Өлең, жыр, ақындар

Абай. Жазғытұры

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы
Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Куспекова Дильфуза Уртисбаевна

Пән: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Абай. Жазғытұры
Сабақтың мақсаты: Ақпарат көздерін тиімді пайдалану арқылы Абай Құнанбаевтың «Жазғытұры» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.
Міндеттер:
— Өлеңдегі ақынның көңіл-күйін сезіне отырып, бейнелі сөйлей білуге машықтандыру;
— оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне ықпал ету;
— өзіндік пікір қалыптастыру арқылы тапсырманы өзара талқылау, қорытынды жасау, түйінді ойларды жинақтай білуге жетелеу;
— қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы табиғатты аялай білуге табиғаттың сұлулығын сезінуге тәрбиелеу. -
Күтілетін нәтиже:
— бейнелі сөздердің мәтінмен байланысын анықтап, ауыз екі тілде қолдана біледі;
— жұптық және топтық әрекетте белсенділік танытады, сыни тұрғыдан баға бере біледі;
— табиғаттың сұлулығын сезінеді, жауапкершілік сезімі нығаяды, Абай шығармаларын оқуға қызығушылығы артады.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, дүниетану, музыка Сабақтың көрнекілігі:.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, флешбау әдісі, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру

 “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық” «Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» «Талантты және дарынды балаларды оқыту»

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Миға шабуыл», «Ыстық орындық», «Композициялық талдау», «Сурет сөйлейді», «Бес жолды өлең»

Қолданылатын ресурстар: Портреттер, тақта, стикерлер, слайд, видеопроектор. Абай «Көзімнің қарасы», маркерлер
Психологиялық ахуал. Психологиялық дайындық:
- Алдымызда кездескен,
Көп қонақты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Қане барлықтарыңызды шаттық шеңберіне шақырамын.
«Флешбау» әдісі арқылы бір-бірімізге жылы лебіздер айтып көңілімізді көтерейік.

Оқушылар қонақтармен амандасып, шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөліну
Қызығушылықты ояту Оқушыларға гүл атаулары жазылған стикерлер таратылады да сол атаулар бойынша олар 3 топқа бөлінеді әр топта (6 оқушыдан).
1- топ - «Бәйшешек»
2 - топ «Жалбыз»
3 - топ «Түймедақ»
«Ережені» еске түсіру
• Есте сақтау
• Мұқият тыңдау
• Алға ұмтылу
• Тәртіп сақтау
• Әділ болу
• Көмектесу
• Жауапкершілікті болу
Жаңа сабақ. Миға шабуыл

Ребусты шеш
«Абай» деген сөз шығады
Өлең авторы А. Құнанбаев туралы мәлімет.
• ұлы ақын
• сыншы
• заман суреткері
• аудармашы
• лирик
Абайдың табиғат лирикасында жазған шығармалармен таныстыру;
Өткен сабақтардағы Абайдың өлеңдерін еске түсіреміз

Слайдпен жұмыс
• Балалар бұл қай мезгіл? - Көктем
• Көктем екенін қалай білдіңдер? – Көктемде қар ериді, гүлдер шығады.
• Көктемде неше ай бар? – Көктемде үш ай бар (наурыз, сәуір, мамыр).
• Көктем қай айдан басталады? – Наурыз айынан басталады.
• Наурыз айында қандай мерекелер бар? – Наурыз айында

8 - наурыз Аналар мерекесі, 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні – жаңа жыл мерекесі бар...
• Көктемде ағаштарда қандай өзгерістер болады? – Ағаштар оянады, бүршік жарады.
• Жердегі қар қандай күйде болады? – Қар еріп, суға айналады.
• Көктем мезгілі туралы кім тақпақ біледі? – Балалардың тақпақтары тыңдалады.
• Көктемде күннің көзі қандай болады? – Күннің көзі жылы болады.
• Құстар қайдан келеді? – Құстар жылы жақтан келеді.
• Қандай құстарды білесіңдер? – Аққу, көкек, үйрек, тырна, бұлбұл, қарлығаш, қараторғай.
• Құстарды қалай қарсы алу керек? – Ұя жасап қарсы алу керек.
• Құстар нені қорғайды? – Ағаштарды қорғайды.
• - Дұрыс, балалар. Құстар – біздің досымыз.

Енді, балалар, Абай атамыздың «Жазғытұры» деген өлеңінен үзінді тыңдап көрейік. Өлеңді мәнерлеп оқып беремін, мазмұнын түсіндіремін.
- Көктем келгенде, қыс мезгілінің аязы білінбейді, яғни аязы азаяды дейді.
- Сонымен қатар жерде қандай өзгерістер болады дейді?
- Жер гүл мен көк шөпке толып, әдеміленіп кетеді дейді.
- «Масатыдай құлпырған» деген сөз сол мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бала - шаға, аңдар мен құстар қуана, шаттана қараса, күн көзі мол шуағын төгіп, жер бетін жылытады дейді
- Балалар, көктемде нелер төлдейді?
- Төрт түлік мал төлдейді.
- Дұрыс, яғни, түйе боталап, қой қоздап, барлық жан - жануарлар төлдейді екен. Ал көктем келгенде құстар не істейді?
- Шаттана, қуанып, сайрап өлең айтады. – Дұрыс айтасыңдар.
- Ағаштар мен гүлдерде не өзгеріс болады?
- Олар әдеміленіп, құлпырады. – Жарайсыңдар, балалар!
- Көктем келгенде сай - саладан не ағады?
- Су ағады.
- Су қалай ағады? – Сыбдырлап, сыңғырлап ағады.
- Міне, көрдіңдер ме, балалар. Абай атамыз көктем көрінісінің табиғатын қалай жырлаған. Әдемі, сұлу көріністі көз алдымызға елестетіп жіберді емес пе? Көктемгі табиғаттың сұлу көрінісін көркем сөзбен суреттеп отыр. (Көктемді бейнелейтін сурет көрінісі көрсетіледі.) Міне, мына көріністе көктемді суретші сурет арқылы суреттеген болса, ал Абай атамыз «Жазғытұры» өлеңінде көктемді, сөзбен, жан бітіріп суреттеп отыр. Абай атамыздың табиғат лирикаларынан осыны байқауға болады. Міне, көрдіңдер ме, Абай атамыздың Ұлылығын.
• Ал сендер жоғарғы сыныптарда Абай аталарыңның көптеген шығармаларымен одан әрі танысатын боласыңдар.

Сөздік жұмыс
Масатыдай - жұмсақ кілемдей
Анталаса - қимыл қозғалыс
Елжірер - мейірленер, жылылықпен қарайды
Масатыдай - жұмсақ кілемдей

Топтық жұмыс; Топ басшысы смайликтерді таңдайды.
1 - топ Өлеңді мәнерлеп оқиды автор туралы мәлімет береді
2 - топ: Өлеңдегі көктемгі тіршілікті суреттейді.
3 - топ: Жануарлардың көктемгі тіршілігін суреттейді.
(Жауап берген оқушыларға жұлдызша таратып отырамын)

Сергіту; Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін әнімен жатқа айтады

«Ыстық орындық» әдісі
Тақтаға 1 - 2  оқушы шығады. Олар бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар құрастырады. Содан кейін қалған оқушылар оларға сұрақ қоя бастайды.
(Жауап берген оқушыларға жұлдызша таратып отырады)
Қорытындылау; ( «Бес жолы өлең» ( слайдта берілген суреттер бойынша сөйлемді аяқтау) Көктем..............(Не істеді? Қандай көктем?)
Құстар.........(Не істеді?)
Сурет сөйлейді)
Күн.......... (Не істеді? Қайда?)
Біз.......... (Не істейміз?)

Көктем келді аңсаған,
Құстар келді жаураған.
Күн жылыды далада,
Біз ойнаймыз қуанған

Үйге тапсырма. “Көктем” туралы шығармашылық жұмыс (өлең шығару, шығарма жазу, сурет салу және т. б.)
Өлеңді жаттап келу. Күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Сабақ барысында жинаған жұлдызшаларын есепке алып бағалаймын..
Кері байланыс. Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз