Өлең, жыр, ақындар

Күзгі орман

Оңтүстік Қазақстан Облысы Түркістан қаласы
МКҚК «Болашақ»ясли-бақшасының тәрбиешісі Ешманова Айзад Әбдірәсілқызы

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің жоспары

Білім беру саласы: шығармашылық

Білім бөлімі: сурет салу

Тақырыбы: Күзгі орман

Мақсаты: қылқаламмен және бояумен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, сүйкей жағу арқылы қағаз бетіне дақ түсіру кезіндегі қолдың қимыл-қозғалысын дамыту, ұқыпты жұмыс істеуге үйрету, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар: ақ қағаз, акварель бояуы, қылқалам, су, сүрткіш, және тұғырлар.

Сөздік жұмыс: себет, тұғыр.

Іс- әрекеттер

Тәрбиеші қызметі

Балалар іс-әрекеті

Ұйымдастырушы- қозғаушы қызмет

Шаттық шеңбері.

  • Балалар, Толғанай деген қуыршақ бүгін бізге қонаққа келіпті. Ол күзгі ормканды аралап жапырақтар жинап жүргенде, қолындағы себетін бір жерге қойып кеткен екен, енді соны таба алмай қалыпты. Сендерден себетін сұрауға келген көрінеді.

Естеріңе түсіріп көріңдер, біз себетті қайдан көрдік? (егер балалар айта алмаса, тәрбиеші өзі айтады) мынау ма?

(Қуыршақ қуанып) – иә, осы, қандай жақсы болды, рахмет сендерге. Ақ лақ өзі келем деп еді, келіп қалар.

Осы кезде есікті қағып ақ лақ кіреді (күтуші әкеліп береді).

  • Балалар, мен өткен сабақта сендерден сурет салуды үйреніп, сурет салып әкелемін деп уәде беріп едім. Сол уәдемді орындап, суретті алып келдім. Жапырақтардың түсіп жатқаны бейнеленген үлгі суретті көрсетеді.
  • Ақ лақтың суреті қандай тамаша! Ол нені салғанын кім айтады?

Балалар шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

 

Ақ лақ түсіп, бірден ақ лақты тауып алып, әкеліп көрсеткен суреті туралы әңгімелейді.

 

Далада бақылағандары, ағаш бұтақтарындағы жапырақтар азайғанын, жерде түсіп жатқан жапырақтар күннен күнге көбейгенін әңгімелеп айтып береді. Тәрбиешінің көмегімен «жер алтын сары жапырақтармен көмкерілген» деген ой қорытады.

Ұйымдастыру-ізденушілік

Тәрбиеші баланың ойын дамыту үшін күз туралы бір шумақ өлең оқиды.

Тәрбиеші: - ақ лақ суретті жақсы салып үйреніпті, енді біз түсіп жатқан жапырақтарды салып үйренейік. Ол үшін қылқаламды қолымызға ұстап, бояуға батырып аламыз да, былай сүйкей жағамыз (өзі үлгі түрінде бірнеше жапырақ салып көрсетеді).

Балалардың суреттерін Толғанай екеуі аралап көреді. Аяқталған жұмыстарды тәрбиеші жинап алып тақтаға іледі. Толғанай балалардың еңбекқорлығына таңданып, салған жұмыстарына ризашылығын білдіріп, мадақтайды.

Толғанай: - Ақ лақ, менің себетімді балаларға әкеліп бергенің қандай жақсы болды. Балалардың бәрі сурет салуды үйреніп алыпты, менде енді сендерден сурет салуды үйренемін. Мен ссендерге арнап ақ лақ туралы тақпақ айтып берейін бе?

Жүні жібек шудадай

Ақ мүйізді аппағым.

Үстіңді жүр былғамай,

Баспа жердің батпағын.

Ақ лақ: - Рахмет, Толғанай, мен айтқан тілді аламын. Балалар ұқыпты, таза жұмыс істеуді үйреніпті, енді мұнда екеуіміз бірге келетін боламыз. Ал қазір бәріміз бірігіп ойын ойнасақ қайтеді. «Балабақша бағында» музыка әуені ойналады.

Күз туралы өлеңді тыңдайды.

 

 

Балалар алдарындағы ағаштар салынған қағазға түсіп келе жатқан жапырақтарды салып көреді.

 

 

 

 

Қылқаламмен бояуды сүйкей жағу тәсілімен қағазға жапырақтардың суретін салады. Бояу түстерін өздері таңдайды.

 

 

 

 

«Балабақша бағында» атты музыка әуенімен қозғалмалы ойын ойнайды.

Рефлекстік- түзету

Тәрбиеші балалардың суреттеріне ауызша баға беріп, алдын ала дайындаған себет суреттерін балаларға үлестіреді.

Балалар өздерінің салған суреттерін тамашалайды, басқалардікімен салыстырады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: күзгі жапырақтардың ерекшеліктері жайында түсініктері қалыптасады.

Түсінеді: қылқаламмен, бояумен қағаз бетінде дұрыс жұмыс жасау, жапырақтарды үлгідегі тәрізді етіп икемді әрі шебер салу дағдысын түсіндіреді.

Қолданады: ұқыпты жұмыс жасау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер