Өлең, жыр, ақындар

Жуынамын күнбе-күн

Пән: әдебиеттік оқу

Мектеп: №37 НМ

Күні: 19.01

Мұғалімнің аты-жөні: Абилдаева А.А.

Сынып: 2 «А»

Қатысқандар саны:  Қатыспағандар саны:

Бөлім

Дені саудың – жаны сау

№53 сабақтың тақырыбы:

Жуынамын күнбе-күн

Сабақтың оқыту мақсаттары

3. 1.Шығарманың жоспарын құру.

Күтілетін  нәтиже

 

Оқушылардың бәрі: мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады, топтық, жұптық жұмыстарға қатысады, шығарманың жоспарын құрады.

Оқушылардың көпшілігі: тақырыпты болжайды, қажетті ақпаратты тауып оқиды, сұрақтарға жауап береді.

Кейбір оқушылар: өлең сөздерін шеберлікпен қолданады.

Құндылық

Өзін-өзі жетілдіру мен дамыту қажеттілігі;

Жан, тән саулығы және рух тазалығы.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, сурет

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, электронды оқу құралы

Алдыңғы білім

Тазалықты сүйемін

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5  минут

Қызығушылықты ояту:

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Үй жұмысын сұрау.

Ой сергек.

Оқушыларға әртүрлі гүлдердің суреті беріледі. Қолындағы гүліне жақсы сөздер айтып гүлдерді сипаттайды (әр нәрседен жақсылықты көруге үйретеді).

 

Әртүрлі гүл суреттерінің қималары

Сабақтың ортасы

30-35 минут

 

 

 

Мағынаны ажырату

Ой қозғау

Білу.

Жұмбақтарды шеш.

   Жылт-жылт етеді,

   Жылғадан өтеді.

 

   Өзі судан жаралған,

   Бірақ судан қорқады.

Жұмбақтардың шешуі бойынша жетекші сұрақтардың көмегімен бүгінгі сабақтың тақырыбын болжату.

Сабақтың мақсатын айту.

Бүгінгі сабақтың жетістік критерийін құру.

 

 

 

 

 

 

Түсіну.

Оқылым.

Кірқоймас. Өлеңді түсініп оқы.

Жұптық жұмыс. Ресурстар бағанасында көрсетілген суреттер арқылы жұпқа бөлу.

Тапсырма: өлеңді төмендегідей екі бөлікке бөліп, ара жігін ашып, жоспар құрып көрсет және сұраққа жауап бер.

   1. Заттардың баладан қашуы. Неліктен?

   2. Заттардың қайта оралуы. Неліктен?

Жетістік критерийі:

Шығарманың жоспарын құра алады;

Сұрақтарға жауап бере алады;

Бағалау: ЖК бойынша бағаланады.

Топтық жұмыс.

Әр заттың суреттері арқылы топқа бөлу.

Тапсырма: өлең бойынша берілген суреттерді осы екі топқа бөліп атаңдар. Өлеңдегі негізгі ойды білдіретін жолдарды тауып оқыңдар.

Бағалау: топтар бір-бірін бағалайды.

Синтез.

Ой толғау

Өз гигиенасын сақтау үшін әрбір адам не істеу керек? Өлеңнің мына сөздерін пайдалан: «Тап-таза жүргенің; жуынамын жалықпай; рақат қой шомылған; шомыламын күнде мен» т.б.

Бағалау: қол соғу арқылы бір-бірін бағалайды.

Электронды оқу құралы

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге:№6 тапсырма

Кері байланыс. Ауызша.

Рефлексия.

Сабақ жайлы ауызша пікір білдіреді.

 

Қосымша мағлұматтар

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағыбайланыс (тәрбиелік элемент)

А, А + өлең сөздерін шеберлікпен қолданады.

Жетістік критерийлері арқылы, қол соғу арқылы, ауызша.

Құндылықтарды дарыту: ынтымақтастық, құрмет.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.

АКТ-ны қолдану дағдылары: осы сабақ барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты көрнекі құралдар интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі.

Тәрбиелік мәні: әр нәрсенің қадірін білуге, төзімділікке, сабырлылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты):

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізео еді (сабақ беру және оқытуға қатысты):

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз