Семей қаласы «№39 ЖОББМ» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Рахимбекова Жулдыз Далелхановна
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Ортақ тақырып: Менің мектебім Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат Күні: Сынып: 1 |
Мұғалімнің аты-жөні: Рахимбекова Жулдыз Далелхановна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Өсімдік бөліктері |
||||||||||||
Оқу мақсаты: |
1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату |
||||||||||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Өсімдіктердің негізгі бөліктерін біледі. Көптеген оқушылар: Өсімдіктердің негізгі бөліктерін анықтай отырып, ұқсастықтары мен ерекшелігін салыстырып ажыратады. Кейбір оқушылар: Өсімдіктің негізгі бөліктерін ажырата отырып, өз пікірін зерттейді. |
||||||||||||
Бағалау критерийлері: |
Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады. |
||||||||||||
Тілдік мақсаттар: |
Оқушылар орындай алады: Суреттен өсімдіктердің бөліктерін атайды. Пәнге тән лексика мен терминология: Тірі табиғат, өсімдіктің негізгі бөліктері, тамыр, сабақ, жапырақ, тұқым, жеміс. Тамыр - өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі. Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және топырақтағы ылғалды бойына сіңіреді. Тамыр арқылы өсімдік қорек алады. Тамыр түрлері тіктамыр, шашақ тамыр, ұзын тамыр. Сабақ - өсімдіктің маңызды мүшесінің бірі. Сабақтың атқаратын қызметі: Ол өсімдіктің барлық мүшелерін бір-бірімен жалғастырып тұрады. Сабақ тамырдың топырақтан сіңірген қорегін жер үсті мүшелеріне жеткізеді. Жапырақ - сабақ пен бұтақта орналасқан. Өсімдік жапырақ арқылы тыныс алады. Жапырақ көмір қышқыл газын жұтады да, оттегін бөліп шығарады. Гүл - өсімдіктің жемісі мен тұқымы өсетін бөлігі. Гүл ашылғаннан кейін оның күлтелері түседі. Гүлдің орнына жеміс пайда болады. Тұқым - өсімдіктердің көбеюіне және таралуына арналған мүше. Өсімдіктің негізгі бөліктерінің маңызын өз сөздерімен айтады. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Өсімдік қандай бөліктерден тұрады? Тұқымдар қалай өнеді? Тамырдың атқаратын қызметі қандай? Сабақ деген не? Жапырақ өсімдіктің қай жеріңде орналасқан? Гүл өсімдіктің қандай бөлігі? Жеміс неден пайда болады? |
||||||||||||
Құндылықтарды дарыту: |
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары аясында жалпыға бірдей еңбек құралы бөлімінде еңбек өнімділігін арттыру. Өнеркәсіпте ауыл шаруашылығы салаларында тірі табиғатқа, қамқорлықпен қорғауға баулу. |
||||||||||||
Пән аралық байланыстар: |
Көркем еңбек, сауат ашу |
||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары: |
YouTube желісінен бейнеролик |
||||||||||||
Бастапқы білім: |
Өсімдіктің түрін, түсін, жер қабатында өсетінін біледі. |
||||||||||||
Сабақ барысы: |
|||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: |
Сабақтағы жоспарлаған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||
Сабақтың басы: 3 минут |
Гүл, жапырақ, сабақ, тамыр бейнесіндегі қима қағаздар арқылы төрт топқа бөлінеді
|
Қима қағаздар |
|||||||||||
Сабақтың ортасы 20 минут
3 минут
5 минут
5 минут
2 минут
4 минут |
Тақырыпқа ену: "Гүлдер" бейнеролигін тамашалайды. Бейнефильмнен не көрдіңдер? Гүлдердің қандай түрлері болады? Бөлме гүлдерін ата? 1. Тапсырма: «Өсімдік бөліктерін дұрыс орналастыру» (Т) Оқушыларға өсімдіктердің дайын бөліктерінің суреттері таратылып оны құрастыр. Құрастырылған өсімдікті интербелсенді тақтадағы өсімдік бейнесіне қарап топтар бір-бірін тексереді, бағалайды.
1. Тамыр 2. Сабақ 3. Жапырақ 4. Гүл Дескриптор: - өсімдік бөліктерін құрастырады - суретке қарап бір-бірін тексереді, бағалайды Бағалау: гүлдер арқылы бағалау Жасыл гүл: Жарайсың! Сары гүл: Талпын! Қызыл гүл: Мақсатқа ұмтыл! 2. Тапсырма (Ж) "Ойлан жұптас" әдісі - Өсімдік бөліктерінің атауларын жаз Дескриптор: - өсімдік бөліктерінің атауларын жазады Бағалау:Бағалау парақшасы арқылы бағалау 3. Тапсырма(Ө): «Салыстыру» Оқушыларға ағаштың және өсімдіктің суреті беріледі. Оқушылар жеміс беретін ағашты және жеміс бермейтін өсімдіктерді салыстырады. Жемістен тұқым пайда болатыны туралы айтады. Алма мен алмұрт арқылы тұқымдарын көреді.
Дескриптор: - ағаш пен өсімдіктің айырмашылығын айтады. - ұқсастықтарын жазады. Бағалау: «Алмалы бақ» Жасыл гүл: Жарайсың! Сары гүл:Талпын! Қызыл гүл: Мақсатқа ұмтыл! Сергіту сәті: Ендi бiз демаламыз, 4. Тапсырма: «Біз зерттеуші баламыз» (Т) бөлме гүлдің құрлымын зерттеу. 4 топ бөлме өсімдіктерін зерттейді.
1. Қазтамақ Дескриптор: - Гүлдің жапырағын, сабағының ұзындығын өлшейді. Бағалау: «Екі жұлдыз бір тілек» |
Бейнеролик
Интербелсенді тақта
Бағалау парақшасы
|
|||||||||||
Бағалау парақшасы
|
|||||||||||||
Сабақтың соңы: 3 минут |
Кері байланыс: «Безендір» Түсіндім: Сұрағым бар: Түсінбедім: |
|
|||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Барлық оқушылар: Тапсырма арқылы саралап ойлауға жетелеу, себебі, қажеттіліктеріне қарай нәтижесін береді деп ойлаймын.
Көптеген оқушылар: Диалог және қолдау көрсету. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рол атқарады. Кейбір оқушылар: Қарқын - кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? 1. Тапсырма: (Ж) Бағалау: гүлдер арқылы бағалау 2. Тапсырма:(Ө) Бағалау:Бағалау парақшасы 3. Тапсырма(Т): Бағалау: алмалар арқылы бағалау 4. Тапсырма: (Т ) Бағалау: екі жұлдыз, бір тілек Кері байланыс: Гүлді безендір Түсіндім: Сұрағым бар: Түсінбедім:
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Тапсырмалар орындау барысында техникалық қауіпсіздік нұсқаулығы жүргізіліп отырады. Сергіту сәтін орындату арқылы оқушы денсаулығын нығайтылады. |
|||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауапберіңіз |
||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі