Оңтүстік Қазақстан Облысы Түркістан қаласы
МКҚК «Болашақ»ясли-бақшасының тәрбиешісі Өтебаева Салтанат Жолдыбайқызы
Білім беру салсы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жапсыру
Тобы: ІІ-кіші топ
Мақсаты: Көлік және олардың түрлері туралы түсініктерін бекіту; өз беттерінше жапсыру жеке жолдарын ойлап табу дағдыларын қалыптастыру. Ұшақты жапсырып құрастыруда материалды оның бөліктеріне сәйкес таңдап, жасалу ретіне, қарай дұрыс жапсыра білуге үйрету.
Қажетті құрал: Әртүрлі суреттер үлестірмелі материалдары, слайд, мультфильм, үнтаспа.
Билигвальный компонент: ұшқыш-летчик, ұшақ-самолет, аспан-небо.
Шаттық шеңбері.
Біз қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз!
Еш уайымды білмейміз.
Балалар жылулық шеңберін орындайды.
Тәрбиеші:
– Балалар жылдың қай мезгілі?
– Қыс
– Ауа райы қандай?
– Суық,күн бұлтты.
– Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
– Қар жауады.
Өткен оқу қызметін қайталау.
Ұйымдастырушылық-ізденістік: Үнтаспада ұшақтың дыбысы естіледі: топқа Дымбілмес кіріп келеді:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Сен бізге қай жақтан келе жатырсың?
- Мен бір темір құспен ұшып келдіім.
Дымбілмес сен біздің сабағымызға қатыс, отыр жайғас.
- Ұшақ деген не, балалар, маған айтып беріңдерші?
- Балалар ұшақты кім ұшырады?
- Балалар,ұшақ қандай көлік?
- Әуеде ұшатын көлік.
- Балалар,аспанда не бар?
- Аспанда ұшақ, бұлт, Күн бейнеленген
- Балалар сендер дұрыс айтасыңдар.
- Рахмет балалар!
Алдағы уақытта ұшақтар туралы біліп жүретін болдым.
- Мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Құстан аумайды,
Көкте зулайды /ұшақ/
Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тымәрі,
Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)
Балалар тәрбиешінің жасырған жұмбақтарын шешеді: Ұшақ, Ұшқыш.
Ал ендеше біз балалар Дымбілмеске әр түрлі заттардан ұшақ жасап береміз.
Ұжымдық шығармашылық жұмыс.
1. Түйіршікті ойыншыкпен ұшақ құрастыру.
2. Резинаны керу арқылы үшбұрыш жасау.
3. Фетр матасынан ұшақ жасыру арқылы.
Дымбілмес;
Балалар маған қатты ұнады.
Жарайсындар балалар енді ұшақ жайлы мултфилмнен үзінді көреміз.
Балалар маған ұшақ жайлы кім тақпақ айтып береді.
Аяжан:
Мен ұшақпын, ұшамын
Ақ бұлттарды құшамын
Асқар таудан асып
Бәрінен де озамын..
Слайд.
– Балалар ұшақтар қайда ұшады?
– Аспанда ұшады.
– Ал сендердің ұшқыш болғыларың келе ме?
– Иә, мен өскенде ұшқыш болғым келеді.
– Ұшқыш болу үшін не істеукерек?
– Ұшақ жасауымыз керек.
–Ендеше, біз нағыз ұшқыш болу үшін өзімізге ұшақ жасайық.
Ұшақ жасау үшін мына суретке назар аударайық.
– Суретте нелер бейнеленген? Ендеше, фонда тұрған ұшақтың негізгі бөлігіне қанатын жапсырамыз, одансоң ұшақтың екінші қанатын сәл төменірінек жапсырамыз. Ұшақтың негізгі бөлігінің ішінде адамдар отырады, ал олар қайда ұшып бара жатқанын білу үшін оларға терезе керек. Олай болса терезесін жапсырайық.
Балалар үлестірмелі материалдағы суретке қарайды.
Сөздік жұмыс: қанат.
Қайталайды: қанат.
Суретте аспан, ұшақ, бұлт, Күн бейнеленген.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, оның айтуы бойынша орындайды.
Тәрбиеші оқу іс-әрекеті барысында көмек сұраған балалармен жеке жұмыс өткізеді. Балалар берілген нұсқау бойынша жапсыруды орындайды.
Билингвальді компонент: ұшақ- самолет, аспан- небо.
– Дымбілмес, енді біздің балалармен бірге сергіту сәтін жасайық!
Сергіту сәті:
Қане қанат жазайық.
Ұшақ болып ұшайық.
Ұшып ұшып алайық.
Орнымызға қонайық.
Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады, қимыл қозғалыстар жасайды.
Балалардың жасаған жұмыстары тақтаға ілініп, талданады.
Өздері дайындаған ұшаққа қызыға қарайды.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
Ойын.
Тақырыбы Ұшты-ұшты
Шарты: Ұшатын ұшпайтын заттарды ажырату.
Балалар, бүгін ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде не үйрендіңдер?
Ұшақ жасауды үйрендік.
Ұшақ жапсыру қызық па екен?
Иә, өте қызық.
Тәрбиеші балаларды марапаттайды, дайындаған жұлдыздарды балаларға таратады.
Ал енді балалар дымбілмеспен қоштасайық.
Балалар жұлдызша алғандарына қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: ұшақтың бөліктерін, оларды рет ретімен жапсыруды;
Түсінеді: ұшақтың әуе көлігі екенін, аспанда ұшатынын; берілген тапсырманы тыңғылықты орындауды;
Қолданады: Басқада заттармен ұшақ құрастыруды;
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі