Мектеп:№68 Мұғалімнің аты- жөні:Курмангазиева Сынып:3 |
Пән: Дүниетану №6 сабақ Ортақ тақырып: 2. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы |
Күні: 11.10.18 |
Қатысқандар саны: 7 Қатыспағандар саны: - |
Тақырып: |
Адам досымен мықты |
Оқыту мақсаттары |
қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларынтүсіндіру; өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын |
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) |
Барлық оқушылар:
Көптеген оқушылар:
Кейбір оқушылар:
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар: – жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алынған ақпараттарды қолданады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Достық, этика, әдептілік – адамгершіліктің алтын қағидасы Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер Достық дегеніміз – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Этика – мінез-құлықтың қағидалары мен нормалары. Адамгершіліктің алтын қағидасы: Адамдардың саған қандай қарым-қатынас жасағанын қаласаң, сен де оларға сондай қарым-қатынас жаса. Талқыланатын мәселелер: Достық деген не? Кімдерді дос деп атауға болады? |
|
Нағыз достықтың күші неде? Достардың, балалардың арасында өзімізді лайықты ұстауымызға қандай ережелер көмектеседі? |
|
Алдыңғы білімдер |
Достықтың құндылығы жайындағы білімдері. Оқушылардың өмірлік тәжірибелері. |
|
Сабақ жоспары |
||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Ой қозғау 5 мин.
Жаңа сабақ 30мин
|
Ширату Күннің жарқырап тұрғаны жақсы ма? (күнді бейнелейді) Жақсы! (қол шапалақтайды) Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді) Жақсы! (қол шапалақтайды) Достармен бірге жүрген жақсы ма? (адымдайды) Жақсы! (қол шапалақтайды) Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өзін құшақтайды) Жақсы! (қол шапалақтайды) Туған жерде жүрген жақсы ма? (қолдарын екі жаққа кереді) Жақсы! (қол шапалақтайды) Үйімізде болған жақсы ма? (үйді бейнелейді) Жақсы! (қол шапалақтайды) Айналып би билеген жақсы ма? (айналады) Жақсы! (қол шапалақтайды) Қазақстандық болған жақсы ма? (бас бармақтарын көрсетеді) Жақсы! 1. Сабақтың тақырыбын тұжырымдау. Іздегенде табылатын қасыңнан Көңілі бар қызғалдақтай ашылған (Дос) 2.«Екі дос» ертегісін тыңдату. Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
– Бүгінгі сабағымызда қандай тақырыпты сөз ететін боламыз?
“Достық”сөзінің мағынасы өзара сыйластық пен ортақ мүддеге құрылған жақын қарым-қатынасты білдіреді.Достық дегеніміз-адамдардың бір-біріне адал,қалтықсыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиет.Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың,рухани жақындықтың белгісі.Этика-мінез-құлықтың қағидалары мен нормалары. Адамгершіліктің алтын қағидасы::“Адамдардың саған қандай қарым-қатынас жасағанын қаласаң,сен де оларға сондай қарым-қатынас жаса”.
3.«Дос» сөзінің мағынасын ашу.(жұптық жұмыс)
4.Мақалды жалғастыр: Досы көпті,жау алмас Бірлік болмай,тірлік болмас. Күлме досыңа,келер басыңа Доссыз адам,тамыры жоқ ағашпен тең. Дос досының кемшілігін кешңре біледі.
|
Күн
Жел суреті
Суреттер (достар, ана, туған жер, отбасы т.б.)
Әнді тыңдау Интерактивті тақта
Интерактивті тақта, Оқулық
Мақал-мәтелдер
|
|
5.Сұрақ-жауап(жұптық жұмыс) – Балалар, достар туралы өлеңді тыңдап алайық: Достарым Тұрғанымда қысылып Медет берген достарым. Өз қайғысын ысырып Көмек берген достарым. Замандастың жеңісін Көре білген достарым; Қолындағы жемісін Бөле жеген достарым. Сынға түскен кездерде Сырын бермес достарым. Қамыққанын өзгеге Біліндірмес достарым. Тайғақ заман, тар жерде Қолын берген достарым. Жолдасына мәреде Жолын берген достарым Жырға сені қосумен Өтсем деймін, досым-ау! Сыйлас болып досыммен Өмірімде осынау. /Жанбай Өзденбаев/
6. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау. Топтардың тапсырмаларды орындауы: 1-топ. – Нағыз достық деген не? 2-топ. – Этика және әдептілік қағидалары деген не? 3-топ. – Адамгершіліктің алтын қағидасы дегеніміз не? Жұмыстарды көрсету |
Оқулық, сөздіктер,
ғаламтор желісі, қағаз,
маркерлер,
тақырып бойынша журналдардан алынған қиындылар,
желім, қайшы |
|
7.Эссе: «Достық» 8.Сергіту сәті Ендi бiз демаламыз, Айналаны шоламыз. Қол-аяқты кезекпен, Оңға-солға созамыз. Күн шыққанда сүйiнiп, Бәйшешектей иiлiп, Бiз тынығып аламыз. Жиi-жиi жаттығып, Үлкен кiсi боламыз. / Б.Бөрiбаев/ 9.(Ө) Оқудың, жазудың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Өздік жұмыс. Тапсырманың орындалуын екі-екіден отырып талқылау. 10.(Т) Өз сыныбыңа арнап достықтың заңдарын құрастыру. Жұмыстарды көрсету Бірлесе жасаған және қабылдаған достықтың заңдарын сыныптың көрініп тұратын жеріне ілу. 11. «Достық.Бірлік» үйін құрастыру.
– Сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады? |
Дәптер Қағаз, маркер |
Рефлексия 5 мин |
Сабақтағы атқарған жұмысымызға байланысты қорытындылар шығарамыз: – Достарыңның болғаны неліктен маңызды? Өз өмірлеріңнен мысалдар келтіріп, дәлелдеңдер. Мен …үйрендім Мен …тырысамын Мен …түсіндім |
|
Үй тапсырмасы |
Өз досың жайлы әңгіме құрастыру. |
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі