Өлең, жыр, ақындар

"Білгір химик" сыныптан тыс ашық сабақ

«Б.Сырттанов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сыныптан тыс сабақ

Мұғалімнің аты-жөні: Лесхан А.Б.

 

Іс-шараның тақырыбы:  «Білгір химик» 

Мақсаты:

•   Оқушылардың білімдерін тексеру, логикалық есептерді шығару қабілетін бақылау

•   Қызықты есептер арқылы қызығушылықтарын ояту,ойлау қабілетін дамыту

•   Еңбек сүйгіштікке,ой еңбегіне,шапшаңдыққа,топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу

Типі:білімдік шара

Түрі:сайыс

Көрнекілігі:Интерактивті тақта,презентациялар.

  • Барысы:
  •  I. Таныстыру   (ұран)
  • II. Бәйге. ( сұрақ-жауап)
  • III. Сиқырлы ұяшықтар
  • IV. Көкпар  (есеп шығару)
  • V. Қызықты 7 сұрақ
  • VI. Ертегілер елінде

 

                                                 «Білгір химик»сайысы.

Жүргізуші: Саламатсыздар ма,құрметті ұстаздар мен оқушылар!

«Қайда қарасақта,қайда көз жіберсек те химия ғажайыптары»демекші,шындығындада бізді қоршаған табиғат химиялық құбылыстарға толы.Атап айтсақ,күнделікті көріп жүрген ағаштың,көмірдің жануы.Міне осындай таңғажайып сыры мол химия пәнінен 8 -10 сыныптар арасында өткізілгелі отырған«Білгір химиктер»сайысына қош келдіңіздер!

     Енді бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарымызды ортаға шақырайық.

      1.

2

3

Сайысымызға әділ бағасын берер әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейін:

1.

 2.

3.

Білгір химиктер сайысына қатысушы сайыскерлерлерімізді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтер болсам:

  I. Таныстыру   (ұран)

  II. Бәйге. ( сұрақ-жауап)

  III. Сиқырлы ұяшықтар

  IV. Көкпар  (есеп шығару)

  V. Қызықты 7 сұрақ

  VI. Ертегілер елінде

Жүргізуші:  Өз тобын таныстыру үшін дайын топты ортаға шақырамын

 

Ең қиын жарыстың бәйге келді,

Мықтылары ортаға шықсын енді,

Тез жауап бер,ойланып тұрып қалма.

Осы ойыннан көрейін   ерен ерді-деп зымыранды сұрақтарға кезек береміз.Бұл турда әрбір топқа 10 сұрақтан беріліп,дұрыс жауапқа 10ұпайдан беріледі.

«                      »тобының сұрақтары:

1.Атомдардың әр түрінен тұратын заттар не деп аталады?(Күрделі заттар)

2.Коэффицент нені көрсетеді?(молекула санын көрсетеді)

3.Күкірт қандай валенттілік көрсетеді? (2,4,6)

4.Металл атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын заттар?(Тұздар)

5. судың мұзға айналуы қандай құбылыс? (Физикалық)

 6.Оттектің салыстырмалы молекулалық массасы нешеге тең?(32)

7.Жану реакциясы кезінде не байқалады?(жылу мен жарық)

8.Мыстың латынша атауы?(купрум)

9.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшегі?(атом)

 

10.Кез келген заттың 1 молінде қанша молекула бар?(6,02*1023)

«             » тобының сұрақтары:

1.Зат құрамының тұрақтылық заңын кім ашты?( Ж Пруст)

2.Индекс нені білдіреді?(Атом санын)

3.Натрий неше валентті?(І)

4.Екі элементтің біреуі оттегі болатын заттар?(оксид)

5.Атомдардың белгілі бір түрі?(Элемент)

6.Атмосферада оттек неше пайыз?(21 процент)

7.Судың салыстырмалы молекулалық массасы?(18)

8.Оттектің латынша атауы?(Оксигениум)

9.Отынның жануы қандай құбылыс?(Химиялық)

10.Қышқылдармен де,сілтілермен де әрекеттесетін негіздер?(екідайлы  негіздер)

«              » тобының сұрақтары:

1. Қаның құрамына кіретін металл?(Темір)

2.Темір қандай валенттілік көрсетеді?(2 және 3)

3.Сутек атомынан  және қышқыл қалдығынан тұратын заттар?(қышқылдар)

4.Металдардың кернеу қатарын ұсынған ғалым? (орыс ғалымы Н.Н.Бекетов)

5.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі? (Моль)

6.Натрийдің салыстырмалы атомдық массасы? (23)

7.Сутектің латынша атауы? (Гидрогениум)

8.Суда еритін негіздер қалай аталады? (сілтілер)

9.Зат массасының сақталу заңын кім ашты?Орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов)

10. Реагент дегеніміз не? (реакцияласушы заттар)

Жүргізуші:Рахмет сендер бірінші турда белсенділік көрсеттіңдер,енді сөз кезегін әділ-қазылар өз бағасын есептейді

  

Жүргізуші: келесі сайысымыз «Сиқырлы ұяшықтар»

Турдың шартымен таныстырып өтетін болсам,әр топ қалаған тақырып таңдайды.Әр тақырып төңірегінде 10,20,30,40,50 ұпайлық сұрақтар жасырылған.

ОТТЕК (10 ҰПАЙ)  ОКСИГЕНИУМ –ҚЫШҚЫЛ ТУДЫРУШЫ

ОТТЕК (20 ҰПАЙ)  ТАБИҒАТТА КҮН СӘУЛЕСІ ӘСЕРІНЕН ЖҮРЕТІН ӘЙГІЛІ ФОТОСИНТЕЗ ПРОЦЕСІ КЕЗІНДЕ,ЖАСЫЛ ӨСІМДІКТЕР ОТТЕКТІ БӨЛІП ШЫҒАРАДЫ.

 ОТТЕК (30 ҰПАЙ)  29 ҒА ТЕҢ

ОТТЕК (40 ҰПАЙ)  ОТТЕКТІ КӨП МӨЛШЕРДЕ СҰЙЫҚ АУАНЫ АЙДАУ АРҚЫЛЫ АЛАДЫ.

 ОТТЕК (50 ҰПАЙ)  7,9       40,5     39

 

ОКСИДТЕР (10 ҰПАЙ) Екі элементтен тұратын, оның бірі оттек болып келетін қосылы

ОКСИДТЕР (20 ҰПАЙ) CuO   SO2 Cr2O3  NO2.

ОКСИДТЕР (30 ҰПАЙ) Оксидтер 3-ке бөлінеді. Негіздік оксидтер, екідайлы оксидтер және қышқылдық

ОКСИДТЕР (40 ҰПАЙ) 33,6 л

 ОКСИДТЕР (50 ҰПАЙ)   4 P +5 O2 = 2P2O5 фосфор (V) оксиді

 

ХИМИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР (10 ҰПАЙ) Газдың бөлінуі, тұнбаның түзілуі,жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі

ХИМИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР (20 ҰПАЙ) біртекті және әртекті қоспа. Әртекті қоспаның тазарту жолдары:тұндыру, сүзу. Біртекті қоспаны бөлу әдістері: қайта кристалдану, айдау

ХИМИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР (30 ҰПАЙ) V =44,8л  m=88г   

ХИМИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР (40 ҰПАЙ) валенттілік – химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті. Түлері: тұрақты және айнымалы

ХИМИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР (50 ҰПАЙ) Сутекті 1776 ж ағылшын ғалымы Кавендиш ашты.

 

ҒАЛЫМДАР (10 ҰПАЙ) ағылшын ғалымы Р.Бойль

ҒАЛЫМДАР (20 ҰПАЙ) 19 ғасырда француз ғалымы Ж.Пруст

ҒАЛЫМДАР (30 ҰПАЙ) қосылу, айырылу, орын басу және алмасу

ҒАЛЫМДАР (40 ҰПАЙ) Физикалық және химиялық қасиеттерінің ұқсастықтары бойынша біріккен топтарды табиғи ұяластар д.а. Мысалы: Металдардан сілтілік металдар және сілтілік жер металдар; бейметалдан галогендер және халькогендер.

ҒАЛЫМДАР (50 ҰПАЙ)  өз ойларын айтады

Ал енді келесі  кезекте Көкпар. 2 мин

Берілген формуладағы әрбір элементтің массалық үлесін анықта?

1 топ – BaSO4

 

2 топ- Na3PO4

 

3 топ - Al(OH)3

 

Қызықты 7 сұрақ,шарты қай топ бірінші дайын болады,сол топ жауап береді.

1.Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар?

(HCl)

2.Антибиотик дегеніміз не?

 (микроб, бактерияларды өлтіретін заттар)

3.Қай элементтің жетіспеуінен тіс ауруына ұшырайды?

(F)

4.Қандай металды Чернышевский металы деп аталады?

Al

5.Қандай(элементтерді) металдарды салқын сумен жандыруға болады?

(K,Na,Fr,Cs)

6.Қандай  элементтерде  адамға қажетті тіршілік көздері кездеседі ?..

(O,H,C)

7.Адам мен элементтер қасиеттерін салыстырып теңейтін мысалдар келтір?

«Алтын қол» , «темір мінезді», «күміс күлкі», «күміс көмей», «жез таңдай»

 

Ертегілер елінде. Әр топ жауабын жазып,әділ – қазының алдына апарады. 5 мин

1.Бір көргеннен ұнату Жауабы:

Көміртегі оттегін ұнатқан, №2 период 2 қатар да ,№6 бөлмеде тұратын көміртегі (жігіт), №8 бөлмеде тұратын  оттегі қыз . Екі жас деген көміртегінің реттік № 6.

Оттегінің реттік №8. Қыздың портреті О реакция теңдеуі

С+О2=СО2

2.Оттегі жайлы : Жауабы. Оттегі бұрын тотықтырғыш болып келсе,бұл реакцияда тотықсыздандырғыш рөлін атқарды.Сөйтіп фтордың оттегіненде тотықтырғыштығы асып түсті.«Өзіңнен зор шықса,екі көзің сонда шығар» дегеннің кері келді.

O2+2F2        2OF2

Жүргізуші:Білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.

 

Жүргізуші: Сонымен бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз тобы анықталды.Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті.Бізбен бірге болып,ойынды тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.Сау болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз