Өлең, жыр, ақындар

Ғажайып алаң

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№1 "Ақбота" балабақшасы
тәрбиеші: Абиева Жолан Дуйсенбековна

Мақсаты:

Үйрету: Балалардың жыл бойында алған білімдерін бекіту.

Дамыту: Сан, көлем, пішіндер,табиғат туралы алған білімдерін нығайту. Сөз, сөйлем арқылы сөздік қорын дамыту. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру.                                                                                                             

Тәрбиелеу: Оқу қызмет барысында бір- біріне сыйластық сезімдерін ояту. Балаларды адамгершілікке баулу.

Қолданылған көрнекілік құралдар: Cлайд - Ертегілер, әр балаға үлестірмелі құралдар.

Сөздік жұмыс: Табиғат, әлем, шаттанайық, шұғылалы күн.

Билингвалды компонет: Сәлеметсіз бе- Здравствуйте, пішіндер- фигуры..

Әдіс–тәсіл:  Түсіндіру, слайдтан көрсету, сұрақ- жауап, жауабын мадақтау, қорытындылау.

 

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

Балалар шаттық шеңберде тұрып, бір- біріне жақсы лебіз білдіреді.

 

 

 

 

                                                                            Орындарына отырады.

 

Шаттық шеңберде тұрады.

Армысыз, мейірімді жер ана!
Армысыз, қайырымды аспан Ата!
Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!
Армысыз, балабақша дос жаран!
Сәлеметсіз бе, тәрбиешілер!

Здравствуй, мать земля!
Здравствуй, солнце золотое!
Здравствуй, небо голубое!
Здравствуйте, друзья!

Жақсы тілек айтып, балалар орындарына отырады.

Іздену- ұйымдастырушы

 Ұйымдастыру: Балалар, бүгін бізде өте қызықты оқу қызметі!.

Бүгін біз ойынмен бастаймыз, ойынның аты «Ғажайып алаң».

Бұл «Ғажайып алаңда» цифралар бар, ал тақтада жасырылған сөз бар. Әр цифрада тапсырма бар, тапсырманы орындаған сайын  тақтадағы әріптер ашылып сөзді оқимыз. Ойынға 6 бала керек, айнала жүреді  цифраны алып маған береді мен тапсырманы оқимын сіз орындайсыңдар.   

6 бала ғажайып алаңды айнала тұрады: 1,2,3- айнала жүр, цифраны ал.

Бір цифрасын бала алып береді: тапсырма «Математика әлемі».

   1. 1-ден 10- ға дейін тура кері сана,
   2. 1-ден 20-ға дейін тура кері сана.
   3. Геометриялық пішіндерді ата
   4. Ауызша амалдарды орында
   5. Үш тілде түстерді ата
   6. Санамақ айт
   7. Үстел үстендігі жұмыс, есептерді шығарады.

Тапсырма орындағаннан кейін тақтадағы әріп ашылады.

5 бала ғажайып алаңды айнала тұрады: 1,2,3- айнала жүр, цифраны ал.

Екі  цифрасын бала алып береді: тапсырма «Сауат ашу әлемі».

1) Сөз бе, сөйлем бе? Берілген сөзге сөйлем ойлап табады

2)  Кубизм- балаларға кубик лақтырамын, қолына түскен дыбысқа сөз ойлап табады.

3) Тақтадағы буындарды оқиды, мәтінді де оқиды.

4) Крептограмма, кроссворд шешу.

5) Үстел үстіндегі, алдарындағы буындарды оқиды.

Тапсырма орындағаннан кейін тақтадағы әріп ашылады.

4 бала ғажайып алаңды айнала тұрады: 1,2,3- айнала жүр, цифраны ал.

 Үш цифрасын бала алып береді: тапсырма «Сергіту сәті».

 Үш бала ғажайып алаңды айнала тұрады: 1,2,3- айнала жүр, цифраны ал.

Төрт  цифрасын бала алып береді: тапсырма «Ертегілер  әлемі».

 «7 лақ пен Қасқыр», «Қызыл телпек», «Мақтақыз бен мысық»- сұрақ беру, кейіпкерлер қандай әрекетімен қателесті?

 Тапсырма орындағаннан кейін тақтадағы әріп ашылады.

2 бала ғажайып алаңды айнала тұрады: 1,2,3- айнала жүр, цифраны ал.

 Бес  цифрасын бала алып береді: тапсырма  «Жаңылпаш, мақал айт».

1. Жаңылпаш айтады

2. Үш тілде мақал-мәтел айтады.

Бір бала ғажайып алаңды айнала тұрады: 1,2,3- айнала жүр, цифраны ал.

 Алты  цифрасын бала алып береді: тапсырма   «Сұрақ- жауап, блиц ойын»-

Жыл бойында алған білімдерінен түрлі сұрақтар қойылады.

Тақтаға назар аударамын: Балалар барлық тапсырмаларды дұрыс орындадық,. Тақтадағы жасырылған сөз «Мектеп»- cөзі екен,

бүгінгі жауаптарыңызға қарап сіздер мектепке дайынсыз деп ойлаймын. Жарайсыңдар, балалар.

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

Балалар ойынды ойнап цифраларды тәрбиешіге алып береді.

 

 

 «Математика әлемі» тапсырмаларын орындайды.

 

1-ден 20- ға дейін тура, кері санайды.

Барлық тапсырмаларды орындап,  орындарында отырып есептерін шығарып, ауызша айтып береді.

 

Тақтадағы жасырылған сөздің әрпін ашады.

 

 

 

 

2-і тапсырмасын орындайды.

Берілген сөзге сөйлем ойлап табады.

Cөздерді буындап оқиды.

Крептограмма, кроссворд шешеді.

 

Алдарындағы сөздерді буындап оқиды.

 

 

«Сергіту сәті» орындайды.

 

 

 

«Ертегілер әлемі» тапсырмаларын орындайды.

 

 Кейіпкерлер қандай әрекетімен қателескенін айтады.

 Тапсырма орындағаннан кейін тақтадағы әріп ашылады.

 

Келесі тапсырма «Үш тілде мақал- мәтел» айтады, балалар қалаған жаңылпашын айтады.

 

Соңғы тапсырмасы, жыл бойында өткен тақырыптарынан сұраққа жауап береді.

 

6 тапсырманы орындап, 

тақтадағы «Мектеп» сөзін ашады, балаларға осы біліммен мектепке баратынымызды айтып, қуанады.

Балаларды мадақтап, көңілдері көтеріледі.

Рефлексті-коррекциялаушы

 

Өте жақсы, жауаптарың өте ұнады, рахмет. Тәрбиешілермен қоштасайық.

Балалар қорытындылап, оқу қызметі аяқтайды.

Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық!

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Балалар тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысуы керек.

Болуы керек: Балалар өз еркімен, өз ойын айтып білуі керек.

Баланың қолынан келуі: 1-ден 20-дейін тура, кері санап білуі керек, ертегілерді білуі керек.                 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз