Өлең, жыр, ақындар

Бастауыш біліктісі

 

Тақырыбы: «Бастауыш біліктісі» интеллектуалдық  ойын.                                                                          Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ойлау ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Есте сақтауын, ой - өрісін, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, көрсету, баяндау, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер т. б.
Пән аралық байланыс: музыка, әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі, дүниетану, дене шынықтыру.

                                                         Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі:

Қымбатты оқушылар, бүгінгі  «Бастауыш біліктісі»  интеллектуалдық  ойын-думанымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ептілігін сарапқа салатын боламыз.
Мен бүгін өздерінің ақылды, шеберліктерін, алғырлықтарын, өз бетінше жұмыс жасай алатын, еркін сөйлей алатынын көрсеткісі келіп отырған оқушыларды ортаға шақырғым келіп отыр.                                                                                                                                                       
Шақырамыз екі топты ортаға,
Қол соғады көрермендер таңдана.
Сайыскер өнеріңді ортаға сал,
Осы кеште біліміңді сынап ал.
Білмегеніңді осы кеште біліп ал.
 

Құрметті аяулы көрермендер,
Білімменен сусындаған жас өрендер,
Қош келдіңіз!, бүгінгі кешімізге
Бұл кеш қалсын мәңгіге есіңізде.
 

Әділдік болмаса егер шығар алға,
Бұл дүние жақсылардан қалар ада.
Әділқазы алқасы сеніп тұрмыз,
Мықтыларға берер деп әділ баға.
 

І. Таныстыру. 

 І топ «Алғырлар»
ІІ топ «Тапқырлар»


Талапты да, талантты балалардың сайысын бақылап отыратын бақылаушы   бастауыш сынып мұғалімдері .

 

  ____________________________________________________

 

  ____________________________________________________                                                                                                                 
 

1- бөлім  Ширату  

Шашылған әріптерден сөз құрау.
Жұмбақтың шешуін тап  

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу.
І топ. (і   т  к   ү   л)    (Түлкі)
 ІІ топ.(к е н д  ү  к  і л  )
(Бұл әр оқушыда болады, оны ашсақ кейде күлесін, кейде ашуланып, ұяласың, ол сенің досың)
(Күнделік)
- Ұпай санын анықтау.
 

2- бөлім

 Мұнда математика  пәні бойынша  сұрақтар  берілген.
І топ.

  1. Берілген фигурада неше үшбұрыш бар? 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты. Неше күндік боран соқты? (4) 
 

ІІ топ

1.Шешемнің әмиянында үш 200 теңгелік ақша бар. Егер ол 400 теңгелік 2 қорап кәмпит сатып алғысы келсе, оған қанша теңге жетпейді?
2. Егер Санжар бір кәмпит сатып алса, 10 теңгесі қалады. АЛ екі кәмпитке 30 теңге жетпейді. Санжардың қанша теңгесі бар?
- Ұпай санын анықтау.

 

 

 3- бөлім

Назарларымызды экранға аударайық.

 І топ.

- Экранда бір ертегіден үзінді берілген. Ертегінің аты қалай аталады?

Жауабы: «Бай мен кедей» ертегісі.

ІІ топ.
- Экранда бір ертегіден үзінді берілген. Ертегінің аты қалай аталады?

Жауабы: «Ұр тоқпақ»

 

 

Сергіту сәті

Бала, бала балапан

 

 

 

 

4-бөлім  

Ол үшін назарымызды экранға аударайық.
І топ.

Кел, балалар, оқылық ,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық..

Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар- деген өлеңнің тақырыбын және қай автор жазғанын табамыз.
Жауабы: Кел, балалар, оқылық   Ы.Алтынсарин
 

ІІ топ.
... Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз.
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл... деген өлеңнің тақырыбын және қай автор жазғанын табамыз.
Жауабы: «Ғылым таппай мақтанба» А. Құнанбаев.

 

 -Мұнда «Достар» студиясының жасырған әнін тауып алған топ қосымша 2 ұпайды бірден иеленіп, өз қоржындарына сала алады. Жасырылған ән екі топқа да ортақ. Әнді тапқан топ бірден алдарындағы белгіні береді.
*Жасырылған ән: «Қошақан» әні
- Олай болса қосымша 2 ұпай саны беріледі. Ал біз барлығымыз экранға қарап «Қошақан» әнін бірге орындайық.
* Достар сендерді ұпай сандарыңмен құттықтаймын

 

 5- бөлімі. Мұнда кино саласы бойынша. Кинодан үзінді беріледі. Әр топқа тапсырма жеке-жеке беріледі. Ол үшін барлығымыз назарымызды экранға аударайық. Киноны көрсету. «Балалық шағымның аспаны»
І топ
- Көрсетілген киноның аты? Жалпы кино кім туралы?
- Дұрыс берілген кинодан үзінді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағы туралы. Елбасымыз ұшқыш болуды армандаған екен. Бірақ елбасымыз өз еліне қызмет ету жолын таңдаған екен. Себебі ұшқыштың оқуы Украина қаласында болғандықтан әкесінің өз еліңе қызмет ет деген сөзі ақылға салып, кенші оқуына түседі.
ІІ топ «Менің атым – Қожа» киносынан үзінді.
- Көрсетілген киноның аты? Жалпы кино кім туралы?
- Дұрыс жауап: Қожа деген бала туралы. Ол өзі бұзық болғанымен, шыншыл, жалпы өтірікті жаны сүймейді, әділдікті қалайтын бала туралы. Кейін киноның аяғында Қожа өзінің қателіктерін жояды, тәртіпті, ақылды бала болады.
- Ұпай сандарын анықтау. Жеңіске жеткен топты анықтау. Мадақтау, марапа

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз