Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы
С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектептің
технология және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Байсейтов Алтынбек Едилбаевич
Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнері
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мүсін өнері туралы түсініктерін кеңейту, жергілікті жердегі мәдени ескерткіштер жөнінде мәлімет беру.
Мүсін өнерінің айырықша туындыларын көрсете отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, өзара көмекке, достыққа тәрбиелеу; оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, мүсіндеу әдіс-тәсілдерін меңгерту, ұсақ моторикасын дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, практикалық, топтық жұмыс
Көрнекілігі: Түрлі мүсін үлгілері, фотосуреттер, тақырыпқа сай слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2.Оқушыларды түгендеу
3. Сабаққа қажетті құралдарын түгендеп, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Өткен тақырыпқа байланысты оқушыларға сұрақ қойып, жауап алу.
- Перспектива дегеніміз не?
- Перспектива түрлерін ата?
- Кеңістік перспективасы дегеніміз не?
- Перспективаның белгілі бір ережелерін айтып бер
2. Оқушылардың жұмысын тексеріп бағалау.
ІII. Жаңа сабаққа дайындық
Ой қозғау
Сұрақ: Балалар, біз сендермен бастауыш сыныптан бастап бейнелеу өнерінің түрлерімен танысып келеміз. Бейнелеу өнерінің түрлерін атап өтейікші?
- Графика
- Сәулет өнері
- Дизайн
- Кескіндеме
- Сәндік қолданбалы өнері
- Мүсін өнері
Ендеше, біз бүгінгі сабағымызда мүсін өнеріне толығырақ тоқталамыз.
IV. Жаңа сабақ
Мүсіндеу - көркем өнердің бір түрі. Мүсіндеудің графика мен кескіндемеден айырмашылығы кескіннің барлық жағынан анық көрсетілуі.
Мүсіншілер өз шығармашылығын тастан қашап (әсіресе мәрмар мен граниттен), ағаштан жонады.
Қазіргі уақытта мүсінді болаттан, бетоннан,пластмассадан және т.б материалдан жасауға болады.
Мүсіндеудің негізгі объектісі – адам.
Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған.
Бұл тас мүсін – Балбал тастар.
Оны жасауға сопақ пішінді тастарды іріктеп алған. Олар: Орталық Қазақстан, Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі тас мүсіндер жалпақ, әрі көлемді болып келеді. Одан кейінгілері жұмырлы мүсін болып келеді.
Мүсіндеудің түрлері:
1. жұмыр мүсіндеу
2. рельефті мүсіндеу (бедерлі)
Жұмыр мүсінді барлық жағынан қарауға болады.
Мүсіншілер өздерінің шығармаларын жасау барысында адам мен жануарлардың мүсіндерін жан - жақты қарап отырып сомдайды.
Мысалы: Хакімжан Наурызбаев (27. 08. 1925 жылы туған, қазіргі Қостанай облысы, Ленин ауданы) — қазақтың тұңғыш кәсіпқой мүсіншісі, қазақ халқының көрнекті қайраткері. Оның қолынан
А. Иманов, Ж. Жабаев, А, Ш.Уалихановтың , А. Құнанбаевтың монументалды бюстері шықты.
2. рельеф.(бедерлі)
Монументтік мүсіндеу – бұл ұлы адамдардың немесе тарихи оқиғаларға орнатылған, асқақ, келісті ескерткіштер.
Монументті – сәндік шығармалар әдетте жеке ансамбльдің, алаңның немесе демалыс орындарының сәулеттік композициясының жиынтығы болып табылады.
Жаңа терминдерге түсінік беру.
Анималистік жанр -(лат. Жануар ) хануанаттар дүниесін бейнелеу өнері
Анималист мүсінші – Жануарларды бейнелейтін мүсінші.
Жергілікті жердегі мүсін өнері туындыларымен таныстыру.
Жергілікті жердегі мүсін өнері туындыларын бір-бірлеп көрсетіп, оқушылардан кенттің қай жерінде орналасқанын сұраймын.
Ой шақыру Жұмбақ шешу:
1. Бейбітшілік құсы деп, айтады оны барша жұрт. (көгершін)
2. Қайталап әнімді, көктемде ән салам (көкек)
3. Су бетін сызып, аққұман жүр жүзіп. (аққу)
4. Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады. (қарлығаш)
5. Бір құс бар, үлпілдеген жүні жұмсақ,
Тұяғы бейне болат алмас пышақ.
Тұмсығы имек көрмейді күндіз көзі,
Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады. (үкі)
6. Биік шыңда тұрады,
Қалықтайды төбеңде.
Көз тастайды қырағы,
Қонбайды ол төменге (бүркіт)
Барлығының жауабын таптыңыздар. Енді осы жұмбақтардың жауабын бір сөзбен не деп атаймыз. -Құстар.
Олай болса бүгінгі машықтық жұмыстың тақырыбы: Құстарды мүсіндеу.
VI. Машықтық жұмыс.
Құрал жабдықтарын түгендеу.
Картон, су, пластилин, қол сүртетін сүлгі.
1. Ермексазбен жұмыс істеу техникасының ерекшеліктерін түсіндіру.
Ермексазбен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- Ермексазды ауызға салма.
- Жұмыс кезінде столды немесе партаны ластама.
- Жұмыстан соң қолды сабындап жу.
«Құстарды мүсіндеу»
Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, сұрақ қою арқылы түсініктерін тексеру, өз жұмыстарын қалай, қай әдіспен мүсіндегенін сұрап бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстырып қателерін айту.
VI.Бекіту сұрақтары.
Мүсіндеу дегеніміз не?
Мүсіндеудің түрлерін ата.
Мүсінші қандай материалдарды пайдаланады?
Мүсіндеудің негізгі объектісі кім?
Жұмыр мүсін дегеніміз не?
Бедерлі мүсін дегеніміз не?
Жануарларды бейнелейтін жанр қалай аталады?
Мүсін өнерінің тарихы туралы не айтасың.
VІІ .Сабақты қорытындылау.
- оқушылар, бүгінгі сабақта мүсін өнерінің түрлері және Атасу кентіндегі мәдени ескерткіштері туралы мәлімет алдыңыздар. Біздер елімізді көркейтер жас бүлдіршіндер елімізде орналасқан тарихи ескерткіштерді қорғап, оларды күтіп ұстауымыз керек, себебі, ол – тарихи мұра.Сондықтан дүние жүзі бойынша
28 сәуір – халықаралық ескерткіштерді қорғау күні қабылданған.
VІІІ. Оқушыларды бағалау
IX. Үйге тапсырма.
1. «Егер мен мүсінші болсам» деген тақырыпта эссе жазып келу.
2. Еркін тақырыпқа мүсін жасау.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі