Өлең, жыр, ақындар

«Қ» дыбысын машықтандыру

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Састөбе ауылы
МКҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Логопед-дефектолог: Астанакулова Мадина Акжигитовна

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған II – III деңгейдегі балалармен ұйымдастырылған топтық ашық оқу–қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Коммуникация. Таным

Оқуқызметі: Дыбыстану

Тақырыбы: «Қ» дыбысын машықтандыру

Мақсаты: Қ дыбысы мен әріпін таныстыру. Қ  дыбысын машықтандыру. Ойын арқылы сөздік қорын дамыту.Артикуляциялық жаттығударды дұрыс жасауға қалыптастыру. Ұсақ қол маторикасын дамыту.

Көрнекіліктер: Айна, үлестірмелі  материалдар, түрлі түсті суреттер.

Сабақтың міндеттері:                                              

1. Дыбыстық жаттығулар.

2. Артикуляциялық жаттығулар

3. Қ дыбысының ерекшілігін түсіндіру.

4. Фонематикалық естуін дамыту

5. Ұсақ қол моторикасын дамыту

Сәлеметсіздерме балалар? Көңіл–күйлерің қалай? Балалар қараңдаршы, бізге бүгін қонақтар келіпті.

— Қане бәріміз қонақтармен амандасайық?

— Жарайсыңдар балалар!

Ендеше балалар жарты шеңбер жасап, шаттық шеңберін жасайық.

Шаттық шеңбері:

Алақанды ашамыз.

Күннің жылуын саламыз,

Жүрек жылуын саламыз,

Таза ауадан саламыз.

Жиналған жақсы шуақты

Қонақтарға шашамыз!

Дыбыстық жаттығулар:

А – А – А – А

О – О – О – О

У – У – У – У

Артикуляциялық жаттығулар орындау.

«Тәтті тосап».

Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: жымиып, ерінді айналдырып жалау. 10-15 сек. орындау.

F:\Artikulyatsionnaya_gimnastika (1)\Artikulyatsionnaya_gimnastika (1)-page-013.jpg

«Сағат»

Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

F:\Artikulyatsionnaya_gimnastika (1)\Artikulyatsionnaya_gimnastika (1)-page-006.jpg

«Саңырауқұлақ» 

Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

F:\Artikulyatsionnaya_gimnastika (1)\Artikulyatsionnaya_gimnastika (1)-page-018.jpg

«Алтыбақан»

Жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.

F:\Artikulyatsionnaya_gimnastika (1)\Artikulyatsionnaya_gimnastika (1)-page-001.jpg

Суретпен жұмыс.

C:\Users\Admin\Desktop\волк.jpg

Балалар суреттен не көрідіңдер?                

— Қасқыр.

Бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

— Қ дыбысы.

«Қ» дыбысында кедергі байқалама?

Ендеше «қ» дыбысы дауыссыз дыбысы екен.

  Қ – дыбысының ерекшелігімен таныстыру.

«Қ» дыбысын айтқанда ерніміз ашық, тісіміз алшақ салынған. Тіл ұшы төменгі тістің жанында, бірақ тіске тірелмейді. Алдыңғы және ортаңғы тілдің арқасы төмен, артқы жағы сәл жоғары көтеріліп жұмсақ таңдайға тіреледі.

Буындарда машықтандыру.

Қа –қа – қа                   құ- құ- құ                      қу- қу- қу

Ақ- ақ -ақ                   оқ- оқ- оқ                      ық- ық-ық

Буын арқылы сөздерде машықтандыру.

Қа қа қа аққала                     Қо қо қо қораз

Қа қа қа қармақ                    Қо қо қо қозы

Қа қа қа қалақ                       Қо қо қо қоңыз

Фонематикалық естуін дамыту.

Сөздің басындағы, ортасындағы,соңындағы дыбыстарды айтып бер: қызыл, қазан, қоржын, қақпа, қабақ, қасқыр, қонақ, қаңқа, ұшақ, қатық, аяқ, балық , жастық, тасбақа.

Сергіту сәті:

Әдемі қызыл гүлімнің

Жапырағы ашылды.(алақандарымен ашылған гүл жасайды)

Жел кеп оны тербетіп, (қолдарын тербетеді)

Жапырағын жабады. (жапырақтарын жабады)

Ұйқыға кетер майжырап,

Жапырағын шайқалтып.(гүлдің басын шайқайды).

Сөздерді буынға бөлу.

Қас – қыр, қа – сық, қы – зыл, Қа – ра  - қат, тас – ба – қа.

Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Саусағымыз шаршады, (қолдарын үстел үстіне қояды)

Демалуды қалады.(ары бері қозғайды)

Саусақтарды жазайық, (қолдарын көтеріп, саусақтарын жазады)

Бір, екі, үш, демалтып бір алайық. (саусақтарын жазып, қайтадан жұмады)

E:\Мои документы\Новая папка\ДЛЯ ДЕФЕКТОЛОГА\кол моторикасы\Image_21

— сұқ саусақ пен бас бармақ арқылы сақина жасап, оның арасынан саусақтарды өткізіп, сақиналар жасау. Осылайша әр саусақпен кезектестіріп орындау.

E:\Мои документы\Новая папка\ДЛЯ ДЕФЕКТОЛОГА\кол моторикасы\Image_4

— Барлық саусақтың бастарын бас бармаққа қосу керек. Оң қолда сұқ саусақпен бас бармақты қосудан бастаса, сол қолда бас бармақ пен шынашақты қосудан бастайды. Жаттығуды екі қолмен қатар істейді. 

Қорытынды:

Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық?

Бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қ дыбысын.

Түсінеді: Жаттығу түрлерін.

Қолданады: Қ дыбысы бар сөздерді ажырата алады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз