Астана қаласы
"Атамұра" балабақшасының
тәрбиешісі Курманалиева Жаныл Биляловна
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, шыршаның қандай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз атаның, Ақшақардың, Қоянның киімдеріне назар аударту. Көңілді ойындар ойнату, достық қарым–қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: Аяз ата, Ақшақар, қоян, клоун, балалар, ата–аналар.
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: Армысыздар, ата-аналар, аяулы ұстаздар! Сәлеметсіздер ме балалар! Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер, мына жерде орман аңдары да, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де келіпті. Ал, бүгін балалар қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл.
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзді балабақша директоры Жанат Нұрдәулетқызына береміз.
Балалар бүгін біз жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Қараңдаршы, ортамызда әдемі шырша тұр. Келіңдер осы шыршаның қасында тұрып, ән салайық.
Ән: «Ормандағы шырша».
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Қане, балалар осы шырша туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар: Ия
Жүргізуші: Олай болса тыңдайық.
Айбатыр: Жасыл шырша орманнан
Бізге арнайы келіпті
Ойыншығын балалар
Шыршаға әсем іліпті.
Санжар: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Жүргізуші: Жарайсыңдар бәрекелді! Қараңдар балалар, шыршаның астында бір нәрсе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша! Келіңдер балалар сыйлықты ашып көрейік! (қорапша ішінен клоун шығады).
Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін! Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар әрі қараңғы екен! Ал мұнда қандай тамаша! Менде сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойын ойнасам болама?
Балалар: Ия
Ойын: «Кім тез пиманы киеді?»
Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балалар бар, бірақ бізге жаңажылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аяз ата, Ақшақара
Жүргізуші: Кәне, бәріміз бір дауыспен айқайлап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық! (Аяз ата деп айқайлағанда ішке қоян келеді)
Қоян: Ойбай, түрлерін қара! Неге тамақьтарыңды жыртып жатсыңдар?
Жүргізуші: Ал сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?
Қоян: Білсем бұйырмасын.
Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Қоян: Жоқ.
Жүргізуші: Сен өзі мұнда қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырған едік қой.
Қоян: Ал мені неге мерекеге шақырмайсыңдар? Аяз ата сендерге бәрібір келмейді. Өйткені, мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым. Енді ол жол таба алмайды.
Жүргізуші: Неге олай еттің? Аяз атасыз қандай жаңа жыл өтпен?
Қоян: Онда сендер мені жаңа жыл мерекесіне қатырсаңдар, мен жол көрсетемін. Белгіні орнына қойып қояр едім.
Жүргізуші: Жақсы жарайды. Бір қателігіңді кешіреміз. Ал, сен қоян білесің бе? Біздің балаларымыз ақылды екені сонша, тіпті сен туралы әнде біледі. Сен тыңда, саған арнап ән айтайық.
Ән: Ұзын құлақ сұр қоян.
Қоян: Ой жарайсыңдар, рахмет сендерге. Сендер мені кешіріңдерші я балалар! (осы кезде боранның гуі естіліп, қоян тоңа бастайды. Шыршаның астына тығылады.) Алыстан аяз атаның даусы естіледі.
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін. Шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық.
Балалар: Аппақ тоңға оралып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Аяз ата, Ақшақар!
Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ
Дайындалдым жыл бойы
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма?
Сендерді көргеніме сондай қуаныштымын. Балалар мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Қане, сиқырлы сөздерімізбен шамдарын жарқыратайық. Балалар хормен: Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат.
Жүргізуші: Аяз ата, сіз шаршаған шығарсыз, балалар сізге әндерін айтып берсін, сәл тынығып алыңыз.
Ән: Аяз ата
Аяз ата: Ой қандай жақсы. Балалар сендер тақпақ та айта аласыңдар ма?
Алмаз: Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Самина: Жаңа жылдың есігін
Ащы тәтті несібін
Ашып берер ақсақал
Аяз ата есімі.
Аяз ата: Бәрекелді, бәрекелді!
Ақшақар: Балалар, бізге көрсетер тағы қандай өнерлерің бар?
Жүргізуші: Ой аяз ата, ақашақар, біздің балалар тақпақтарын есіне түсіре алмай тұр, бірақ би билеуден қалыс қалмайды. Сүйкімді балалардың биін бірге тамашалайық.
Би: Раз ладошки
Аяз ата: Жарайсыңдар! Ақшақар қызым тақпақ айтқан балаларға сыйлық берейік.
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ
Ойын күлкі таралсын
Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!
Ағылшын тілінде би: Happy new year.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар ата аналар! Осымен біздің «Құтты болсын Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жыл жаңа бақыт, табыс, шаттық сыйласын! Бақытты болайық, бай болайық, келер жылы кезіккенше аман-сау болайық!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі