Өлең, жыр, ақындар

Тығыздықты есептеу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тығыздық

«Шахтинск қаласы әкімдігінің №5 гимназиясы» КММ

Физика пәні мұғалімі: Хохон М.

Сабақтың тақырыбы: Тығыздықты есептеу

Сынып: 7

Сабақтағы оқу мақсаты:

7.2.2.15 – тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану

 

Сабақтың мақсаттары

 

Барлық оқушылар:

Тығыздық шамасының анықтамасын, өлшем бірлігін біледі, оның формуласын есептер шығаруда қолдана алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Заттың тығыздығы шамасының физикалық мағынасын түсінеді, формуласын түрлендіріп қолдана біледі.

Кейбір оқушылар:

Күнделікті өмірде қолданып жүрген заттардың тығыздығын анықтай алады.

Бағалау критерийлері:

1. Тығыздық шамасының анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі.

2. Тығыздықтың формуласын қолданып есеп шығарады, формуласын түрлендіре алады.

3. Күнделікті өмірде заттардың тығыздығын салыстырмалы ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Физикалық терминдердің (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылымда)  дұрыс қолданылуына мән беру.

Тақырып бойынша үш тілділік сөздік

Ағылшынша

Қазақша

Орысша

mass

масса

масса

volume

көлем

объем

density

тығыздық

плотность

square

аудан

площадь

width

ені

ширина

length

ұзындығы

длина

Масса, көлем, тығыздық, вектор, скаляр шама

Диалог үшін пайдалы дәйекті сөздер:

Тығыздық – бұл.........шама.

Тығыздық – ...........болып табылады.

Тығыздық.......... әрпімен белгіленеді.

Тығыздықтің өлшем бірлігі........

Тығыздықты өлшеу үшін қолданылатын прибор ...... деп аталады.

Құндылыққа баулу

«Мәңгілік ел». Индустрияландыру мен инновацияларға негізінде экономикалық тұрақты дамуды қалыптастыру (жаhандық дамуға қатысты ғылым мен техниканың дамуына, инновациялық технологияларды меңгеруге деген ұмтылыс)

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы (оқушылардың топпен жұмыс жасауы барысында, мақсатқа жету үшін бірлесе еңбектенудің маңыздылығы, табанды еңбектенуге ұмтылыс жасау)

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану (заттар және материалдар бөлімі), математика (массаны, көлемді, тығыздықтарды есептеу)

Алдыңғы білім

Заттар мен материалдар тығыздығы туралы түсінігі қалыптасқан.

Жоспар

Жоспарланған мерзім

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

(7 мин)

 

 

Білу

 

 

 

Қызығушылықты ояту

Ынтымақтастықты қалыптастыру «Ыстық алақан»

Топқа бөлу

Стикерлер түстері   арқылы 4 топқа бөлу.

Үй тапсырмасы  «Домино»

Түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтары

Өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталау арқылы білім деңгейін сұрақтар қойып анықтаймыз.

   1. Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?

   2. Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады?

   3. Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер?

Дескриптор: тығыздық анықтамасын, оны анықтау жолдарын, өлшем бірлігін білу – әрқайсысына 1 балл. (жалпы 3 балл)

 

 

Стикерлер

 

 

Ауызша сұрақтар

 

 

Сабақтың ортасы

 (33 мин)

 

Түсіну

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолдану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жинақтау

Мағынаны тану

 «Жалғасын тап...» Топтық жұмыс

 Мақсаты: Тығыздықтың анықтамасын, формуласын, шамалардың өлшем бірліктерін анықтау.

1.Заттың тығыздығы дегеніміз –

2.Заттың тығыздығы мына формуламен анықталады:          ρ=__________

3. Мына шамалардың өлшем бірліктерін жаз:

[m]=_______

[V]=­­­­­­_______

[ρ]=________

Дескриптор: тығыздық анықтамасын, формуласын, шамалардың өлшем бірліктерін анықтайды

ФБ:         https://ds02.infourok.ru/uploads/ex/1219/00079fb0-90aaeaf9/img4.jpg

 

 

 

Оқулық

Парақша

 

 

 

 

Бірлескен жұмыс  «Есептер шығару»

1 – тапсырма: «Бос торкөзді толтыр»

Bilimlаnd.kz сайтынан №1, №2, №3 жаттығулардағы тапсырмаларды сыныппен орындау

КБ:

тақтаға шыққан оқушыға кері байланыс беру

2 тапсырма «Деңгейлік тапсырма»

Барлығы

1. Көлемі 1л өсімдік майының массасы 920г. Майдың тығыздығын тап.

Көпшілігі

2. Егер шойынның тығыздығы 7∙103кг/м3болса, онда көлемі 2м3 ойын кесегінің массасын анықтаңыз.      

Кейбірі                                                                                           

3. Көлемдері бірдей алюминий және мыс екі білеуше бар. Егер мыстың массасы алюминийдің массасынан 1,24 кг артық болса,бұл білеушелердің массалары қандай болады? ρА=2,7 г/см3, ρМ=8,9 г/см3.

Бағалау критерийі

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

1. Өлшем бірліктерді ХБЖ айналдырып, тығыздықты формула бойынша есептейді

-  Берілгенін дұрыс жазу

- Өлшем бірліктерді ХБЖ айналдырады

- Тығыздықты анықтау

1

1

1

2. Тығыздық пен көлем бойынша массаны анықтайды

- тығыздық арқылы массаның  формуласын анықтау

- Массасын есептеу

- Өлшем бірлікті дұрыс жазу

2

2

2

3. Көлемі бірдей әртүрлі заттардың массасын анықтайды

- Өлшем бірліктерді ХБЖ айналдыру

- Алюминийдің массасын анықтау

-Мыстың массасын анықтау

 

2

2

2

Барлығы

15

(дескрипторға қарап өздерін бағалайды)

 

                

                      

                    Тамаша!      Жақсы!     Толықтыру қажет!

 

Bilimlаnd.kz  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау критерийі

 

 

 

 

 

 

Ой – толғаныс:

«Анықтамалық кесте»

Негізгі ұғымдар

Анықтамасы

Формуласы

Өлшем бірлігі

1

Заттың тығыздығы

 

 

 

2

Дененің массасы

 

 

 

3

Көлем

 

 

 

Дескриптор: Ұғымдардың анықтамасын, формуласын, өлшем бірліктерін жазады – әрқайсысына 1 ұпайдан

 

 

 

Кесте

 

 

 

Сабақтың соңы

(5 мин)

 

Бағалау

 

 

 

Кері байланыс:

«Кубик лақтыру» әдісі

Нені үйрендім?

Нені білдім?

Не қызықты болды?

Нені есте сақтаймын?

Не қиын болды?

Нені қайталадым?

 

 

 

Кубик

 

 

 

Үйге тапсырма

1.«Эссе» жазу «Заттың тығыздығы»

Оқушылар үйде өздерінің ойларын жаңа тақырып бойынша дәптерлеріне түсіріп келеді , тақырыпты оқып келеді.

2. Картоптың тығыздығын анықтау

 

 

Оқулық, дәптер

Саралау.

Қабілеті жоғары оқушыларға күрделілігі жоғары есептер шығарады. Қосымша көмек беру үшін қайта бағыттау және жетелеу сұрақтарын қоямын.

Бағалау.

Оқушылардың үйренгенін тексеруді жоспарлау әр тапсырмадан соң өзіндік, өзара, топтық бағалаулар арқылы жүзеге асады және сабақ соңында  «Кубик» әдісі бойынша кері байланыс жасалады.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері Құндылықтардағы байланыс.

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Рефлексия.

Оқушылар формула бойынша есептер шығаруды білді, өлшем бірліктерді ХБЖ айналдыруды үйренді. Сабақ барысында сараланып берілген есептер өте тиімді болды, себебі оқушылар өз деңгейіне қарай орындай алды.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Деңгейлік тапсырманы орындау барысында оқушылар арасында бәсекелестік пайда болды.

2. Топтық жұмыс кезінде үлгерімі төмен оқушы табысқа жетуге ұмтылысын белсенділік арқылы көрсетті.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды  (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақта тәжірибе арқылы түсінуге мүмкіндік (құрал жабдықтар) жасалған болса.

2. Қосымша ақпарат көздері қолжетімді болса.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жаңа технологиялар арқылы көрсету, тәжірибе жасап көру сияқты тәсілдерді жоспарлау.


Пікірлер (3)

Нұрайлым

Түсінбедім

Адема

Жауаптары бар ма??

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз