Қайырымдылық – адамгершілікбелгісі
Мақсаты: Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерін ұялату үшін мейірімді, ақылды, шыншыл,қайырымды қасеиттерді игеруге ықпал ету. Өздерін көпшілік жерде қалай ұстауды және сөйлеуді сана-сезімін дүниетанымын дамыту. Достыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: нақыл сөздер, бүктемелер, суреттер
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы күн, балалар!
Ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Бір-біріңе жылы жүбен қарап мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қолдарыңды созыңдар.
Күлімдеп күн бүгін(қолдарын көтереді)
Қарады маған да, (қолдарын кеуделеріне қояды)
Күлімдеп күн бүгін (қасындағы балаға қарайды)
Қарады саған да,
Шуақпен төгіп нұр.
Сөзжұмбақ шешу.
Қайырымдылық деген не?
Жақсылық, қамқорлық, көмек, құтқару, мейірімділік(қамқорлық)
«Қазақстан-мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасын өткізудің іс-шарасының бірі «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» тақырыбында әңгімелесу өткізгелі отырмыз . Адам қоғамда адамдар арасында өмір сүреді. Басқалар сенімен қарым-қатынас жасауы үшін олар сенің бар қасиетіңді танып білуі тиіс.Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Сыртқы келбет пен жүріс-тұрысын адамдармен ұдайы сәлемдесіп, кішіпейілдік, қайырымдылық көрсетуінен әдептілігін көруге болады.Әдептілік – қоғамға, қоршаған ортаға, яғни өмір сүріп жатырған жерімізге сай қалыптасқан тәрбиесі. Әдептілік ол қайырымдылықтың белгісі. Әдептілік – ар-ұятАдамдықтың белгісі. «Адамгершілік тәрбиесінің міндеті оқушыны қайырымдылыққа тәрбиелеу» деген. (И.Песталоций).Яғни қазақ халқы қашанда жоғары бағалаған қасиетінің бірі – адамгершілік. Адамгершілігі бар адамды барлық жерде сыйлаған, дәріптеген, қасиеттеген және үлгі тұтқан. «Адамгершілік – асыл қасиет», «Адамның ұяты бетінде, адамгершілік ниетінде» деп сол сияқты нақылдар халқымыздың адамгершілікті қаншалықты қастерлегендігін айқын байқатады.Қайырымдылық – жетімдерге, мүгедектерге, қарт кісілерге рухани және материалдық көмек көрсету (Жылы сөзбен қолдау, шаруашылық жұмыстарға көмек көрсету, жұмыс ұсыну және т.б.).Адамгершілік қоғамның өмір заңдылығына сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болатын белгілі бір ізгілік ұстанымдарын ұғыну. Адамгершілік адамның адамды құрметтеуінен, оған сенуінен, басқаның мүддесі үшін өзін құрбан етуінен, шыншыл болу әрекеттерінен байқалады. Адамдық асыл қасиеттерге әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек, достық, үлкенді сыйлау, кісілік жатады. Ал енді, оқушылар, мен сіздерге қағазға жазылған сұрақ берейін, соның жауабын мына бөлшектенген қағаздың ішінен шығарасыңдар.
Адамдар бірін-бірі көргенде қандай сөз айтады?/сәлемдесу/
Бала бойындағы жақсы қасиеттердің бірі?/әдепті/
Жақсы оқитын, көп білетін оқушыны қандай оқушы дейді?/білімді/
Отбасындаата-аналар, мектептеұстаздарбаланы неге баулиды?/тәрбие/
«Өкпелемеңіз» сөзінемағыналассөз?/ренжімеңіз/
Қазақхалқындақызбалалардықандаймінездіболуғатәрбиелеген?/инабатты/
Қиынжағдайдадосыңа не істеуіңкерек?/көмектесу/
Әрбір бала көпнәрсеніүйренгісікеліптұрады, ондайбалалардықандайбалалардейміз?/талапты/
Ана өсиеті
Ана айтты бір өсиет баласына
Бір жолдың шығарып сап саласына
Ей, балам шамаң келсе жақсылық ет
Ақ пейіл адамзаттың арасына
Егер де жол үстінде тікен жатса,
Кірер деп аяғына біреу басса,
Ерінбей-ақ иіліп қолыңменен
Сол тікенді көтеріп алып таста
Бұл еңбегің қалмасты босқа бекер
Соны көрген соңғы жас солай етер
Жақсы үлгіні жалпы жұрт дәстүр жасап
Жол тазарып жолаушы жолдан өтер.
Нағыз адам , Қайырымдылық мәтінін оқу, түсінгенін айту
Балалар,неліктен бұл әңгімені «Нағыз адам» деп атаған? Бірінші,екінші жолаушыны неліктен адам емес деді? Үшінші жолаушыны «Нағыз адам» дегені неліктен? (оқушылар өз ойларын ортаға салады) - Осыдан қандай қорытынды шығарамыз?
Мерей:Қайырымдылық- айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебемін көтереді. Қайырымды бала- қашанда акта-анасының мақтанышы.
Оқушылар тақпақтары
Бегім Күн нұрындай көңілім
Даламдай кең пейілім
Жүрегім толы мейірім
Бәріне ортақ шуағым
Қайырымды баламын.
Нұрай: Әдеп сақта әманда,
Әрбір адал адамға
Жасасаң бір жақсылық
Қайтарады саған да.
Айғаным: Кішілерді аяла
Кісілерден аянба
Адамдығың көрінсін
Анадай жан саяда.
Айжан: Ынтымаққа қосылда
Ықылас қой досыңа
Әр мақсатың нық болсын
Ақылыңнан тосылма.
Гүлсезім: Ақылы бар баласың
Айтқан тілді аласың
Намысты болып өссең сен
Нағыз адам боласың.
Мерей: Қайырымды бола білу үлкен іс,
Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.
Нұрай:Біз тілейміз бар бөбекке,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын, күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер, білім, нәрімен.
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен.
Сырым: Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі
Шәкәрім Адамдық борышың
Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!
«Мейірімділік нұры» жаттығуы.Қазір мен тақтаға мейірімділік шапағын ілемін.Бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрын шашамыз
Қорытынды: Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал бейтаныс адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу – жомарттық. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныту әр жанның азаматтық парызы деп түсініп, соны жадына ту ете білу керек
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық
Өткізген: Бердемова Жұмагүл
№68 орта мектебі
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қосаман елді мекені.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі