Алматы қаласы №167 ЖББМ
Тенизбаева Маржангуль Жакияновна
Сынып: 9
Сабақтың аты |
Астрономия негіздері |
Сілтеме |
Жоспар |
Жалпы мақсаты |
Астрономия негіздері тарауы бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру, тиянақтау, қорытындылау. |
Күтілетін нәтиже |
Оқушылар шоқжұлдыздар, ЖАЖК, күнтізбе, күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары жайлы мағлұмат алады |
Негізгі идеялар |
Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет дұрыс түсінген Н. Коперник болды. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап қалған «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарды. Жерді өзге планеталардың қатарына қосып, Жер Күннен үшінші орында болады деді. Сонымен бірге Коперник Жер өз осін айнала отырып, барлық планеталармен бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалады деп көрсетті. Ал Ай Күндіемес, Жерді айнала қозғалады деді. Шоқжұлдыз дегеніміз – аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі.
Жарық жұлдыздарды α әрпімен, одан сәл солғындау жұлдыздар реті бойынша грек алфавитінің келесі әріптерімен белгіленді Аспан сферасы –радиусы анықталмаған жорамал сфера. Аспан шырақтары әр түрлі қашықтықта болғандықтан, оның бетіне бақылаушы белгілі бір уақытта өзі орналасқан орыннан көретін бүкіл аспан шырақтары проекцияланады. Эклиптика - Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқарылатын үлкен дөңгелек. 21-наурыз көктемгі күн мен түн теңелуі. (тоқты). 23-қыркүйек – күзгі күн мен түн теңелуі. (таразы) ЖАЖК екі бөлікен тұрады: 1. Жұлдыздар картасы 2. Қондырма дөңгелек Тәулік дегеніміз – Жердің аспандағы белгілі бір санақ денесіне қатысты өз осінен толық бір айналым жасауға кететін уақыт аралығы. Күнтізбе – ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі. Кеплердің бірінші заңы – планета орбитасының пішінін анықтайды: барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады Кеплердің екінші заңы – аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады. Кеплердің үшінші заңы - кез келген екі планетаның Күнді айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасына тең болады. Параллакс тәсілі. р –көкжиектік параллакс π – жылдық параллакс. |
Тапсырмалар |
Топтық жұмыс |
Жеке жұмыс |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу сәттілік тілеу.
3. Түгелдеу
4. Топқа бөлу
қызыл, жасыл, сары, қызғылт сары стикер жұлдызшалары арқылы 4 топқа бөлінеді
1 топ Шоқжұлдыздар
2 топ ЖАЖК
3 топ Күнтізбе
4 топ Кеплер
Топ ережесі бойынша топ басшысы сайланады
ІІ. Үй тапсырмасы
Коперник әлемінің гелиоцентрлік жүйесі оның әлем және дүние танымдық маңызы
(ізденіп жазып келу)
Топ басшысы бағалау парағына үй жұмысы бойынша балл қояды
«Жұмбақтың шешуін тап»
1. Бір түкті кілем,
Бір түксіз кілем (Аспан, Жер)
2. Там басына тары жайдым. (Жұлдыз)
3.Шақырса келмес, жаяу жүрмес (жаз)
4. Жер үстінде бір бәйтерек
Оның бар он екі бұтағы
Әрқайсында отыз жапырақ
Отызының бір жағы ақ, біржағы қара (Бәйтерек- жыл, он екі бұтақ - он екі ай, отыз жапырақ-бір ай, бір жағы ақ-күндіз, бір жағы қара - түн)
ІІІ. Қар кесегі стратегиясы
(4 топқа лақтырылады,ішінде талқылау үшін сұрақтар беріледі)
1 топ Талқылау үшін сұрақтар беріледі Шоқжұлдыздар
1. Шоқжұлдыз дегеніміз не?
2. Аспанда қанша шоқжұлдыз бар?
3. Шоқжұлдыздардың орналасуын ата?
4. Шоқжұлдыздардың атаулары қай тілде айтылады?
2 топ Талқылау үшін сұрақтар беріледі ЖАЖК
1. Аспан сферасы дегеніміз не?
2. Эклиптика дегеніміз не?
3. ЖАЖК неше бөліктен тұрады?
4. ЖАЖК-на қарап ақпан айында көрінетін жұлдыздарды анықта?
3 топ Талқылау үшін сұрақтар беріледі Күнтізбе
1. Күнтізбе дегеніміз не?
2. Синодтық ай ұзақтығы?
3. Тропиктік жыл ұзақтығы?
4. Ай күнтізбесі туралы не білеміз?
4 топ Талқылау үшін сұрақтар беріледі Кеплер
1. Кеплердің 1 заңын тұжырымда?
2. Кеплердің 2 заңын тұжырымда?
3. Кеплердің 3 заңын тұжырымда?
4. Параллакс тәсілі?
ІҮ. Топтық жұмыс
Әр оқушы мәтінмен жұмыс атқарады. Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді
Топ пікірлерін тыңдау. Өз ойларын постерге түсіреді
Оқушыны бағалау парағы
№ |
Оқушының аты-жөні |
Үй тапсырмасы |
Топтық жұмыс Белсенділігі |
Есеп шығару |
тест |
Қорытынды баға |
1 |
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
Ү. Жеке жұмыс
Бекіту. Физикалық диктант
1. Планеталар қозғалысының заңын ашқан кім? (Кеплер)
2. Күнге ең жақын нүкте? (Перигелий)
3. Күнге алыс нүкте? (Афелий)
4. Жерден күнге дейінгі орташа қашықтық? (1 а.б.=149600000км)
5. Жерге ең жақын нүкте? (Перигей)
6. Жерге ең алыс нүкте? (Апогей)
7. Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқарылатын үлкен дөңгелек? (Эклиптика)
8. Аспанда қанша шоқжұлдыз белгіленген? (88)
Жасаған жұмыстарын бағалау.
8 сұрақ «5»
6-7 сұрақ «4»
3-5 сұрақ «3»
1-2 сұрақ «2»
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды)
Стикерге жазып «Күту ағашына» ілеміз
Кейінгі тапсырмалар |
Өзін-өзі тексеру сұрақтары |
Кейінгі оқу |
Астрономия негіздері тарауын қайталау |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі