Өлең, жыр, ақындар

Алтын күз

Оңтүстік Қазақстан Облысы Түркістан қаласы
МКҚК «Болашақ» ясли-бақшасының тәрбиешісі Нурпеисова Жазира Алибековна

Тақарыбы: Алтын күз (Мерекелік ертеңгілік)

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Балалардың қызығушылығын  арттыру.

Жүргізуші: Сары жібек көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштың селбіретіп,

Тойға бөлеп елімді күзім келді

Нұр тамшысын аспанның селбіретіп, -дей келе, құрметті қонақтар, балабақша ұжымы, балалар «Балауса» тобының «Сәлем, алтын күз!»  атты  ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Хор: «Күз ырғағы»

Біздің балалар өте ақылды. Қанекей балалар өнерімізді қимылды іс-әрекетпен көрсетейік.  Жыл мезгілдерінің өзгерістерін балалар көрсетеді.

Барлық балалар!

Қыс құнар береді
Көктем дән себеді
Жаз баптап өсіреді
Күз жинап береді.

Бидай сөйлеп кіреді. Қимылды іс-әрекет жасайды.

Мадина: Бидай

Мен тұқым болдым
Жерге себілдім
Су астында талай тоңдым
Қырманға жиналдым
Ашытты, ісітті
Дастарқан үстінде
Міне ендім түсіндім.

Би: «Қырманға кел қалқатай»

Жүргізуші: Балалар бізге бір қонақ келген сияқты. Кім екенін көрейікші.

Кірпі: Тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден.
Мен боламын ана кірпі!
Амансыңдар ма, балалар!

Жүргізуші: Қош келдіңіз, Кірпі ана сіз неге мұңдысыз?

Кірпі: балалар мен сендерге жай келген жоқпын, көмек сұрай келдім, күз де келіп қалды менің және балаларымның баспанасы жоқ.

Жүргізуші: Кірпі ана уайымдамаңыз біз сізге көмектесеміз.

Көмектесеміз бе балалар?

Балалар: иә, көмектесеміз.

Жүргізуші: Кірпі ана біздің балаларымыздың сізге арналған тақпақтарды қабыл алыңыздар.

Камшат: Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала.

Шади: Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлмдеп
Көз тартады атырап.

Зере: Күн шуаққа маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ

Кірпі: Жарайсыңдар балалар! Сендердің тақпақтарың маған қатты ұнады.

Жүргізуші: Балалар, біз Кірпі анаға көмек көрсетейік.

Ойын арқылы кірпі анаға баспана салып берейік.

Ойын: «Кім құрылысшы?» 

Шарты: Балалар екі топқа бөлініп, құрастырғыш кубиктер арқылы үй құрастыру керек.

Кірпі: Балалар сендер үйді тамаша құрастырдыңдар.

Балалар көмектеріңе көп-көп рақмет. Мен енді балаларыма баспана салуды үйретемін. Менің балаларымның биін қабыл алыңдар!

Би: «Кірпі»

Кірпі ана балалармен қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші: Біздің балалардың орыс тіліндегі тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз.

Ән: Дариғаның орындауында «Осень» қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Балалар бізге тағы да бір қонақ келе жатқан сияқты кім екенін қарайықшы.

Бағбан ата: Мен бау-бақшаны қарайтын күтіп баптайтын күзететін бағбан аталарың боламын. Мен де күзді өте жақсы көремін, өйткені барлық еккен егіндерімізді жиып-теретін науқанның басталатын кезі. Жерді күтсең қараса, оның саған берер азығы мол.

Мен қане сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер шешуін тауып беріңдерші.

1. Шешіндірсең жылатады ол не?

2. Көктемде ақ гүлге оранады,

Күзде қызыл доп болып оралады?

Жүргізуші: Бағбан ата біздің балаларымыздың билерімен тақпақтарын тыңдап көңіл-күйіңізді көтеріп қонақ болуға шақырамыз.

Балалардың жемістер туралы тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Алуа: Мен алмұртпын, алмұртпын
Ауызындамын бар жұрттың

Айкөркем: Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін

Ерсұлтан: Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып төгілдім

Сезім: Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қышқыл шырын менде бар
Төмен басты иемін.

Айару: Күзім-ау, күзім-ау
Мінезің бұзық–ау
Жаңбырдың сіркіреп
Жауғаны қызық-ау

Ән: «Жау-жау жаңбыр» Айарудың орындауында.

Көкөністер туралы балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Әбдірахман: Картоп біздің досымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамшыдан тараған
Ағайынбыз бәріміз.

Ерсайын: Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды
Қоянға да азықпыз
Сәбіздерміз жазықсыз.

Би:  «Көкөністер» Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Сары алтындай сары күз
Бірге шырқар әніміз
Жаздай күткен бәріміз
Келді міне алтын күз, -дей келе ортамызға күз ханшайымын шақырайық

Күз ханшайымы: Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын күз
Сары алтынға малынған
Алтын күз деген мен боламын
Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар: Жоқ

Күз  ханшайымы: құрметті ата-аналар мен сіздерге бір ойын алып келдім, қалай қарайсыздар?

Жүргізуші: ал енді ата-аналарымызбен бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Кім жылдам»

Шарты: екі ата-ана шығарып үстел үстінде тұрған пиязды кім жылдам аршып, турайды сол жеңімпаз атанады.

Жүргізуші: Рақмет сіздерге ата-аналар ойынды тамаша ойнадыңдар

Балалрдың тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке, деп балалардың орындауында «Тамшылар» биін қабыл алыңыздар!

Би: «Тамшылар»

Азамат: Ой, алақай, тамаша
Шашу шашты жапырақ
Бақтың  іші алаша
Аунар ма еді жатып ап.

Дияс: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.

Жансая: Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Жүргізуші:  Жемісті мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.

Би: «Тиын»

Жүргізуші: Қалдыбай Диястың орындауында «Кап-кап, тук-тук» әнін қабыл алыңыздар!

Күз ханшайымы, Бағбан ата қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші: Осымен «Балауса» тобының «Сәлем, алтын  күз!» атты ертеңгілігін аяқтайымыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер