Өлең, жыр, ақындар

Менің отбасымның сүйікті кітабы!

БҚО Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылы
"Бітік мектеп-бөбекжай" кешені" КММ-нің кітапханашысы Жардемова Анар Жаскаиновна

Шара мақсаты: Жерлес ақындарды таныту. Эстетикалық талғамы бар сауатты отбасылық оқырман дайындау. Еркін, шешен, көркем сөйлеуге, ізденуге тәрбиелеу. 

Кітапханашы: Армысыздар құрметті оқырмандарым!

Кітапханашы: Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Әдеби Ақжайық» жобасын іске асыру максатында, жерлес ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттау, оқу мәдениетін дамыту және қолдау, кітап оқу мәдениетін жетілдіру, кітап оқуға сүйіспеншіліктерін арттыру, білім нәрі кітаппен елжандылыққа баулу, кітаптың мәртебесін көтеру және кеңінен насихаттау, оқырмандардың интеллектуальды – танымдық өсуіне ықпал ету, белсенділіктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырған «Менің отбасымның сүйікті кітабы» дөңгелек үстеліне қош келдіңіздер!

Отбасысыз адамның күні жоқ. Алыс кетсең сағынасың, балғын балалық шағың, анаңның бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әжеңнің ертегілері осының бәрі отбасының керемет сипаттары емес пе!

Бұрынғы ата-бабаларымыз шаңырақ шайқалмауы үшін тірлік кешкен. Өмірлерінің әнін де, сәнін де, осы шаңырақ, ұрпақ қамы үшін арналған. Атам заманнан адамзат атаулының алтын бесігі- ақ орда, өз үйі-өлең төсегі. Осы кішкентай ғана ошақ басынан жылуы тарап, тарам-тарам ұрпақ өрбиді. Сол ұрпақ адамды заманнан- заманға жалғыстыратын дәнекер. Отбасы – әр бала үшін алтын бесік. Әйтпесе, халқымыз: «Отан – отбасынан басталады» дер ме еді?!

«Бала нені білсе жастан ұядан:

Өле-өлгенше соны таныр қиядан» деп Жүсіп Баласағұни айтқандай, бүгінгі кешіміз осындай отбасылық оқулармен жалғасын табады деп ойлаймын.

Ендеше бүгінгі кешімізге келген отбасылармен таныс болайық атап айтқанда :       

5 сыныптың атынан Борбаевтар отбасы, 6 сыныптың атынан Сариевтер отбасы, 7а сыныптың атынан Сарсенбиевтер отбасы,

7б сыныптың атынан Ерғалиевтер отбасы, 8 сыныптың атынан Мухангалиевтер отбасы, 9 сыныптың атынан Сарсенгазиевтер отбасы.

Бүгінгі кездесуімізде біздер өз жерлес ақын-жазушыларымыздың шығармаларымен танысып, әр отбасы оқыған кітабының қызықты да ерекше әсер алған үзінділерімен таныстырып өз ойларынмен бөлісуге шақырамыз.

Ендеше сөз кезегі өздеріңізде:

Кітапханашы: Бүгінгі күні қазақ қоғамында рухты көрсететін, жастарымызды ерлік пен батырлыққа, патриотизмге шақыратын, өмірге құштарлықты насихаттайтын кітаптар көбірек оқылу керек деп ойлаймын. Бүгінгі «Менің отбасымның сүйікті кітабы» кешіміз де отандық әдебиетке деген жастардың қызығушылығын арттыруға бағытталған болатын. Кешіміздің мақсаты

жерлес ақандарды таныту. Эстетикалық талғамы бар сауатты отбасылық оқырман дайындау. Еркін, шешен, көркем сөйлеуге, ізденуге тәрбиелеу деп білемін. Және де осы ұйымдастырылған кездесуіміз өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Отбасылық осындай оқырмандардың болуы да ақындарға деген көрсетілген зор құрмет деп білеміз. 

Кітапханашы: Марапаттауларды ұсынуға ортаға мектеп директоры Х.С.Аймагамбетов пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасыры Д.Қ.Уразбаеваны шақырамын. 

Мектепшілік «Менің отбасымның сүйікті кітабы!» атты сайысының жеңімпаздары Сарсенгазиевтер отбасы Аудандық байқауға қатысын І орынға ие болып, Обылыстық байқауға қатысып «Бас жүлдені» жеңіп алды.

C:\Users\Аcer\Documents\2018жыл\Чапай\20180515_141155.jpg  


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз