Өлең, жыр, ақындар

Қуыршақ Әйгерімді киіндіру

Оңтүстік Қазақстан Облысы Түркістан қаласы
МКҚК «Болашақ» ясли-бақшасының тәрбиешісі
Тилеубергенова Акнур Ертаевна

Білім беру саласы: «Таным»

Білім бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Қуыршақ Әйгерімді киіндіру»

Мақсаты: Балалардың қыс белгілері туралы білімдерін бекіту: қар жауады, дала суытады, адамдар жылы киінеді. Байқаушылықты дамыту. Балалардың киім туралы түсініктерін анықтату. Киім атауларын бекіту. Киім кию реттігін есте ұстауға үйрету, эстетикалыққа тәрбиелеу.

Қолданатын әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбері, сұрақ-жауап, көрсету, әңгімелету, түсіндіру, сергіту жаттығуы.

Қолданатын көрнекі құралдар: Қуыршақ, қуыршақтың жылы киімдері (құлақшын, тоң, бөкебай, етік, биялай), сюжеттік сурет «Терезедегі қыс көрінісі», сиқырлы сандық.

Ойын қызметінің барысы:
Балалар бүгін біздің топ үшін ерекше күн! Бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық.
- Ең алдымен жаңа күнмен амандасайық.
Балалар, мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын!
Шаттық шеңбері:
Қол ұстасып кәне біз,
Достасайық бәріміз!  
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге!
Қандай жақсы бір тұру
Достарменен бір жүру
Қандай жақсы дос болу!
Қайырлы таң, ержүрек ұлдар!
Қайырлы таң, нәзік қыздар!

- Балалар, мен қолымда не ұстап тұрмын?
- Қуаныш гүлін
- Дұрыс айтасыңдар! Бұл қуаныш гүлін тұрған күнге сәттілік тілеп, ... сыйлаймын.
- Балалар, ал енді мен сендерді терезе алдына шақырамын. Терезе көрінісіне қарап, айтыңдаршы, қазір қай жыл мезгілі?
Қыс!
Қыстын белгілерін атайық:
Қар жауады, күн суытады, су мұз айдынына айналады.
Ал адамдар қалай киінеді?
Жылы киім киеді.
Ал енді....
Бұл кезде әуен шырқайды, қуыршақ Әйгерім бөлмеге кіреді. Көңіл-күйі жоқ.
Балалар, бізде тағы да бір қонақ – ол қуыршақ. Қане, амандасайық онымен!
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен қуыршақ Әйгеріммін.
Қуыршақтың көңіл-күйі жоқ екен. Неліктен деп сұрайықшы?
Иә, сұрайық!
Қуыршақ Әйгерім, саған не болды?
Мен далаға серуендеуге шығып едім, бірақ тоңып қалдым.
Әрине! Далада қыс. Далаға шыққанда біз қалай киінеміз? Жылы. Қуыршақ Әйгерім жылы киіну білмейді екен. Балалар, қуыршаққа көмектесеміз бе?
Иә!
Ол үшін менде сиқырлы сандық бар!
Бұл не? Киім /құлақшын, биялай, пима, тон/
Ал енді, балалар, өзіміз қалай киінетімізді қуыршаққа көрсетейік!

Сергіту сәті.
Серуенге барамыз
Етік алып киеміз
Бір етік ...
Серуенге барамыз...

Жарайсыңдар! Көрдің бе Қуыршақ Әйгерім, қалай біздің балалар серуенге киінеді? Саған ұнады ма?
Иә, өте ұнады! Мен де солай серуенге киінгім келеді! Балалар, көмектесесіңдер ме маған?
Иә!
Енді киімдерді алып, қуыршаққа серуенге киінуге көмектесейік!
Біріншіден, нені кигіземіз? Құлақшын /Бала әпереді – қуыршақ үстіне киеді/
Содан кейін? Тон
Тоннан кейін нені кигіземіз? Аяғына пима немесе етік
Ең соңғы кигізетініміз ол не? Биялай мен бөкебай
Бәрекелді! Қуыршағымыз серуенге дайын!

Рахмет сендерге балалар! Ризашылығымды білдіріп, мен сендерге сыйлық сыйлағым келеді!
Сөмкесінен алып шығып, балаларға таратады
Енді балалар бәріміз қуыршақпен бірге серуенге шығайық. Бірақ алдымен қонақтармен қоштасайық! Бәріміз бірге айтайық– Көріскенше күн жақсы, сау саламат болыңдар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз