«Биология» пәні бойынша тест тапсырмалары

Ақтау қаласы
"Ибаш Жанболатова атындағы №15 ЖББОМ" КММ
Химия және биология пәндерінің мұғалімі
Азаматова Гулжамал Мырзабаевна

Тест тапсырмалары


1.  Жүрек жұмысы неше кезеңнен тұрады?
А) 4       
Ә) 5      
Б) 3       
В) 2

2. Қылтамырда қан қандай қысыммен ағады?
А) төмен       
Ә) жоғары      
Б) шамалы

3. Жүректің соғуын жиілететін гормон?
А) адреналин      
Ә) инсулин    
Б) ацетилхолин       

4. Жүрек дәрігері
А) эндокринолог       
Ә) кардиолог      
Б) иммунолог       
В) дальтоник

5. Жүректің ортаңғы қабаты
А) миокард       
Ә) эпикард    
Б) эндокард

6. Қанның дұрыс ұюына әсер ететін дәрумен
А) Д      
Ә) А      
Б) К       
В) В12

7. Қан беруші адам
А) реципент      
Ә) донор      
Б) гемотолог

8. Ересек адамның жүрегінің салмағы
А) 100 г     
Ә) 200 г      
Б) 300 г       
В) 400 г

9.Эритроциттер қайда түзіледі?
А) өтте     
Ә) өкпеде      
Б) сүйек кемігінде

10. Жүректің бірінші қабаты
А) миокард      
Ә) эпикард      
Б) эндокард

11. Эритроциттер қандай қызмет атқарады?
А) қорғаныштық    
Ә) тасымалдау      
Б) фагоцитоз

12. Жүректе қандай бұлшық еттер бар?
А) көлденең жолақты     
Ә) бірыңғай салалы     
Б) көлденең салалы

13. Жүректің жұмысы қалай реттеледі?
А) санамен      
Ә) гуморальдық     
Б) рефлекспен

14. Адамның жүрегі неше бөліктен тұрады?
А) 2      
Ә) 5      
Б) 3       
В) 4

15. Қанайналымның маңызы қандай?
А) Оттегіні тасымалдау    
Ә) СО2  тасу   
Б) гормондарды жеткізу

16. Лимфа түтіктері қайда тұрады?
А) оң жақ жүрекшеге      
Ә) қолқаға    
Б) қуыс көктамырларға

17. Дене жасушалары қантамырлармен қалай жалғасады?
А) лимфамен      
Ә) ұлпа сұйықтығымен   
Б) қан плазмасымен

18. Салатамырға тән қасиет
А) қабырғасы қалың      
Ә) қабырғасы жұқа   
Б) қысымы төмен

19. Оттек жеткіліксіз болса қандай құбылыс байқалады?
А) организмде энергия қоры мол болады      
Ә) миокард инфарктісі болуы мүмкін     
Б) ондай адамдар баяу қимылдайды

20. Жүрек клеткаларында митохондрия саны көп болса адамдар қандай күйде болады?
А) іс-қимылы жылдам,ойы жүйрік      
Ә) көп жата беретін болады    
Б) халі нашарлап ауру пайда болуы мүмкін


Тест жауаптары
 
1. Б                        11. Ә
2. Б                        12. А
3. А                        13. Ә
4. Ә                        14. В
5. А                        15. А
6. Б                        16. А
7. Ә                        17. Ә
8. Б                        18. А
9. Б                        19. Ә
10. Ә                       20. А

Тест сұрақтары бойынша бағалау шкаласы

20-17 дұрыс жауап - 5 ұпай
16-12 дұрыс жауап - 4 ұпай
11-8 дұрыс жауап - 3 ұпай
7-6 дұрыс жауап - 2 ұпай
5-4 дұрыс жауап - 1 ұпай


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

Данира

Томен оқушылармен тапсырмалары

Данира

Бөлім: Жасушалық биология
Педагогтің аты-жөні: Реймбаева Данира
Күні: 6.10.2026ж
Сынып: 7-сынып Қатысушылар саны: ____ Қатыспағандар саны: ____
Сабақтың тақырыбы: Жасуша – ағза құрылысының негізгі бөлшегі. Өсімдік және жануар жасушасының құрылысы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 7.4.2.1 – «жасуша», «ұлпа», «мүше», «мүшелер жүйесі» туралы түсініктер;
7.4.2.2 – өсімдіктер және жануарлар жасушаларын ажырату.
Сабақтың мақсаты: • жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі ұғымдарын құрылымдық деңгей бойынша байланыстырады;
• өсімдік пен жануар жасушасының ортақ және ерекше құрылымдарын анықтайды;
• жасуша құрылысының ағза қызметімен байланысын дәлелдейді.
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық
Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту
Негізгі орта мектеп түлегі: Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;

Сабақ кезеңі/уақыты Педагогтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді, сабаққа дайындығын ұйымдастырады.
Психологиялық ахуал.
«Бір бөлшек – бір қызмет»: «қорғайды», «басқарады», «толтырады» сөздерін ұсынып, олардың қандай жасуша бөлігімен байланысты болуы мүмкін екенін болжатады.
Топқа бөлу.
«Жасуша», «Ұлпа», «Мүше» терминдері жазылған карточкалар арқылы 3 топқа біріктіреді.
Аптаның дәйексөзі.
Дәйексөз мағынасына қысқаша назар аударады.
Үй тапсырмасы.
«Тірі ағзалардың ортақ белгілері қандай?», «Біржасушалы және көпжасушалы ағзалардың айырмашылығы неде?» сұрақтарын қояды.
Қызығушылықты ояту.






«Неліктен ағзаның құрылымдық деңгейлері жасушадан басталады?» деген проблемалық сұрақ қояды. Сабаққа дайындалады.

Қызмет сөздерін жасуша бөліктерімен байланыстырып болжам айтады.



Термин карточкасына сәйкес топқа бірігеді.


Дәйексөз мағынасын түсіндіреді.

Үй тапсырмасы сұрақтарына жауап береді.







40-суретті бақылап, жасушаның ағза құрылысындағы орны туралы болжам жасайды. ҚБ: мұғалімнің қолдауы.


















Ауызша мадақтау, жедел кері байланыс. Термин карточкалары
















Оқулық, 40-сурет
Интерактивті тақта
Сабақтың ортас 35 мин Жаңа сабақ
Қысқа бейнеролик көрсетеді. §11 және 40–42-суреттер бойынша жасушаның негізгі бөліктерін: қабықша, цитоплазма, ядроны түсіндіреді. Ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттар ұлпа түзетінін, ұлпалардан мүше, мүшелерден мүшелер жүйесі қалыптасатынын көрсетеді. Өсімдік жасушасына тән жасуша қабырғасы, ірі вакуоль, хлоропласттарды жануар жасушасымен салыстырады.

Құндылық
Әділдік және жауапкершілік – микросуреттегі белгілерді дәл бақылау, қорытындыны дәлелге сүйеніп жасау.

1-тапсырма. Топтық жұмыс.
«Құрылымдық баспалдақ»
Аралас ұғымдар: жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі, тұтас ағза.
А) Кішіден үлкенге орналастырыңдар.
Ә) «Жүрек бұлшықет жасушасы → ... → адам» тізбегіндегі бос деңгейлерді нақты мысалмен толықтырыңдар.
Б) Неліктен ұлпа жасушадан кейін орналасатынын бір дәлелмен түсіндіріңдер.
Дескриптор:
– деңгейлерді дұрыс реттейді – 1 балл;
– тізбекті нақты мысалмен толықтырады – 1 балл;
– деңгейлер байланысын дәлелдейді – 1 балл. Бейнероликті көреді,

40–42-суреттерді талдайды.

Жасушаның негізгі бөліктерін және ағзаның құрылымдық деңгейлерін анықтайды.








Ұғымдарды кішіден үлкенге реттейді. Жүрекке қатысты құрылымдық тізбекті нақты мысалдармен толықтырады. Ұлпаның жасушалардан түзілетінін дәлелдейді. ҚБ: топтық бағалау.
3 балл. Бейнеролик
Оқулық §11
40–42-суреттер
Карточкалар
2-тапсырма. Жеке жұмыс.
А және Ә суреттерін зерттеп, тапсырмаларды орында.


1. А және Ә жасушаларының қайсысы өсімдік, қайсысы жануар жасушасы екенін анықта.
А – ____________
Ә – ____________
2. Өсімдік жасушасына ғана тән екі құрылымды жаз.
1) ____________ 2) ____________
3. Екі жасушаға да ортақ екі құрылымды жаз.
1) ____________ 2) ____________
Дескриптор:
– өсімдік және жануар жасушаларын ажыратып, өсімдік жасушасына тән құрылымдарды анықтайды – 1 балл;
– екі жасушаға ортақ құрылымдарды анықтайды – 1 балл. Екі жасушаның құрылысын салыстырады.
Өсімдік жасушасына ғана тән құрылымдарды және екі жасушаға ортақ бөліктерді анықтап жазады. ҚБ: өзін-өзі бағалау.
2 балл. Оқулық, 40-сурет
Өсімдік және жануар жасушасының сызбасы

3-тапсырма. Функционалдық сауаттылық тапсырмасы
Жұптық жұмыс
Жағдаят: Зертханада А және В деп белгіленген екі микропрепарат зерттелді. А үлгісінде жасушалардың сыртында қатты қабырға, жасыл түсті денешіктер және көлемді қуыс байқалды. В үлгісінде ядро мен цитоплазма бар, бірақ жасыл денешіктер мен қатты жасуша қабырғасы байқалмады. Зерттеуші үлгілердің біреуі жапырақтан, екіншісі жануар ұлпасынан алынғанын айтты.


1-сұрақ. А үлгісі қай жасушаға жатады?
А) жануар жасушасы
Ә) өсімдік жасушасы
Б) бактерия жасушасы
В) анықтау мүмкін емес
2-сұрақ. Шын/жалған
«В үлгісінде ядро болғандықтан, ол міндетті түрде өсімдік жасушасы».
☐ Шын  ☐ Жалған
Таңдауыңды бір белгімен негізде: ______________________
3-сұрақ. А үлгісіндегі жасыл денешіктің атауын және оның негізгі қызметін жаз.
Атауы: ____________________
Қызметі: _________________________________
Дескриптор:
– А үлгісінің өсімдік жасушасына жататынын анықтайды – 1 балл;
– тұжырымның шын/жалған екенін анықтап, жауабын негіздейді – 1 балл;
– жасыл денешіктің атауы мен қызметін дұрыс анықтайды – 1 балл.




А және В микропрепараттарының сызбасын зерттеп, жасушалардың құрылымдық белгілерін салыстырады. А үлгісінің қай жасушаға жататынын анықтап, дұрыс жауапты таңдайды.
В үлгісі туралы тұжырымның шын немесе жалған екенін анықтап, жауабын белгісімен негіздейді.
А үлгісіндегі жасыл денешікті анықтап, оның қызметін жазады. ҚБ: жұптық бағалау.
3 балл. Жағдаят карточкасы
Оқулық, 40-сурет
Жұмыс парағы
4-тапсырма. Жеке жұмыс. «Сөйлемді толықтыр» тәсілі
ЕБК бірге
Тірек сөздер: мүшелер жүйесі, ұлпа, жасуша, мүше
1. Тірі ағзаның құрылысы мен тіршілік әрекетінің негізгі бірлігі – ____________.
2. Құрылысы мен қызметі ұқсас жасушалар жиынтығы ____________ түзеді.
3. Бірнеше ұлпа бірігіп ____________ түзеді.
4. Өзара байланысқан бірнеше мүше ____________ түзеді.
Дескриптор:
– «жасуша» және «ұлпа» ұғымдарын дұрыс қолданады – 1 балл;
– «мүше» және «мүшелер жүйесі» ұғымдарын дұрыс қолданады – 1 балл.
Сабақты бекіту. «3 дәлел»
– Өсімдік жасушасын жануар жасушасынан ажырататын үш белгіні ата.
– Жасуша мен ұлпаның байланысын бір сөйлеммен түсіндір.
– Мүше мен мүшелер жүйесінің айырмашылығын бір мысалмен көрсет. Берілген қызметке сәйкес жасуша бөлігін анықтайды.
Құрылымдық деңгейдің алдыңғы деңгейден қалай түзілетінін түсіндіреді.















Бекіту сұрақтарына жауап беріп, өсімдік пен жануар жасушасының айырмашылығын және жасуша–ұлпа–мүше–мүшелер жүйесі байланысын жинақтайды. ҚБ: мұғалімнің бағалауы.
2 балл.























Жалпы: 10 балл. Оқулық §11
Дәптер
Интерактивті тақта
Сабақтың соңы
5 мин
Рефлексия. «Екі нақты ой»
1) Бүгін мен өсімдік пен жануар жасушасын ... белгісі арқылы ажыраттым.
2) Жасушадан тұтас ағзаға дейінгі байланысты ... деп түсіндім.
Үй тапсырмасы
§11 оқу. «Жасуша → ұлпа → мүше → мүшелер жүйесі → ағза» тізбегіне өсімдіктен немесе жануардан бір нақты мысал құрастырып жазу. Өз оқу нәтижесін екі сөйлеммен бағалайды. Өсімдік пен жануар жасушасын ажыратқан белгісін және құрылымдық деңгейлер байланысын тұжырымдайды.


Үй тапсырмасын жазып алады. ҚБ: қысқа кері байланыс. Рефлексия парағы
Оқулық

Тексерілді: Е.Шортанбаев