Өлең, жыр, ақындар

1 желтоқсан тұңғыш президент күні

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы Тұрғызба ауылы
№4 М.Əуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп ұстазы
Аманғалиева Айна Қадырбаевна

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында  Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын. Ол Теміртаудағы металлургия комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын білген соң, Нұрсұлтан металлург болуға бел буды. Оқу оқып Нұрсұлтан шыныққан шымыр жастардан іріктелген домнашылар тобына қосылды. 1960 жылы 3 шілдеде  Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні. Шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Назарбаев та қатысты.  

Отбасы

Зайыбы, Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылғы ақпаннан – Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті.

Қыздарымен:

Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы, үлкен қызы. Екі ұлы және қызы бар. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоғамдық Қорының директоры. Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы ортаншы қызы. Ұлы мен қызы бар. Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қорын басқарады. Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы кіші қызы.  Екі қыз тәрбиелеп отыр. «Элитстрой» құрылыс компаниясының басшысы.

Қызмет жолы

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты  жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитеті  Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында  жұмысшыдан домна пешінің аға газдаушысы болды.

1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды обл Теміртау қаласы партия-комсомол қызметкеі
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы  (98,78 %)
1995 ж. сәуірдің 29 жалпыхалықтық референдум  ҚР  Президенті 
2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында  79,78 %  Қазақстан Республикасы Президенті
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[1]
2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[2]
2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз