Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы, «Балдырған» бөбекжай балабақша тәрбиешісі Әбдіғалиева Ғ.М.
«Қалай ит өзіне дос іздеді» ертегісінің қуыршақ театры қойылымы конспектісі.
Мақсаты:Балаларды ертегімен таныстыру,ертегі мағынасын түсіне білуге үйрету, «Ит-адамның досы»-қанатты сөздің мағынасын ертегі желісі арқылы түсіндіру.Балалардың көңіл күйін көтеру.
Көрнекілігі: қолға киілетін қуыршақтар,шымылдырық,декорация,парик,очки(жүргізушіге)
Жүргізуші:Құрметті қонақтар,студиямызға қош келдіңіздер!Бүгінгі «Айгөлек ертегілері»бағдарламасына бізге қонаққа аса сақ,өте қырағы Ақтөс деген мейманымыз келіп отыр.
Ақтөс:Аф аф аф!
Жүргізуші :Бұл Ақтөстің «Салеметсізбе!»дегені болар.Кане, балалар, амандасайықшы Ақтөс қонағымызбен .
Жүргізуші :Ақтөс,осы сіз қай жылы туылдыңыз?
Ақтөс шекесін қасып:
«Аф аф аф аф!»-деп жауап береді.
Жүргізуші :«Ия,Ақтөстің бұнысын Ит жылы деп түсінуге болатын шығар»
Жүргізуші: «Ақтөс өзіңіз туралы айтып беріңізші?»
Ақтөс : «Р-р-р аф аф! аф! аф!».
Жүргізуші : «Ия,өте қызықты екен... Балалар, не деп айтқанын білесіңдерме?! Ендеше Ақтөс деген күшіктің айтқан әігімесін тамашалаңыздар! Алдарыңызда «Қалай ит өзіне дос іздеді» ертегісі сахналанады
Ерте, ерте, ертеде орман патшалығында бір ит өмір сүрген екен.Күнде -күнде жалғыз жүрүге жалығып ,өзіне серік- сенімді дос іздеуге шығады.Көп жүреме, аз жүреме бір кезде алдынан бір аң шыға келеді.
Ит:«Аф аф!Сен кімсің?»
Қоян: «Мен қоянмын»
Ит:«Менімен дос боласынба?»
Қоян:«Дос болсам болайын»
Жүргізуші:«Күні бойы ит пен қоян орманда бірге жүреді.Кеш батады.Қоян бір талдың түбіне келіп.
Жата қалады да ұйықтайды.Ал иттің болса ұйқысы келмейді.Жата жата үре бастайды:
«Аф аф аф»деп.
Қоян оянып:«Сен неге үребересін?Қазір түлкі келсе ғой мені жеп қояды! Сенімен дос болмаймын!»
Мүмкүн түлкі менімен дос болар деген ойда ит түлкіні іздеуге шығады.Көп жүреме аз жүреме бір уақытта ит бір аңды кезіктіреді.
Ит:«Сен кімсің?»
Түлкі:«Мен түлкімін,жүрген жерім ойын да күлкі»
Ит:«Менімен дос боласынба?»
Түлкі:«Болсам болайын.Сенімен мен ойнаймын.»
Жүргізуші:«Ит түлкімен дос болып екеуі күні бойы орманда бірге жүреді.Жеміс жидек тереді,ойнайды.Кеш бата түлкінің үйқысы келеді.Ол бір талдың түбіне жата қалады да үйықтайды.
Иттің үйқысы келмей үре бастайды : «Аф аф аф»-деп.
Түлкі оянып:«Сен неге үребересін?Қасқыр естіп қалса ғой мені жеп қояды!Сенімен дос болмаймын!»
Ит:«Жарайды,ендеше мен қасқырды іздеуге шығайын.Бәлкім сол менімен дос болар.»
Жүргізуші:Ит қасқырды іздеуге шығады.Көп жүреме азба бір кезде алдынан бір аң шыға келеді.Ит:Сен кімсің?
Қасқыр: Мен қасқырмын...
Ит:Менімен дос боласыңба?
Қасқыр: Болсам болайын.
Жүргізуші: Күні бойы ит пен қасқыр орман ішінде бірге жүреді.Бір-біріне әңгіме айтып,бір бірімен қуысып ойын ойнайды.Кеш батады.Қасқыр бір талдың түбіне жата қалады да ұйықтайды...
Иттің үйқысы келмей үре бастайды :»Аф аф аф»деп.
Қасқыр оянып кетіп: Әй! Сен неге үребересің? Аю естіп қалса бізді құртады ғой! Қой,сенімен дос болмаймын!
Ит:Жарайды,ендеше мен аюмен дос болайын!
Жүргізуші: Көп жүреме аз жүреме бір уақытта ит қорбаң-қорбаң басқан бір аңды кезіктіреді.
Ит:Сен кімсің?
Аю: Мен қорбаңбай аюмын!
Ит:Менімен дос боласыңба?
Аю: Дос болсам болайын...
Жүргізуші: Сонымен аю және ит дос болады.Күні бойы орманда бірге жүреді.Жеміс жидек тереді,бірге ойнайды.Аюдың ұйқысы келіп бір тал түбіне жата қалады.Ит әдетіне салып үре бастайды.
Ит: Аф-аф-аф!
Аю оянып: Эй! Сен неге үре бересің? Адам естіп қалсағой,мені мылтығымен соғып алады! Сенімен дос болмаймын!
Жүргізуші: Аю итті қуып жібереді.Ит орманда жалғыз қалады.Мүмкін адам менімен дос болар деп адамды іздейді.Бір кезде алдынан мылтық ұстаған біреу шығады.
Ит: Сен кімсің?
Адам: Мен адаммын.Жер,су,орманның патшасымын.
Ит: Екеуіміз дос болайық?
Адам: дос болсақ болайық!
Жүргізуші: Күні бойы адам итті ертіп жүріп орманда аңшылық жасайды.Адамды көргенде аңдардың барлығы қорқып тығылып қалады.Кеш бата адам итті үйіне ертіп әкеледі де есік алдына байлап қояды.Өзі үйіне кіріп ұйықтап қалады.Түнде ит үреді.
Ит: Аф-аф-аф!
Жүргізуші: Адам оянып кетіп итті яйды.оған тамақбереді.
Адам: Қарның ашқан екенғой достым,жей ғой!
Жүргізуші: Міне осыдан бері ит адамның қасындажүретін болды.
«Ит-адамның досы»-деген мақал осыдан бері айтылып жүр деседі.
Ертегі біткеннен кейін:
Жүргізуші:Балалар ертегі сендерге ұнадыма?Ақтөстің досы кім болып қалды?Осы хикая шынымен болған-ау деймін,себебі осыдан бері бәрі «Ит-адамның досы» деп бәрі айтып жүретін болды. Ал енді біз сіздермен қош айтысамыз келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі