Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қожакент ауылы
"Аялы алақан бөбекжайы"
Тәрбиеші: Ерходжаева Ақнұр
Тақырыбы: «Тәрбие көзі — салт-дәстүр»
Мақсаты: Заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміз дің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйген еліне адал қызмет ететін, тілінің, дінінің, салт-дәстүрдің жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлттық бұйымдар, жабдықталған киіз үй, салт-дәстүрге қатысты заттар, ұлағатты сөздер.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Ұлыстың ұлы күні, әз наурыз елімізге құт, береке, ырыс, ынтымақ, бақ әкелсін.
Қош келдің наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Құрметті қонақтар «Балдырған» тобының «Тәрбие көзі-салт-дәстүр» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
«Сәлем-сөздің анасы» деген балалар келген қонақтармен орнымыздан тұрып амандасамыз.
Қош келдің жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата-бабам тойлаған
Әз наурызым армысың!
Келген бізге қонаққа,
Сәлем бердік бармысың.
Жүргізуші:
Әнімде саған биімде,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде наурыз күлімде.
Балалар: Хор:
«Нұрлы көктем»
Жүргізуші:
Наурыз тойына арналған балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздыр.
Иманәли:
Уа, ағайын, халайық!
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың,
Наурыз тойын бастайық.
Нұрдаулет:
Наурыз тойы-салтанат,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Әр жүректен әр тарап.
Шаттанады шартарап.
Димош:
Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызық думан мереке,
Қызық думан құрамыз.
Ердәулет:
Жылдың басы-наурыз
Жердің басы-наурыз
Мерекеге арналсын,
Бүгінгі жыр әніміз.
Ринат:
Құт, бауырсақ шашылсын,
Наурыз тойы ашылсын.
Бір-бірімен мына жұрт,
Көрімдігін асырсын.
Жүргізуші:
Наурыз келді салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз.
Дәстүрімді дәріптеп
Жыр жырлайды жалпыңыз.
Салт-дәстүрінен көрініс:
Екі кемпір амандасып хал сұрасады. Бір-бірін үйлеріне қонаққа шақырады. Келінінің аяғы ауыр екенін айтып, құрсақ шашуға қонақ болып кетуін сұрайды. Айлар өтеді.
Иманали:
Сүйінші, сүйінші апа!-деп айналып жүгіреді.
Апасы:
Ой айналайын балам! Бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау шын қуаныштың белгісі. Қазақ атамыз сүйіншіден нені аяған дейсің. Мінекей сүйіншіңді ала ғой. Енді маған жаңалығыңды айта бер.
Иманәли:
Апа, ұлыстың ұлы күні жеңгем ұл тапты.
Апасы:
Еее айналайын Алла, ұрпағымның жалғасын бергеніңе шүкіршіліктер болсын!
Уа ағайын, Шілдеханаға келіңіздер!
«Әлди-әлди» биі
Жүргізуші:
Тойымыз тойға ұлассын
Балаларымыздың «Теңге алу» ұлттық ойынымен жалғассын.
Балалар ойын ойнайды музыка ырғағымен.
Ата салтым- асыл мұрам ардағым.
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгініммен жалғадым.
Сәбиіміз тыныш әрі жылы, таза жатсын деп «бесікке салу» рәсімін жасаймыз.
Апалар қыздар мен бірге отырып сәбиді бесікке салады. Бесік-қасиетті, киелі, құтты мүлік. Сәбидің- алтын ұясы деуге де болады.
Бесік тойдың жалғасы Қазақтың ұлттық ойыны «Қыз қуу» мен жалғассын. Ұлдар мен қыздар ойынды ойнайды.
Ақлима:
Наурыз тойы нұрлы күн
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін
Назош:
Уа халайық, халайық!
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың,
Шашуларын шашайық.
Ақназ:
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмасын салтымыз
Кең даламның ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Әдемі-ай:
Ұлыс күні кәрі,жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен
Аяла:
Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық.
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық.
Нұрсара:
Бәйшешек гүл ашады,
Мұздар сайға қашады.
Суға толып өзен көл,
Кемерінен асады.
Жүргізуші:
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт-дәстүрән ардақтайық ағайын.
Қазақ атты үлкен кіші балдырған.
Ай артынан ай өтті. Баламыз өсіп жасына жетті. Жолы ақ болсын, ешқашан сүрінбесін, деген мақсатпен баламыздың күрмеуін шешіп, тұсауын кесу рәсімін өткізейік. «Тұсау кесу» тойына жиналайық.
Қызғалдақ:
Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз баса ғой қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер.
Жүргізуші:
Тойымыз тойға ұлассын. Балдырғанның бишілерімен жалғассын.
Би «Қазақша»
Дәстүрге берік халықпыз,
Асқақтап биік даңқымыз.
Үлкенді сыйлап құрметтер,
Бар бізде дәстүр-салтымыз, деп үлкендерден бата алу.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі