мақсаты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білім

Ойлану

1.Қызығушылықты ояту

 

 

Ой шақыру:

Оқушыларға «Қазақстан» деректі фильмін көрсетеді, тақырыпқа қатысты слайд көрсетеді.

  • Балалар, біз қандай елде тұрамыз? Қазақ елі  тарихы жайлы не білеміз?
  • - Балалар, бүгінгі сабақ «Қазақ батырлары». 
    - Қазақ халқының даңқын қандай батырлар шығарды?
    - Қандай ерлік, Отан туралы мақал –мәтелдер білесіңдер?
  • . «Қазақ батырлары» тірек - сызба арқылы жұмыс
    Райымбек батыр
    Қабанбай батыр
    Бөгенбай батыр

Жолдасбай Тұрлыбаев – 1932 жылы туған. Жазушы. Көптеген кітаптары жарық көрген. Соның ішінде «Тамыз таңы» Райымбек батырға арналған. Мәтін осы кітаптан үзінді алынған.
1. Райымбек сарбаздарының сусыздықтан тарығуы
2. Райымбектің Көкойнақты жетектеп, суды іздеп табуы
3. Сарбаздардың қуануы, бастаудың Райымбек атануы

 Деректі фильмді көреді, слайдтармен танысады. Сұрақтарға жауап береді.Оқушылар  ассоциа грамма құрастыртады.

Мағынаны тану

Сөздікпен жұмыс

Жаңа сөздер,  аудармасын айту: қалың – много----------------------арлы-берлі – туда-сюда
жүйрік ат – скаковая лошадь----шауып өту – быстро проскакать
шоқпар – дубина-------------------тым-тырақай – в разные стороны
жабайы – дикие---------------------осыдан бастап – с этих пор

Тыңдалым. Оқылым . жаңа сөздерді тыңдайды, қайталау. Айтылым. Дұрыс айтылумен ауызша жаттығу жүргізу.

Түсіну

 Мәтінмен жұмыс

а/ айтылым. Қисынды ойлау қабілетін дамыту үшін  1- тапсырма.

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма. Айтылым.

Райымбек батыр Түкеұлы (1705, қазіргі Алматы облысы — 1785, Алматы) — батыр, қолбасшы. Ұлы жүз албан ішіндегі алжан руының сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18 ғ-дың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 ж. Төле, Іодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоановнаға елші жіберген. 
  Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Қалмақтың Бадам, Іорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы “Ойрантөбе” деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түсті. 1733 ж. Бөлек батырмен бірге жоңғарға елші болып барған. Райымбектің ерекше еңбегін оның есімі албан тайпасының ұранына айналғанынан да білуге болады. Көзі тірісінде “көріпкел”, “әулие” атанған. Ол Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығартып, егін ектірген.
    Жазушы Ж.Тұрлыбайұлы роман, ақын М.Мақатаев “Райымбек, Райымбек” атты поэма жазған. Алматы обл-нда Райымбек есімімен аталатын жер-су аттары көп кездеседі. Торайғыр тауындағы Айырлы асуының маңында “Райымбек бастауы” бар. Алматы обл-ның Нарынқол, Кеген аудандары бірігіп, қазірде Райымбек атымен аталады, онда батырға ескерткіш орнатылған. Батырдың бейіті Алматы қ-ндағы оның есімімен аталатын үлкен даңғылдың бойында. Бейітінің басына кесене — күмбез тұрғызылған. 1990 ж. “Райымбек” тарихи-этногр. қоғамы құрылды.
Жоспар
1 Жастық шағы
2 Орта жүзге көмегі
3 Батыр тұралы мәліметтер
4 Райымбек батырдың аты қойылған жерлер
5 Пайдаланған әдебиет
Жастық шағы Жастайынан жауға тиіп, күркіреген үнімен дұшпанын күңіренткен Райымбек батыр 1705 жылы дүниеге келген.
«15 жастан асқанша, садақ тарту, қылыш шабу, күресу секілді сарбазға лайық даярлықтан өтіп біткен Райымбек жоңғарларға қарсы жорықтарға қатыса бастайды. Жолбарыс жүректі жас жігіттің тапқырлығын қаруластары бірден байқаған. Оның негізгі ұстанымы: аз шығынмен жеңіске жету екен. Бұл мақсаты алғаш Іле бойындағы шайқаста жүзеге асады. Содан соң жас батыр жаудан Түргенді азат етеді. Қалмақ қолындағы тұтқындар босатылады. Керісінше, жаудың көп сарбазы тұтқынға түседі. Осыдан соң Райымбек жоңғардан Сөгеті мен Ойрантөбені және Жалағашты босатады. Алды-артына қарамай қашқан қалмақтардың: Ойрантөбе ойылды, Секер, Барақ жойылды. Райымбек келді де, Алмадай үзді мойынды, – деп зарлайтыны, міне, осы тұс еді. Батырдың бұдан кейінгі жорығы Жіңішкені, Таушілікті, Қарабұлақты, үш Меркіні, Кеңсуді, Қарқараны азат етуге арналды.
    Орта жүзге көмегі
Райымбек батырдың тағы бір үлкен жорығы ретінде Орта жүз еліне көмекке баруын атаймыз. Қабанбай батырдан оралған шапқыншы Тарбағатай мен Шәуешек арасын жауып, жауды өзара қатынасуға мүмкіндік бермеу туралы ұсынысын әкелгеннен кейін Райымбек батыр бірден атқа мінеді. Сарытау, Үйгентасты азат етуге атсалысып, Ілені бойлаған күйі Қорғаспен бері қайтады. Дәл осы дерек Шыңжаңдағы Зейнолла Сәнік зерттеуінде де бар» дейді тарихшы Мәмбет Қойгелдиев.
    Албанның Алжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған Райымбектің жаужүректігі жастайынан байқалған. Жиендерінің жанарынан от байқаған Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарынан бәсіреге жүйріктің тұқымын, қолға ұстарға шымболаттан құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба, нағашы жұрт ортасында бұлаң салған баланың бәйгіде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян. Осы өр рух кейіннен жоңғарға қарсы алдаспан боп сермелді. 17 –інен Көкойнағын ойнатып, қалмаққа қырғын салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің арасында ерекше аталатыны қазірде Алматы-Нарынқол тасжолының 167 шақырымында тұрған Ойрантөбеде қалың қалмақты кезек жекпе-жекке шақырып, бөрі тиген қойдай дүрліктіруі.
   Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген қалмақ нояны Бадам-бахадүрдің есімімен байланыстырылатынын көп адам біле бермейді. Кеген деген жер атауы да калмақ тайшысы Гегенге телінеді. Бір деректер Геген діни лауазым дейді. Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін талқандаған. Ал, Итембес өзенінің бойында Шона Доба жасағы жер жастанды.
    Батыр тұралы мәліметтер
Қара су қақ жарылып жол беретін хас батыр атанған Райымбек Түкеұлының есімі бертінге дейін кең паш етілмеді. Мұның себебі беймәлім. Тіпті, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың аяқталмай қалған “Райымбек, Райымбек” атты дастанын жариялағаны үшін “Лениншіл жас” газетінің жетекшісі Сейдахмет Бердіқұлов партиялық сөгіс алған. Алайда, қыран мінез ұлдарының есімін тұмарындай қастерлейтін халықтың Алматының ортасында жатқан батыр зиратына келіп сыйынуын тоқтату мүмкін емес еді. Еш саясат ер рухы мен ел рухының арасын алшақтата алмады.
    Қытай саясатының ықпалымен соғыс бастап, Шығыс Түркістандағы ұйғыр, одан бертіндегі қырғызды дем арада жаулап алған жоңғар мен қазақ ғасырға жуық арпалысты. Ұлтымыздың екі жасын екі жанарынан сорғалатып, алқасына сілемдей қатырған дұшпан швед офицері Густав Ренаттың көмегімен зеңбірек, тас ататын түрлі қарулар жасап, күйрете соққы беруді үдеткен. Жазушы Жолдасбай Тұрлыбайұлы бір мәліметінде Райымбек батыр ұсталарға сол зеңбіректің бір түрі «Қойшағырды жасатып, жау амалын өзіне қарсы қолданғанын» айтады.
Екі жарым мың жылдық тарихы бар ежелгі Алматының қақ ортасында кіндік қаны тамған, “Райымбек батыр” атанып тер төккен, сексен жыл өмір сүріп, әулиелікпен алдын болжап, келешегін бағамдап, дүние салар алдында:

“Елім Албан,
Жерім Жетісу.
Жайлауым Асы, Қыстауым Алматының басы”, – деп сүйегін сол тұстағы Алматы қыстағының аумағына қойыңдар деп өзі өсиет еткен орынға жерленіп, бұл күнгі тәуелсіз елдің ұрпағы батыр, әулие баба өсиетін қалтқысыз орындап, сол сүйегі жатқан орынға зәулім күмбез тұрғызып, ақ атанның ақ мәрмәрдан алып мүсінін орнатқаны аса бір сауапты іс болды.
Батырдың 300 жылдығына орай ескерткіш қойылды. Бірқатар конференциялар өтті. Ең бастысы қазақ елдігін оятып, ертеңінторлаған қара бұлтты емен сапты найзасының ұшымен сейілткен ер есімі ел есінде қайта жаңғырды.
     Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ облысының орталығы – Құлжа қаласының көрнекті бір ғимаратының алдына қызыл гранит тастан қаланған биік тұғырға Райымбектің ат үстіндегі мүсіні орнатылыпты. Оны орнатуға мұрындық болған сол Қазақ автономиялы облысының әкімі Қызайжан есімді азамат екен.
Райымбек батырдың аты қойылған жерлер
     Райымбек батыр жайлы ел ішінде аңыз-әңгіме, жырлар өте көп. Торайғыр және Сөгеті жоталары аралығында Ойрантөбе жазығы бар. Мұнда қазақтар мен жөңғарлардың сұрапыл шайқасы болып өткен. Айырлы асуына таяу Торайғыр тауында Райымбек бастауы бар. Райымбекпен бірге жоңғарларға қарсы күрестің бел ортасында Сатай, Бөлек, Қойкелді, Қонақкелді, Қыстық, Малай, Байсейіт сынды батырлар жүрді. Райымбек батырдың мазары Алматы қаласында орналасқан және батыр атында көше бар. Алматы облысының бір ауданы Райымбек есімінде және ауылға аты берілген.

 Жазылым.  1- тапсырманы   Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз. 
1. Ертеде қазақ батырлары тек әскери кәсіппен ғана (занималисъ). 
2. Наурызбай Құтпанбетұлы - (один из трех батыров Аблай хана), қолбасшы. 
3. (В войне с джунгарами) оның Құдайберген, Шолпан, Дүйсен деген үш бірдей бауыры да (погибли). 
2-жаттығу. Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз
1. Наурызбай батырдың 1729 жылы Шамалған мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтіргені (широко распространилось по казахской степи). 
2. 1750-1752 жылдары көп қазақты (освободил из плена). 
3. (В областях, районах Казахстана) Наурызбай батырдың аты (присвоено улицам), Наурызбай батырға арнап (установлены памятники). 
3-жаттығу. Мына сөйлемдерге сұрақ қойыңыз. 
1. Қазақ батырлары әскери кәсіппен шұғылданған. 
2. 1745 жылы Қабанбай батыр Ресей қоластына өтуге тілек білдірді. 
3. XVIII ғасыр-дың бірінші жартысында қазак, халқын торлаған көп жауды қорғауда Бөгенбай батыр көп ерлік көрсетті. 
4-жаттығу. Мына сөйлемдерге сұрақ қойыңыз, синтаксистік талдау жаса. 
1. Наурызбай батырдың 1729 жылы Шамалған мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтіргені қазақ даласына кеңінен тараған. 
2. Қазақстан облыстарында, аудандарында үш батырдың аттары көшелерге берілген. 
5-жаттығу. Мына сөйлемдерге сұрақ қойыңыз. 
1. Қазақ батырлары әскери кәсіппен шұғылданған. 
2. 1745 жылы Қабанбай батыр Ресей қоластына өтуге тілек білдірді. 
3. XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазак, халқын торлаған көп жаудаы қорғауда Бөгенбай батыр көп ерлік көрсетті. 
4. Наурызбай батырдың 1729 жылы Шамалған мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтіргені қазақ даласына кеңінен тараған. 
5. Қазақстан облыстарында, аудандарында үш батырдың аттары көшелерге берілген. 

Айтылым. Сурет бойынша мәтін құрастыр, сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

Жазылым.  ҚР  географиялық картасын пайдаланып, Қазақ батырларының жаулаған жерлерін көрсет

 

4.грамматика

Ауыз екі сөлеу стилі

Кеңесу, көзбе-көз тілдесу мен пікірлесу, ой бөлісу

 Еркін әңгіме сұхбат, дауласу, көпшілік алдында сөйлеу кезінде қолданылады.

Сөздер мен сөз тіркестерін еркін қолдану, даярлықсыз өткізілуі.

Қарапайым, диалект, кәсіби, ауыспалы мағынадағы сөздер, эвфемизмдер еркін қолданылады; дыбыстарды түсіріп айту, оқшау сөздер, қысқарған сөздер, сұраулы, лепті, толымсыз, сөйлемдер қолданылып, диалогқа құрылады.

« Ауыз екі сөлеу стилі» жайлы мағлұмат алады

Қолдану

Практикалық жұмыс«Кім жылдам?» ойыны
Екі топқа ортақ 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.
1. Дарабоз атанған қазақ батыры. (Қабанбай)
2. 1705ж Алматы облысында дүниеге келіп, 1733 жылы Бөлек батырмен жоңғарларға елші болып барған қазақ батыры ( Райымбек)
3. Кеңес Одағы батыры атағын екі рет алған, жауға 305 рет ұшқан ұшқыш. (Талғат Бигелдинов)
4. «Жаужүрек Мың бала» көркем фильмі қай батыр туралы түсірілген? (Сартай батыр)
5. ХІХ ғасырдың І жартысында Қоқан басқыншылығына қарсы күрескен, Кенесарының сенімді серігінің бірі болған қазақ батыры (Сыпатай Саурықұлы)
6. Абылай ханның құрметіне бөленіп, қазақ – жоңғар шайқасына қатысып «Батыр» атағын алған қазақ батыры (Батыр баян)
7. 1836 - 1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтеріліс басшыларының бірі (Исатай Тайманұлы)
8. Шығыстың қос жұлдызы (Әлия мен Мәншүк)
9. Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағының батыры атағын алған ең жас батыр (Ж. Елеусізов)
10. Қазақтың батыр қызы мерген: (Ә. Молдағұлова)
ІІ. Мақал – мәтел сайысы
Екі топқа тақырыптар беріледі. Әр топ берілген тақырып бойынша кезектесіп мақал - мәтел айтып жарысу керек. Кезегі келгенде мақал - мәтел айта алмаған топ жеңіледі. Жеңіске жеткен топқа - 10 ұпай, жеңілген топқа - 7 ұпай беріледі.
І. топ
Отан, туған жер туралы
ІІ. топ
Ерлік, батырлық туралы
ІІІ. «Тұлғаны таны» ойыны
Белгілі бір тұлға туралы қысқаша мәлімет беріледі. Берілген мәлімет бойынша тұлғаны тану керек. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
І топ.
1) ХҮ ғасырда өмір сүрген. Аты аңызға айналған халық батыры. Әбілхайыр ханның қолбасшыларының бірі болған. Батыр туралы қазақ халқының қаһармандық жыры жазылған. (Қобыланды Тоқтарбайұлы)
2) ХҮІІІ ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт - азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы, әрі көсемі. Ол бастаған көтеріліс 14 жылға созылған. (Сырым Датұлы)
3) Патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталып, халықтың бостандығын көздеген ұлт - азаттық көтерілістің басшысы. (А. Иманов)
ІІ топ.
1) Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келген. Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. 1710ж Қарақұмда жиынға қатысып, билермен бірге қазақ жасағының өкілі болып сайланған. Қартайған шағына дейін ат үстінен түспеген қазақ батыры. (Бөгенбай батыр)
2) Бөкей ордасында дүниеге келген. Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, ақын. Ол өз өлеңдері арқылы халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырған.(Махамбет Өтемісұлы)
3) Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Көлбастауда дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. (Бауыржан Момышұлы)

 Айтылым. Жазылым. Оқушылар өзіндік жұмыс ретінде орындайды, қасындағы жолдасымен талқылайды . қою қаріппен берілген сөздер мен сөз тіркестерінің синонимдерін айтады, ауызекі стильге ауыстырып айтады.

Талдау Мәтіннің  мазмұнын  тал дау, қазіргі адам ның ісәрекетімен, өмір іменсалыстыру.

Мәтінсоңы жұмысАйтылым.оқулықтағы  9-тапсырма

Айтылым Суретте көрсетілген батырларды  ата. Шағын ,мәтін құрады.

ІІІ. Ойтолғаныс

 Жұптық жұмыс. «Болжау» стратегиясы. « Қазақ батырлары»  тақырыбында диалог құрғызу « Қабанбай батыр мен Бөгенбай батырлар туралы не білесің?»
Қабанбай батыр ( 1691 – 1769 ) Шын аты Ерасыл Абылай хан Дарабоз Қабанбай
Бөгенбай батыр(1680-1775) сарбаз мектебінде оқыған1708ж

 30мың жасаққа қолбасшы болған деген атақ береді

Диалог құрады

Жинақтау (синтез.)

Алған білімді жинақтау

Қорытындылау:

10- тапсырма  «Білгіштер» ойыны. Сұрақтарға жауап беру. Сұрақтарды оқушыларға таратып беру. Жауаптарын күту. 
1. Қазақ батырлары немен шұғылданған?
2. Қазақ батырларының қандай міндеттері болған?
3. Қабанбайды ел қалай атаған?
4. Қабанбай қайда жерленген?
5. «Қанжығалы қарт » деп кімді атаған?
6. Бөгенбай батыр қайда туған, қай жерде қайтыс болған?
7. Бөгенбай батыр қандай адам болған?
8. Оның неше баласы болған?
9. 1761 жылы Қытайға кіммен, не үшін барған?
10. Қазақ батырларының бар өмірі қайда өткен?
11. Үлкен соғыс алдында батырлар неге шықкан?
12. Абылай ханның батырларының ішіндегі ең үлкен ағасы кім?
13. Бөгенбай батыр 1728 жылы 38 жасында неше мың қолға қолбасшы болды

Топтық жұмыс. Тілдесім. Жазылым., ауыз екі сөйлеу стилін пайдаланып, диалог құрады.

Бағалау

 

 

 

 

 

  Кері байланыс   Не жақсы ? Үздік идея,  өзара бағалау, өзін-өзі бағалау

Рефлексия

Бағалау парағын тағы бір рет түсіндіріп өту

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады (ұнамады)?

Мұғалім  тақтаға бүгінгі сабақ несімен ерекшеленеді? Оқушыларға кесте салынған А4 парағы таратып береді.

Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім

 

 

 

 

Оқушылар өздерінің  жауаптары мен жасаған жұмыстарына  талдау жасап, бағалайды.

 Рефлексия. Параққа белгілерді қою арқылы білдіреді.

Үйге

 

4- тапсырма 37- бет

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз