Маңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Ақшұқыр ауылы
«Жауқазын» балабақшасы
Досанова Ира Дәуітқызы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» ертегісі.
Мақсаты: ертегі мазмұнын түсіндіре отырып, балаларға адамгершілік тәрбие беру. Бала бойына достық,қамқорлық, кішіпейілділік қасиеттерін ояту. Ертегі мазмұны мен жағымды кейіпкерлерді ажыратуға баулу. Ертегі желісі бойынша тапсырмалар үйрету арқылы, кейіпкерлерді достыққа шақыру.
Сөздік жұмыс: түлкі, тырна.
Билингвалды компонент: түлкі-лиса, тырна-журавль
Заттық дамыту ортасы: ертегі кейіпкерлерін сахналау, слайд арқылы көрсету, түсіндіру, Восковичтің дамыту ойындарын қолдану
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің оқу қызметі |
Балалардың оқу қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Біз әдепті баламыз Біз ерекше баламыз Үйге қонақ келгенде «Сәлеметсіз бе!» -деп Амандасып аламыз. |
Балалар шеңбер бойына тұрып шаттық шеңберін орындайды. |
Ұйымдастырушы іздену |
- Балалар сендердің бүгінгі көңіл-күйлерің қалай? Сендер менімен бірге саяхатқа шыққыларың келе ме? Олай болса мен сендерді ертегілер еліне саяхатқа шақырамын(балаларды әуен ырғағымен поезд тәріздес етіп жүргіземін) Таңғажайып сәт. Балалардың алдынан ертегілер елінің ханшайымы шығады. Ханшайым: -Сәлеметсіздер ме, балалар?Мен сендерді көріп қуанып тұрмын.Сендер қандай мақсатпен ертегілер еліне келдіңдер?Сендердің келгендерің өте жақсы болды.Маған сендердің көмектерің өте қажет болып тұр. Олардың кім екенін жұмбақтар шешу арқылы біле аламыз Сендер көмектесесіңдер ме балалар? Жұмбақтар шешу: 1 Өзі айлакер, өзі қу, Жүрген жері айқай да шу. 2 Көкте ұшады тізіліп, Біз қараймыз қызығып. Осы кезде түлкі мен тырна ортаға келеді. -Балалар бұл «Түлкі мен тырна» ертегісіндегі кейіпкерлер ғой. Олай болса жайғасып отырып ертегіні тамашалаңдар. «Түлкі мен тырна» ертегісін сахналау. Ханшайым: Ерте, ерте, ертеде түлкі мен тырна өмір сүріпті. Бір күні олар орманда кездесіпті. Екі дос бірін-бірі қонаққа шақырыпты.
-Досым тырна маған қонаққа кел, сен үшін бәрін дайындап қоямын -деді түлкі. Тырна түлкіге қонаққа келді.Түлкі ботқа пісіріпті Ботқаны тарелкеге салып тырнаға берді. Ханшайым: Тырна тарелкені тырс-тырс еткізіп ботқаны жей алмады. Түлкі: -Менде басқа ештеңе жоқ,тамақтан досым. Тырна: -Рахмет, досым енді мен сені қонаққа шақырамын. Ханшайым: Ертесіне тырна түлкіні қонаққа шақырады.Етті картоппен қуырып, құмыраға тамақты салып береді. Тырна: -Тамақтан сүйікті досым -деді. Ханшайым: түлкі құмыраға басын былай салып, былай салып бірақ жей алмайды. Түлкі: -Сен қонақты қалай қарсы алуды білмейсің ба?- деп ашуланып кетіп қалады. Ханшайым: Содан бері екі дос бір-біріне ренжіпті.Осымен ертегіміз аяқталды.
Тәрбиеші: -Балалар ертегі сендерге ұнады ма? -Бұл жерде қандай кейіпкерлер бар? -Түлкі тырнаны қонаққа шақырғанда қандай ыдыспен тамақ берді? -Тырна іше алды ма? -Ал тырна түлкіге не істеді? -Ертегі кейіпкерлері бір-біріне ренжіп қалды.Оларға достық жетіспейді -Балалар біз тырнаны достастырсақ қайтеді. Олай болса ең алдымен сергіту жаттығуын орындап алайық. Сергіту сәті: Саусақтар шыншыр болады, Үзілмейді тартсаңда. Ал,піл келіп шынжырды, Үзіп кетті басқанда Тұмсығымен доп іздеп, Ойнағысы келіп тұр. Достық үшін пілге мен, Гүл сыйлағым келіп тұр.
-Түлкі мен тырнаның бір біріне тапсырмалары бар екен,соларды орындаса ғана достасады екен.Оларды достастыруға дайынбыз ба? Балаларды екі топқа бөліп отырғызып, «түлкілер және тырналар»екі топқа бөлеміз. 1Логикалық сұрақтар:(Интерактивті тақта бойынша балаларға тапсырма беріледі) Дидактикалық ойын: «Не артық?» 2Восковичтің дамыту ойыны: түлкі мен тырнаның тамақ құйып берген ыдыстарын нүктелерді қосу арқылы көрсету. Ханшайым балаларға рахметін айтып оларға өз сыйлығын табыс етеді.музыка әуенімен балабақшаға оралу. |
Балалардың жауабы.
-Сәлеметсіз бе, ханшайым.
-Иә, көмектесеміз.
Балалар жұмбақты шешеді.
-түлкі
-тырна
Балалар ертегіні түсініп тыңдайды.
Балалардың қызығушылық сезімдері оянады.
-Иә, ұнады, өте қызықты болды. -Тәрелкемен тамақ берді -Тырна іше алмады -Тырна түлкіге құмырамен тамақ берді.
Балалар қимыл-қозғалыс арқылы өлең жолдарын қайталап айтады
-Иә, дайынбыз. Балалар сұрақтарға толық жауап береді.
Балалар берілген тапсырманы орындайды.
|
Рефлексивті коррекциялаушы |
-Балалар,біз қайда саяхатқа бардық? -Ол жақта кімдерді көрдік? -Ханшайым қандай көмек сұрады? -Түлкі мен тырна неге ренжісті? -Біз оларды қалай достастырдық? -Балалар, бүгін сендер үлкен іс тындырдыңдар.Ренжісіп қалған түлкі мен тырнаны достастырдыңдар. Мадақтау! |
-ертегілер еліне саяхатқа бардық. -түлкі мен тырнаны көрдік. - берген тапсырмаларын орындадық. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: жасайды, ертегі мазмұнын түсініп тыңдайды.
Түсінеді: кейіпкерлердің дұрыс еместігін.
Қолданады: достық сөзін түсініп, бір-біріне қамқор болуды.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі