Өлең, жыр, ақындар

"Өнегелі отбасы"

  Сайыс  сабақ  тақырыбы: Өнегелі   отбасы

Мақсаты:  

- Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету.

 -Ата-ана  мен  бала  арасындағы  қарым-қатынастың ерекшеліктерін  дамыту. 

-.  Мектеп,  ұстаз,  ата-ана  бірлігін  нығайту.  Отбасы мүшелері арасындағы   бауырмалдық,  қайырымдылық,  достық  қарым-қатынасты қалыптастыру,  үлкенді   сыйлауға,  сыпайы, ілтипатты болуға дағдыландыру. 

  Мұғалім сөзі:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! 

 

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

 

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

 

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі «Білімділер» сайысына қош келіпсіздер!

   «Адамның  адамшылығы-ақыл, білім - жақсы  ата-анадан, жақсы  ұстаздан, жақсы   құрбыдан  болады» деп   Абай  атамыз  айтып  кеткен. 

 

  Сайыс мынадай турлардан тұрады:

1-ші тур – «Қай  жұп  білімді?»                                                                                                                          2-ші тур – «Салт – дәстүр»                                                                                                                             3-ші тур – «Мақал - мәтел»                                                                                                                        4-ші тур – «Кім тапқыр?»                                                                                                                         5-ші  тур – «Біздің  өнер»

 

Енді  қатысушыларымызды  таныстырып  өтсек:

1. Байкенжеева  Н  Әбдіқұл  Е

2.  Ержанова  К,  Ерланқызы  А

3.  Құлмырзаева  Р,  Жарылқасын  Д

4.  Байбосынова  А,  Мейірманқұлова  А

5.  Найзабекова  Г,  Сарыпбек  С

6.  Жандарбекова  Н,  Тұрар  Е

7.  Мейірбеков  А,  Шардарбек  Н

8.  Ешмұратова  Г,  Өмірсейт  Ф

9. Өскен  Г,  Жұмабек  А 

10. Түкебаева  Б, Елтай  Н

Қатысушы  топтар - топ  атын  ұйымдастырады, бір-біріне  таныстырады. Төс  белгісін  дайындайды.

 

1-ші тур «Қай  жұп  білімді?» Сіздерге ортақ 4 сұрақ беріледі.                    (Жауапқа 5 ұпай) 

1. Дәрігерлер беретін анттың авторы?   Гиппократ

2. Нөл температурада су неге айналады? Мұзға

3. “Оянған өлке” романының авторы? Ғ. Мүсірепов

4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас?   Интерфейс

5. Ең кіші планета? Меркурий

6. Ноғай ордасының астанасы? Сарайшық

7. “Жеті жарғы” заңдар жинағы қай ханның тұсында жазылған? Тәуке хан

8. Microsoft фирмасын құрған адам?    Билл  Гейтс

9. Ең жоғары ғылыми атақ ? Академик

10. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы? Интернет

11. Қан қысымын өлшейтін аспап?    Тонометр

12. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы?   Модем

13. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі?      А.Мырзахметов

14. Ақпаратты өңдеу құрылғысы?                                 Жүйелік қорап

15. Құсжолы қандай пішінде болады?  Шиыршық

16. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат?     Бәйтерек

17. Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым?   Экология

18. Үнемі солтүстік бағытты көрсетіп тұратын жұлдыз?                Темірқазық

19. Графикалық ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы?   Сканер

20. Абылай ханның шын аты Әбілмансұр

21. Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы? Сын есім

22. Сөз құрамын зерттейтін сала?                                      Морфология

23. Екі не бірнеше адамның сөйлесуі? Диалог

24. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды?      5 минут

25. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем? аксиома

26. Жазықтағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі? Планиметрия

 

27. Тарихтың атасы?    Геродот

28. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім? Р. Қошқарбаев

29. Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама қай жылы басталды? 1723 ж.

 

30. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты ? Ньютон

31. Ток күшінің өлшем бірлігі? Ампер

32. Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді?   Архимед күші

33. Әмудария мен Сырдария аралығындағы шөл ? Қызылқұм

34. АҚШ-тың солтүстік штаты ? Аляска

35. Ең терең көл?   Байкал

36. Қазіргі таңда бұл адам атақты Microsoft компаниясының президенті?

Билл Гейтс

37. Жібек  матаны  алғаш  өндірген  халық.     Қытай

38. Түркістанды астана еткен хан      Есім хан

39. Қазақстан Республикасының туының авторы      Ш. Ниязбеков

40. Қазақтың тұңғыш ғарышкері     Т. Әубәкіров

 

2-ші тур «Салт – дәстүр»  Әр  топ  ұяшық  таңдайды, 1 сұраққа  дайындалып  жауап  береді.  (дұрыс жауапқа 5 ұпай). 

 Ғажайып бір сайыс болсын.

Қиынырақ дәстүрге  байланысты  сұрақ болсын.

 Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын  үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын – жекжаттар бірін – бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын – сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той- томалақтар да өткізіледі.

Мизам (Сабан той) - Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын – сауықтар өткізілді.

Мойын тастау – қыз жақ отау көтеріп ұзатса ғана болады. Отау көтерудің тойына сойылған малдың мойыны күйеуге тартылады, ол тазалап мүжіген соң кішкене ғана ашылған түндіктен мойынды сыртқа лақтырады. Сүйекті тесіктен шығара алмаса қыз жеңгелеріне айып төлейді.

Той малы - ежелден келе жатқан дәстүрлердің бірі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалардың бетіне басады. Сондықтан да «той малының» мүшесі түгел әрі семіз болуы қатты қадағаланады.

«Жігіт түйе» -дәстүр. Құдалық, отау көтеру дәстүрінде қыз өсірген ата- ана еңбегі де елеусіз қалмаған. Той үстінде күйеу жігіт енесіне «сүт ақы» сыйын ұсынса, атасына «жігіт түйе» деген сый әкеледі. Бұған міндетті түрде түйе («жігіт түйе» деген сөз осыдан шыққан), жағалы киім немесе қымбат бұйымдар, ер тұрман әкеледі. Атасы риза болған жағдайда қол жайып, батасын береді.

Ат тергеу - Халық дәстүрінде адамға құрмет көрсетудің жолдары көп. Соның бірі - ат тергеу. Ұлт дәстүрі бойынша әйелдер атасының, қайнаға, қайын інісінің атын атамай, лайықты ат қояды. Жеңгелер жағы небір күлкілі аттар да қойған. Мысалы, тапалды «сұңғақ», жайбасарды - «жүйрік» дегендей. 

Салбурын - аңшы саятшы жігіттер топ болып, бірнеше күн бойы аңға шығады. Алған олжа теңдей бөлінеді, одан ауыл ақсақалдарына да жоралғы жасалады. Бұл ептілікті, ерлік пен азаматтықты сынайтын жол саналған екен.

Қазан шегелеу - жақсы таныс, сыйлас, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас қосып барып, осы үйдің қазанын шегелей келдік дейді. Үй иесі, «жақсы болды қазан шегелегіш шебер іздеп отыр едік» деп қонақжайлық танытып, қонақасы береді. Яғни «қазан шегелеу» «қонақ бола келдік» дегенді білдіреді. Қазақ үшін қонақжайлық бұлжымас заң ретінде болған.

Жолдасу (жолын беру) - үлкен басқосуларда салт-дәстүр жолымен орын беру. Мысалы, бас табаққа кіруде, бата беруде ата-баба жолын негізге алған. Онда тек жасы ғана емес жүзі, руы да ескерілген. Бұл салт-дәстүрдің жұрнағы қазір де қолданыста екені белгілі. 

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»  демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.

Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!

3-ші тур «Мақал - мәтелдер» Әрбір қатысушы  аяқталмаған  мақалдың  жалғасын  табады.

 Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес.

Соқ қолыңды білгірлер мен талаптыға.

 Құрметті   қатысушы  жұп  сіздерге үзік - үзік сөздерден мақал құрастыру керек  болып  тұр.

1. Ұяда  ұшқанда (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.)

2. Ата... бала...(Ата - бәйтерек, бала - жапырақ.)

3. Ер... ез...(Ер бір өледі, ез мың өледі.)

4. Өле... бөле...(Өле жегенше бөле же.)

5. Таяқ... сөз...(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)

6. Мал... жер...(Мал баққандікі, жер жыртқандікі.)

7. Тентектің... түстен...(Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.)

8... сүйіндіреді,... күйіндіреді...(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.)

9. Мысыққа..., тышқанға...(Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.)

10. Мектеп..., білім,(Мектеп - кеме, білім - теңіз.)

 4-ші тур «Кім тапқыр?» Бұл  бөлімде  топтарға  жеміс, көкөністер  беріледі, жұптасып  бір  бұйым  жасауды  тапсырамыз. Бірінші  болған  жұпқа  ребус  шешу  тапсырылады.

 5-ші  тур. «Біздің  өнеріміз»  қатысушы  жұптар  өз  өнерлерін  ортаға  салады.

Рефлексия.  «Тілек  гүлі»                                                                                                                       

    Отбасы, ұшқан жанұя- жылылықтың, жылулықтың мекені.                                 “Тілек  гүлі” жаттығуын  бір-бірімізге  тілек  айта  отырып  жүргізейік. 

Қорытындылау:

Ал  құрметті  ата –аналар, оқушылар бүгінгі сабағымызды  қорытындылай келе, сабағымызға белсене қатысқан ата-аналар  мен  оқушыларға  алғыс білдіре отырып,  балаларымыз біздерді  тек  жақсылық пен қуанышқа бөлей берсін, үмітімізді  ақтасын!- деп,  сабағымызды аяқтаймыз.

Қадірменді ұстаздар мен оқушылар және сайыскерлер осымен сайысымыз аяқталды.  Баршыңызға сәттілік тілеймін!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер