Өлең, жыр, ақындар

Парыз тәртіптен басталады

Пән: Өзін – өзі тану Мектебі: Күні: _______________ №: 14 Мұғалімі: Сыныбы: 7 Оқушылардың саны: Тақырыбы: Парыз тәртіптен басталады Құндылығы: Дұрыс әрекет Қасиеттер: әдепті болу; әділеттілік; отбасындағы, мектептегі парызын орындау Мақсаты:оқушыларға парыз тәртіптен басталатынын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларға отбасындағы, мектептегі парызын орындаудың маңызы туралы түсіндіру. 2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы әділеттілік қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды әдепті болуға тәрбиелеу. Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.http://oilar.kz 2. http://tarbie.org 3. http://bilim-all.kz Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Жағымды көңіл – күйге келу. «Нұрға бөлену». Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын» Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет! 2. Үй тапсырмасы. 1. №13 – сабақ. Мәтінді оқыңдар. Ондағы кейіпкерлердің өз парызына адалдығынбілдіретін сөздері мен істерін іріктеп алып, кестені дәптерге толтырыңдар. Данышпан бір күні түнде халқының, елінің қамымен бір іспен шұғылданып жатады. Сол кезде біреу жеке басының ісімен оның алдына кіріп, шаруасын айта бастайды. Ол шапшаң орнынан тұрып, сол жерде жанып тұрған май шамды сөндіріп, басқа май шам жағады. Бұдан ештеңе түсінбей қалған қонақ Омардан: «Екеуі де май шам. Қараптан-қарап отырып біреуін сөндіріп, екіншісін жаққаныңыз не?» - деп сұрайды. Данышпан: «Сөндірген май шам – мемлекеттікі. Сенімен жеке шаруа жайында әңгімелесу үшін мемлекеттің мүлкін қолдануға хақым жоқ. Сондықтан оны сөндірдім де, өз ақшама алған май шамды жақтым», – деп жауап береді. Кейіпкерлер Іс-әрекеті Менің ойым 2. Келесі сабақ. №14, Әбдуәли Қайдардың мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1. Автор неліктен жер бетіндегі өмірдің мәнін адамдардың өзара саналы карым-қатынасынан, адамдардың өзара түсіністігінен, біріне- бірінің көмек-жәрдемінен, ықылас-ниетінен, ілтипатынан, істеген игі жақсылығынан құралады дейді? Себебін түсіндіріңдер. 2. «Қарыз» бен «парыздың» айырмашылығы неде? 3. Автор парыздың қандай түрлері жайлы айтады? 4. Парыз дегеніміз не? Ол адамға не үшін керек? Оны қалай орындау қажет? 5. Өздерің парыздарыңды қалай өтеп жүрсіңдер? 6. Парызды өтеудің ерте, кеші бар ма? Неліктен? 3. Сабақтың дәйексөзі. Мен өмір бойы парыз сеніміне бой алдырып, жалғыз соған ғана бағынып келдім. Бауыржан Момышұлы Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Сұрақтар: 1. Парыз дегеніміз не? 2. Азаматтық парызды орындап жүрсіздер ме? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? 4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Өмірге тура қарап бойлағанды, Қайыса халық қамын ойлағанды, Ардақтап, азамат деп айтқан абзал Әрқашан адамдығын жоймағанды Әмісе сөзі түзік, ойы адалды, Ұнатпас дәсерсітіп бояғанды, Қарарға, тіл кеспек жоқ деп қасқайып, Қасиетін дар алдында жоймағанды. М.Қозыбаев атамыз азаматтық деген сөзге төмендегідейанықтама берген екен.  Азамат-әке шешеніңғана емес, ел баласы болып өскен, елінен ауа жүріп емес, халқымен бірге өмір кешкен, қиын-қыстау жерде замана түйінін шешкен парасатты жанды айтады.  Азамат - деп ата-ана, ел үмітін ақтаған,Отан сенімін бойтұмар қылып сақтаған,достың сырын шашпаған,зұлымдық жолын баспаған,сегіз қырлы бір сырлы арлы жанды айтады.  Азамат – деп ата-анасының жанынан ұзап, ат жалын тартып мініп, қатарынан озып, биіктегіге қол созып, мен боламын, тезірек өсіп толамын деген екпін де қарымды талапкер жасты айтады.  Азамат-деп қиын сәтте тәуекел қайығына қаймықпай мінетін, қас дұшпанның езуін тілетін, жетім-жесірге, шаршап-шалдыққанға,қайғы басып қаймыққанға көмекке келіп,шапағатын аямаған ерен ерді айтады.  Азамат - деп ата-анасына, еліне,халқына адал, туысқанға бауырмал, ізгі жанды айтады.  Азамат- деп қай істі болса да өнер деп білген,өмір жолын еңбек жолы деп сүйген,Отаны үшін жалынға шарпылып,отқа күйген ел перзентін айтады.  Азамат-деп ез болып отыра бермейтін, замана талқысына көнбейтін,талап пен талантын жегіп,терін төгіп,құлашын кең сермейтін батыл да батыр өр адамды айтады.  Азамат-деп қате басқан жері болса, қайталап түзеп, өз мінін өзі мінеп,сүрінсе мұқалмай, бір тізерлей тік тұрып,қайта түлеп, озық кеткен қатарына жетіп,одан әрі өтетін қайран есіл ерді айтады.  Азамат-деп алды тар,арты жар күрес жолында өзі құласа да,тіккен туды құлатпаған,артын шулатпаған,тірісінде есімі аңызға айналған біртуар ұлын айтады. Сұрақтар: 1. Алдыңызға қандай мақсаттар қоясыз? 2. Өмірдегі таңдауларыңыз бен қызығушылықтарыңыз қандай? 3. «Азамат» дегенді қалай түсінесіздер? 4. Адамның бойында, азаматтың бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсыздар? 5. Сіздің ойыңызша азамат болу үшін өмірде қандай құндалықтар мен қағидаларды, ұстанымдарды басшылыққа алу керек? 5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. «Менің азаматтық ұстанымым» тақырыбына эссе жазу. 6. Топпен ән айту. Анамның тілі – аяулы үні Сөзі: Ш.Смаханұлынікі Әні: Ә.Тінәлиевтікі Өмірге келдім, Анамды көрдім, Деді ол: «Жаным», Арайлы таңым. Самал боп желпіп, Жырымен ертіп, Үйретті тынбай, Бал тілі, әнін. Қайырмасы: Анамның тілі – айбыным менің, Анамның тілі – Ай, Күнім менің. Сүйемін байтақ елімді туған, Сүйемін мәңгі өмірді думан Мектепке келдім, Ұстазды көрдім. Тыңдадым сөзін, Табынып, сүйіп. Анамның тілі – Аяулы үні. Жүрекке нұрын Жіберді құйып. 7. Үй тапсырмасы. 1. №14 – сабақ. Өздеріңнің өмірдегі тәртіп ережелеріңді жасаңдар. 2. Келесі сабақ. №15, «Кезек сенікі, келер ұрпақ...» мәтінін оқып келу. 8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз