Ұстаздардың ұстазы-Ыбырай
Сабақтың тақырыбы: Ұстаздардың ұстазы –Ыбырай ( Ы.Алтынсарин туралы қорытынды ,өнеге сабақ)
Ұстаз болу –жүректің батырлығы, Ұстаз болу –сезімнің ақындығы, Ұстаз болу-мінездің күншуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы ( Ғ.Қайырбеков)
Сабақтың мақсаты: а) білімділік : Даланың алып қоңырауы атанған Ыбырайдың өмірі, ұстаздық, жазушылық қызметі, өлеңдері мен әңгімелерінің тақырыптары мен маңызы, аудармалары туралы қайталай отырып оқушылардың білімін толықтыру. Ә) тәрбиелік: Оқушыларды өнегелікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Б) дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен ізденуіне, қорытынды ой , пікір айтуға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Ыбырайдың портреті, Ғ.Қайырбековтың сөзі, кроссворд, карточкалар, кітап көрмесі Сабақтың түрі: өнеге сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, түсіндірме, анализ-синтез, синтез-анализ Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа қатысуына көңіл бөлемін. « Жылдар сыр шертеді » деген тақырыпта Ыбырай өмірі мен қызметін жылдарды көрсету арқылы еске түсіру.
1841 1864 1879 1883
Енді « Ыбырайдың өмірі өнеге» атты тақырыпта Ыбырайдың ақындық, ұстаздық өмірі, балалар әдебиетінің атасы, тұңғыш аудармашы екендігі жөнінде қамтып өтейік.
1.Қазақ хрестоматиясындағы өлеңдер
Ыбырай -ақын
2. Лирикалық, пейзаждық өлеңдер
2.Ыбырай–ұстаз 3.Ыбырай –балалар әдебиетінің атасы 4. Ыбырай тұңғыш аудармашы ІІІ . Кроссворд шешейік. « Алтынсарин » ( Ыбырай өмірін толықтыру үшін) 1. Ыбырайдың анасы ( Айман ) 2. Ыбырай кімнің қолында тәрбиеленді ? ( Балғожа) 3. Ыбырайдың дін жөніндегі еңбегі ( Шариятұлислам) 4. Торғай даласының оқу-ағарту ісіне еңбегі сіңген кім? ( Балғымбек ) 5. Лев Толстойдан аударған шығармасы( Силинші) 6. Ыбырайдың әкесі кімнің шапқыншылығында қайтыс болды? ( Кенесары) 7.1879 жылы Орынборда жарық көрген кітабы ( Қазақ хрестоматиясы) 8. Қыздар училищесі қай жерде ашылды? ( Ырғыз) 9. Ыбырайдың орыс досы ( Ильминский ) 10. Табиғат көрінісін суреттеуге арналған өлеңі ( Өзен)
А
Л
Т
Ы
Н
С
А
Р
И
Н
Ыбырай балаларға арнап көптеген әңгімелер жазды деп айтқан болатынбыз. әңгімелерінен шағын көрініс көрсету арқылы Ыбырайдың нені айтқысы келгенін талдайық. 1. « Асыл шөп » Бұл әңгіме оқушыларды сабырлылыққа шақырады.
2. « Аурудан аяған күштірек » Аяғы ауырып қиналып жатса да, анасын қиналтпау үшін , білдірмей жатқан бала Сейітті мейірімді етіп көрсетеді.
3. « Өрмекші, құмырсқа ,қарлығаш » Бұл әңгімеде еңбексүйгіштікке шақырады.
Ыбырай осындай әңгімелерді, мақалаларды көптеп жазды. Сонымен бірге Шоқан мен Ыбырай арасында көптеген ұқсастық бар. Шоқан да, Ыбырай да халық өмірін тұрмысын жақсы білді. Жол сапарлары да ұзақ және ұқсас. Екеуі де ақын-жыршыларды , өнер иелерін өте жоғары бағалады. Ауыз әдебиетінің мұраларын жинады. Шоқанның 1862 жылы Майковқа , 1884 жылы Ыбырайдың Ильминскийге жазған хаттары да ұқсас. Бүгінгі қорытынды сабағымыздың тақырыбы: « Даланың дара ұстазы » . Халқымыздың тарихында есімі алтын әріппен жазылған алып тұлғалардың бірі, ұлы ұстаз сахарадағы дала қоңырауының тұңғыш иесі Ы. Алтынсарин екенін айттық.
Ы. Алтынсарин қазақ қоғамының тым мешеу кезеңінде, қазақ аулына төнген қара түнектің жиегі көтерілмей тұрған кезінде өмір сүрсе де, ол қазақ даласында бірінші болып мектеп ашып, білім шырағын жағу, ана тілінде оқыту секілді халық өмірінде бұрын –соңды болмаған зор әлеуметтік мақсаттарды орындап, даланың дара ұстазы атанды. Бұрын жұқанасы жоқ жерден мектеп ашу- тың жерге егін егумен бірдей еді. Ыбырай шашқан тәлім –тәрбие ұрығы зая кеткен жоқ. Ыбырай мектебі кейін қазақ ішінде білім ошағының жүздеген жаңа орныдарының негізі болды. Ыбырай еңбек, ғылым –өнер жолдарын аңсаған арманы ең сенімді қолдаушыларын тауып, еңбек үстемдік еткен қоғамда мүлтіксіз жүзеге асырылды. Сайын далада жалғыз жатқан жолаушыдай Ыбырай бір кезде сахарадағы жалғыз ұстаз, оның мектебі тұңғыш мектеп болса, қазақ даласының түкпір-түкпірінде ол жаққан білім жарығына қуат алған, ауласы сәбидің күмбірлеген күлкісімен қоңыраудың сыңғырлаған үніне толы оқу ордалары қаншама? Басқасын айтпағанда, өз ауданымызда 28 мектеп, оның ішінде 12 орта мектеп, орталау 6 мектеп, осы мектептерде 6700 оқушы бар. Өз мектебімізде 1145 оқушы , жүздей оқытушылар бар.
« Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы , Өлмейтұғын артына сөз қалдырған »,- деп дана Абай айтқандай, Ыбырайдың қалдырған сөз бен ізі мәңгі рухани қазына. Ыбырай есімі мәңгі есте. Ыбырай есімімен аталатын республикамызда 250-дей елді мекен, мәдени орындар мен мектептер бар. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім проблемалары институты бар. Ыбырай туралы ақын –жазушылардың шығармалары да жеткілікті.
Солардың бірі – Ғ. Қайырбековтың «Дала қоңырауы» поэмасы мен жазушы Ж.Молдағалиевтың «Таза бұлақ » романы, Ы. Алтынсарин тағлымы сияқты көптеген кітаптар бар. « Айтпайсың дәл қазіргі еліңе өкпе, Болашақ етеді аңыз сені көпке Ыбырай Алтынсарин деген шақта Бар мектеп көтереді қолын көкке » ,- дегендей Ыбырай есімі ұрпақтан –ұрпаққа жете бермек. Мектеп іргетасының мықтылығы Ыбырай ата « Мұғалім –мектептің жүрегі »,-деп атаған рухы мықты, сезімі адал, сенімі күшті абзал жанды ұстаздарға байланысты ғой. Даланың дара ұстазы Ыбырай ата тәлімін үйреніп, арымен, жанымен еңбек етіп жатқан жанкешті жандардың әр кез мерейі үстем болсын.
Үй тапсырмасы : Ы. Алтынсариннен өткенді қайталау
Акерке
Ильминский қазақтың жауы, шпион