Өлең, жыр, ақындар

"Елімнің шежірелі байлығы."

Тақырыбы:"Елімнің шежірелі байлығы."

Мақсаты: Балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту, "Отан " туралы түсініктерін кеңейту. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге үйрету.

Көрнекілігі: слайдтар, елбасы суреттері, туған жердің суреттері . Сурет қиындылары, арқан, асық, түрлі түсті картчкалар.


 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Біз қазақтың баласы,

Дені сау салауатты.

Біз ұлттың болашағы,

Білімді де сауатты.

Жарайсыңдар,балалар!

Орнымызға жайғасамыз.

Балалар бір -бірімен сәлемдесіп, амандасу рәсімін жасайды.

 

 

 

Балалар орындарына жайғасады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар тақтаға назар аударайық.Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында Сарға ауылының тұрғынымыз. Маңғыстау облысында таулар өте көп. Мына суретте Сарға ауылымыз бейнеленген. Сарға ауылында екі мектеп, бір балабақша бар. Біздің балабақша " Сарға бөбекжайы " деп аталады.Балалар біздің туған жерімізде жусан көп өседі. Біздің ауылда үй жануарларынан түйе көп кездеседі. Біздің Маңғыстау шөлді жер. Мінекей, балалар мен сендерге туған жеріміз туралы қысқаша мәлімет бердім.Енді сендермен " Туған жер бейнесі " деген ойын ойнағым келіп тұр. Менімен бірге ойнағыларың келе ма? 

Дидактикалық ойын:"Туған жер бейнесі."

Мақсаты: Туган жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге үйрету.

Шарты : алдымыздағы картчкалардан алып туған жер бейнесін құрастыру. (Тәрбиеші балаларға көмектеседі.) Өте жақсы балалар ойынды керемет ойнадыңдар.  Енді балалар, слайдқа назар аударайық. Біздің қазақ халқының ұлттық ойындары өте көп. Оны слайд арқылы таныстырып өтемін.

-Міне, балалар Қазақ халқы ойынға бай ел. Мен сендермен бірге ұлттық ойынымыздің бірі "Арқан тартыс" ойынын ойнағым келеді.

Ойын:"Арқан тартыс"

Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Шарты: Балалар екі топқа бөлініп, бірінің артынан бірі тізбектеліп тұрады. Нұсқаушы белгісі бойынша ойынды бастау. Белгіленген жерден қай топ бірінші өтсе, сол топ жеңіске жетеді. (Адай күйі ойнатылады.)  

Жарайсыңдар балалар, қазақтың ұлттық ойынын өте тамаша ойнадыңдар. Балалар сендерге ойын  ұнады ма?

Балалар мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр. Қазақтың ұлттық ойыны көп екенін білесіңдер соның бірі "Асық ату." 

Шарты: Менің қолымда түрлі түске боялған  асықтар бар. Осы асықтарға сәйкес үстел үстінде картчкалар орналасқан. Бұл картчкалар ішінде туған жерге байланысты сұрақтар бар. Мен балаларды бір-бірлеп шақырамын, көзімізді  жұмып асықты  таңдап аламыз. Таңдап алған асық түсіне сәйкес картчкадағы сұрақтарға жауап береміз. Ендеше ойынды бастаймыз:

  1. Рәміздерді ата?
  2. Елбасымыз кім?
  3. Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
  4. Қазақстан Республикасының астанасын ата?
  5. Біздің тұрып жатқан ауылымыз қалай аталады?
  6. Біздің балабақшаның атын ата?

Балалар тақтаға назар аудар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

 

  ия

 

 

 

 

 

 

Балалар . ойынға қызығушылық танытады.

 

 

 

Балалар слайдқа назар айдарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ия өте қатты ұнады

 

 

 

 

Ту,елтаңба, әнұран.

Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстан Республикасы

Астана

 

Сарға ауылы

 

"Сарға бөбекжайы"

Рефлексиялық –түзетушілік

Қане балалар,шеңберге тұрайықшы.

Албалалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Өте тамаша балалар жарайсыңдар оқу қызыметіміз ұнады ма?

Бүгін біз сабағымызда не туралы өттік?

 

Қандай ойын ойнадық?

Жарайсыңдар балалар оқу қызыметім осымен аяқталды. Келген қонақтарға сау болыңыз айтамыз.

Балалар шеңберге тұрады.

 

 

Ия өте ұнады.

Туған жер, отан, еліміз туралы сабақ өттік.

 

 

Арқан тарту, асық ату.

 

Сауболыңыздар.

 

 

Күтілетін нәтеже:

Орындайды: Арқан тартады.

Түсінеді: Ұлттық ойындарды, туған жер туралы.

Қолданады: Елбасы суреттері,туған жердің суреттері. Сурет қиындылары,арқан,асық, түрлі картчкалар.


 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз