Өтепова Ақмарал Тілепбергенқызы
бастауыш сынып мұғалімі
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға топырақтың ерекшелігі және оның құрамымен таныстыру. Топырақтың түрлерін ажырата білуге үйрету. Өсімдіктер тіршілігіндегі рөлін түсіндіру. Топырақ түсінің және сапасының қарашірікке байланысты екендігін әңгімелеу. Тәжірибе жұмысын жүргізу арқылы оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін дамыта отырып біліктілігін, дағдыларын арттыру.Оқушыларды ұйымшылдықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, түсіндіру, тәжірибе жасау, СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: Топырақтың түрлері, Қазақстанның топырақ картасы, интербелсенді тақта
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу құралдарын түгендеп, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
"Ақ тілек, әсем күлкі"
Қуанамыз арайланған ақ таңға,
Қуанамыз жақсылық болып жатқанға
Қош келіпсіз 3"Ғ" сыныбына
Сәлем беріп бас иеміз баршаңызға
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
"Миға шабуыл"
-Тау жыныстары дегеніміз не?
- Табиғатта тау жыныстары қандай күйде кездеседі?
-Тау жыныстарының қандай түрлері бар?
-Тығыз тау жыныстарына нелер жатады?
-Бос тау жыныстарына нелер жатады?
-Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
- Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай неше топқа бөлінеді?
- Адам пайдалы қазбаларды қолданбай өмір сүруі мүмкін бе?
- Пайдалы қазбалар қалай і және неше әдіспен өндіріледі?
- Қандай пайдалы қазбалар қалпына келмейді?
- Пайдалы қазбаларды қорғай үшін не істеуіміз керек?
- Металды қайда өндіреді?
ІІІ.Картамен жұмыс
- Қазақстанның қай жерлерінде мұнай мен газ өндіріледі? Ең көп шоғырланған жері қай жер?
- Тас көмір қайда өндіріледі? Ол көмірдің қандай түрі?
- Шымтезекті не ретінде қолданады?
-Темір қай жерлерде өндіріледі?
- Ал кенге жатпайтындар тағы да қайталап атап көрейік?
ІҮ.Ой қозғау
- Топырақ дегеніміз не?
- Топырақтың бойында қарашірік қалай пайда болады?
Ү.Топтық жұмыс
"Топтас, ойлан, талқыла"
1-топ: Топырақ туралы не білесің?
2-топ: Топырақтың құрамы
3- топ: Топырақтың түрлері, атқаратын қызметі
ҮІ.Жаңа сабақ
- Жағажайдан бір уыс құм алып, одан әрі өзен жағасындағы көктемде су басатын жайылымға көтерілейік.
- Одан не көріп тұрмыз?
- Тал, шілік, бұта, қалың шөп иін тіресіп тұр.
Одан әрі жоғары көтерілсек басқа өсімдіктер өсіп тұр.
- Бұл жерде өсімдіктің өсуі неліктен?
- Бұл айтылған жерлерде өсімдіктің өсуі топырақтың болуынан.
- Сондықтан, жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабатын топырақ дейміз.
- Енді топырақты күрекпен аударып қара.
- Беткі қабаты қара, қоңыр екені байқалады. Әрі қарай қаза берсек бозғылт тарта береді.
-Топырақтың қандай түрлері бар?
-Топырақтың тау жыныстарынан тау жыныстарынан басты айырмашылығы неде?
- Топырақ құрамын байқау үшін, бір уыс топырақ алып, мектебімізге қайтайық.
Түсінейік, байқайық, дәлелдейік.
ҮІІІ.Сарамандық жұмыс
"Топырақтың құрамында не болады?"
Топырақты ақ қағаздың бетіне салып, анықтап қара
- Өсімдіктің ұсақ қалдықтары, шіріген жәндіктің қалдықтары байқалады. Одан әрі анықтай түсу үшін тәжірибе жасайық.
1 - тәжірибе.
Бір кесек топырақты стакандағы суға салайық. Не байқадық. Көпіршіп шыққан не? Ауа
2 — тәжірибе.
Бір уыс топырақты темір қалбырға салып отқа қойып қыздырайық. Оның үстіне шыны ұстайық. Шынының астыңғы бетіне су тамшылары пайда болды. Ол қайдан шықты? Топырақ бойында ауадан басқа тағы не бар? Су
3 — тәжірибе
Топырақты одан әрі қыздыра түсейік. Біраздан кейін көкшіл түтін шығады Бұл не? Топырақ ішінде жанатын не бар? Топырақта түрлі қалдықтар, шірінділер бар. Ол — қарашірік
4 — тәжірибе
Шірінді жанып біткен толпырақты суға салып араластырайық. Лайланған суды тұн-
дыруға қояйық. Біраздан кейін тұнбаның астында қүм, оның үстіне саз шөгеді. Бұдан топырақ құрамында құм, саз барын байқайық.
Тәжірибені қортындылау: Топырақта қарашірік көп болса, соғұрлым топырақ құнарлы болады. Қарашірік топыраққа қара, қоңыр түс береді.
ІХ.Дәптермен жұмыс
Ендеше бүгінгі күннің жадысын жазайық.Топырақ. Топырақтың ерекшелігі және түрлері
Х. Сергіту сәті:
ХІ.Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді бөліктерге бөліп оқу ДЖИГСО әдісі
1- топ: Топырақтың құрамы
2-топ: Топырақ қабаты
3-топ: Топырақ түрлері
Топырақ жайында әңгімелеу.
ә) Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабатын топырақ деп атаймыз. Жер бедері бірнеше қабаттан тұрады.
Суреттегі топырақтың қиындысынан біз оның әр қабатындағы өзгерістерді байқауымызға болады.
1) Беткі қабатының түсі қоңыр, оған қураған жапырақ, ағаштың ұсақ қалдықтары араласқан.
2) Беткі шымды қабатын мұқият қара. Оны өсімдік тамырлары айқыш – ұйқыш шырмап жатқанын көресің
3) Шұбалшаң мен әр түрлі бунақденелілер мен дернәсілдері түседі
4) Тереңдеген сайын өсімдіктер тамырлары азая бараді. Одан төменде тау жыныстары кездеседі.
– Құнарлы топырақта қарашірік қалай пайда болады?
– Қарашірік қалай пайда болатынын мына сурет арқылы көз жеткізейік
-Өсімдік тамыры арқылы қоректік заттарды бойына сіңіреді. Күн көзінің жылуы мен ауадағы көмірқышқылы газын сіңіріп өсіп жетіледі.Өсімдіктер мен жануарлар қоректенеді. Жануарлардың денесінде қорытылып шыққан заттармен құстар, түрлі жәндіктер қоректенеді және олар шіріндіге айналады. Топырақтағы көзге көрінбейтін майда жәндіктер, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын күрделі өзгеріске түсіреді. Көртышқан және оның әрекеті жайында әңгімелеу
Сонымен топырақтың беткі қабаты өсімдіктер мен жәндіктердің қалдығынан
құнарлы қарашірік топыраққа айналады.
Видео көрсету: Топырақ
– Топырақтың тау жыныстарынан басты айырмашылығы – құнарлылығы. Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты топырақ деп аталады.
- Топырақты зерттейтін ғылым саласын топырақтану деп атайды.
ХІІ.Түртіп алу жүйесі
«Қарашірік» – топыраққа қоңыр түс беретін өсімдіктер мен
жәндіктердің қалдығын айтамыз.
Қарашірік – тыңайтқыш
- Ал тыңайтқыш дегеніміз не? Ол не үшін қажет?
- Топырақты не арқылы тыңайтады? (Көң, шымтезек, тезек)
Ой қозғау
– Топырақтың қандай пайдасы бар?-
- Топырақтың жануарларға қандай пайдасы бар?
- Топырақтың адамдарға қандай пайдасы бар?
Сергіту сәті:
Шөліркемей гүл тұрсын,
Жерім жайнап құлпырсын .
Нұрын сыйлап біздерге
Көкте мәңгі күн тұрсын.
Ортақ бізге туыстық
Нұр сыйлаған күн ыстық
Ыстық бізге кең өлке
Ыстық бізге тыныштық
Қазақстанның топырақ картасымен жұмыс жүргізу.
ХІҮ.Ситуациялық сұрақ
- Топырақ неден бұзылады?
- Топырақты қорғау үшін не істеуіміз керек?
ХҮ.Сабақты бекіту
Білемін |
Білдім |
Білгім келеді |
Топырақ жердің беткі қабаты |
Топырақтың тау жыныстарынан ерекшелігін білдім. Топырақта құнарлы өсімдік өседі. Таза тау жыныстарында өсімдік өспейді.
|
Топырақ қабаты түзелу үшін қанша жыл керек?
Жауабы: 1 – 2 см топырақ қабаты түзелу үшін жүз жылдай, ал 20 см топырақ 2 – 3 мың жылда түзеледі.
|
"Бес жол өлең" стратегиясы
1.Топырақ
2.қара, қоңыр
3.құнарланады, тыңайтылады, лайланады
4.Топырақ жердің беткі қабаты
5.Құм
ХҮІ.Сабақты қорытындылау:
Топырақ — өсімдік үшін қоректің көзі және баспана.
Бүгінгі алған білімдеріміз өмірге қажет па?
Берілген сөз тіркесін таңдап, пікірмен аяқта.
Ең қызықты болғаны ………
Маған ой салғаны……..
Мен мынадай сезімде болдым……..
Маған ұнағаны…..
Мені мазалағаны…..
Бәрінен кереметі…..
ХҮІІ.Үйге тапсырма беру: 77-80 бет түсінік айту.
опырақта тіршілік ететін жәндіктер туралы мәлімет жинау
Ендеше: Күніміз ашық,
Түніміз тыныш.
Ауамыз таза,
Топырагымыз құнарлы болсын.
Өзіміз аман болайық.
Сабағымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!!!
Еркеш
Топырактын кандай курамы бар