Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы
"Болашақ" балабақшасының тәрбиешісі Әлібекова Гүлмира
Тақырыбы: Ойыншықтар арқылы әңгіме құрау
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы ұғымдарын кеңейту. Үйренген сөздерден сөйлем құрату. Дыбыстарды дұрыс анық айтуға, сөйлем мүшелерін дұрыс қолдана білуге жаттықтыру, сүйікті ойыншықтарын күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ойыншықтар, машина, доп, ыдыс-аяқтар, қуыршақ.
Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сипаттау, сұрақ-жауап, мадақтау, қорытындылау.
Сабақтың барысы: Балалармен үстел айналасында дастарқан басында отырып ойыншықтар туралы әңгімелеу.
Жұмбақ жасыру.
Ішін желмен толтырдым,
Қуалап жүріп болдырдым. (доп)
- Балалар, біз бүгін ойыншықтар туралы әңгімелесеміз.
- Сендерде қандай ойыншықтар бар?
- Сенің ең жақсы көретін ойыншығың не?
- Ойыншықты қайдан алдың?
- Ойыншықты кім жасайды?
- Қане, балалар, біз енді ойыншықтар дүкеніне барайық. Балалар,қараңдаршы қандай әсем, әдемі ойыншықтар.
Әр бала ойыншықты сипаттап береді. Сатушы сол ойыншықты алып береді.
- Балалар ,мұнда көптеген қуыршақтар бар екен. Балалар қуыршақтың әдемі әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен. Сонымен бірге балалар қуыршақтың да сендер сияқты екі көзі, екі аяғы, қолы бар.
- Қане балалар, кім айтады? Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай?
- Қуыршақ қалай жүреді?
- Ал енді мына ойыншық не деп аталады?
- Ыдыс–аяқ.
- Біздер ыдыс-аяқты не үшін қолданамыз?
- Мамаларымыз тамақ пісіреді. Ата-әжелеріміз шай ішеді.
- Балалар, кім ыдыс-аяқ туралы тақпақ айтады?
Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шәй құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз,
Бәрінің атын не дейміз? Ыдыс-аяқ
- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма ?
- Бүгін саяхатқа қайда бардық?
- Ойыншықтар дүкеніне бардық
- Дұрыс айтасыздар. Қандай ойыншықтар көрдік?
- Доп, машина, трактор, қуыршақ, ыдыс-аяқ.
Барлықтарыңыз сабаққа жақсы қатыстыңыздар. Сіздерге рахмет!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі