Өлең, жыр, ақындар

Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы
Ақсай қаласы №6 ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі Хамидуллина Айнур Изтургановна

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы

Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың айтылу мен жазылуын үйрете отырып, балалардың байланыстырып сөйлеуін жеңілдету, белсенділігін арттыру. Жаттығу жұмыстарын орындау арқылы сызба бойынша сөйлем құруға үйрету 

Ауызша және жазбаша тіл туралы білімдерін тиянақтау.

Сөздерді сөз құрамына, мағынасына қарай талдай білуге үйрену.

Сауатты, көркем жазуға, салыстырулар жасауға дағдылану.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

 Ширату «Буындар әні»

Оқушылар буын бойынша топқаи бөлініп, буынмен әндетеді

Топқа бөлу

  1-топ: мен, бен, пен

  2-топ: да, де, та, те

  3-топ: ма, ме, ба, бе, па, пе

  4-топ: қой, ғой, қана, ғана, -ақ

Бағалау

«Жетістік жолы»

Жаңа сабақ

Ойлан, жұптас!

Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы

1. Құста, ұшақта қанат бар.            1. Құс та, ұшақ та самғады.
2. Сен бүгін онда барма.                 2. Сенде кітап бар ма?
3. Сапар Сәрсенмен сөйлесті.        3. Сапар мен Сәрсен сөйлесті. 

Оқулықтағы тапсырмаларды  орындау

Қосымша сөзбен бірге жазылады, шылау бөлек жазылады: Бүгін барма. Қаламың бар ма?

Ойлан тап!

Секір, ойна, келе,  жоқ, есіне, күз, жолықты, кет, таяз, таян,

па, пе, ба, бе, ма, ме 

Секірме, ойнама, келе ме,  жоқ па, есінеме, күз бе,  жолықты ма, кетпе, таяз ба, таянба.

Әсем (де) кітап бар. Әсем (де) кітап оқиды.Мен (де) оқимын. Мен (де) кітап бар.

   Алмас  қалам (мен) жазды.   Алмас дәптер (мен) қалам алды.Машина (мен) велосипед- көлік.Машина (мен) келді.

Жұптық  жұмыс

35-жаттығу

-мен, -да, -де жалғауларын және мен, да, де шылауларын қатыстыра сөйлем құрап жаз.

Топтық жұмыс

6 сурет, 6 сөйлем, 1 мәтін

     Құраған әңгімеде шылау, шылау тұлғалас қосымша болуы тиіс.

 Қалған топ теріп жазады.

Жеке жұмыс

36-жаттығу

Есту диктанты

Топтық жұмыс «Пица сатушы»

Карточкадағы

терминдер

“Лездеме”

Кестені толтыр

Бөлек жазылатын шылаулар

Дефиспен жазылатын шылаулар

Қосымшамен тұлғалық ұқсастығы бар шылаулар

     

 

Рефлексия

Екі жақты күнделік стратегиясы

Кітаптағы жазбалар

Менің жаңалығым

 

 

Үйге тапсырма

40-жаттығу, ереже жаттау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз