Өлең, жыр, ақындар

Орман тұрғындары

Түркістан облысы Түлкібас ауданы
Састөбе ауылы МКҚК«Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиеші: Курбанова Назира Жамбуловна

Білім беру саласы: «Таным»

Оқу қызметі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: «Орман тұрғындары»

Мақсаты: 1. Жабайы жануарлар туралы түсініктерін байыту.

2. Жабайы жануарлардың (аю, қоян, түлкі, қасқыр) сипаттық белгілерін байқай білуге үйрету арқылы зейіндерін дамыту.

Көрнекіліктер: Жабайы жануарлардың суреттері.

 

Оқу қызметінің кезеңдері   

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

 

- Балалар біздің тобымызға қонақ апайлар келіпті және сәлемдесейік. Ендеше шаттық шеңберін құрайық:

 Күннің көзі ашылсын!

 Көкке шуақ шашылсын!

 Құтты қонақ келіпті

 Төрімізге  еніпті!

 - Сәлеметсіздер ме қонақтар!

 - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

 - Өте дұрыс күз айларын атап беріңдерші?

 - Күзде ауа райы қандай болады?

 - Адамдар күзде қалай киінеді?

 - Балалар сендер қандай жабайы аңдарды білесіңдер?

 - Жабайы аңдар қайда мекендейді?

 - Дұрыс айтасыңдар, сондықтан оларды орман тұрғындары дейміз. 

 

Шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.

 

 

 - Күз.

 - Қыркүйек, қазан, қараша.

 - Салқын, жапырақтар түседі, жаңбыр жауады.

 - Жылы киінеді.

 - Түлкі, қасқыр, аю, қоян.

 - Орманда.

Ұйыдастырушылық ізденушілік

 

 

 

  Кіріспе. Әңгіме.

- Бүгін біз Орман тұрғындары жайлы әңгімелейміз.

- Жабайы аңдарға қоян, қасқыр, түлкі, аю тағы басқа да орманда өмір сүретін аңдар жатады.

- Балалар, жабайы аңдар орманда, таулы жерлерде, далада өмір сүреді.

- Балалар аңдардың да пайдасы бар. Олардың терісінен тон, ішік, жаға, киім кешектер жасалады.

- Балалар, тыңдаршы бір дыбыс естілетін сияқты. Біреу ақырып жатыр, кім екен?

- Аю екен балалар. Аюдың қолында балы бар екен. Аю бал жейді екен. Аю өзімен бірге жұмбақ әкеліпті.

Сендер жұмбақтың шешуін табыңдаршы.

 

1. Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. (Аю)

 

2. Ұзын құлақ көзі қыли,

Қорыққан сайын секіреді ылғи. (Қоян)

 

3. Құйрығы бұлаң-бұлаң етеді,

Барлығын алдап кетеді. (Түлкі)

 

- Жарайсыңдар, сендер тапқыр екенсіңдер!

- Ой, балалар қараңдаршы кім келе жатыр?

(Секіріп, секіріп қоян келеді.)

- Балалар, қоян не жейді?

- Қоян сендердің ойынды жақсы көретіндеріңді  біліп, ойын ала келіпті.

   Ойын:  «Аңдардың  балаларын тап?»

Ойын шарты: Әр аңның балаларын аналарының қасына қою керек.

- Жарайсыңдар, балалар қоянның да ойынын ойнадық.

- Балалар орманда ұлитын қандай аң?

- Қасқыр бізге тақпақ айтып бермекші.

      Қасқыр:

Мен көкжал қасқырмын,

Малшыны састырдым.

Аш болсам ұлимын,

Ауылды торимын.

- Ой, мұнда тығылып отырған қандай аң?

- Дұрыс, айтасыңдар балалар. Кәне, балалар түлкіні тыңдайық, бізге не айтады екен?

      Түлкі майысып тақпағын айтады:

Түлкі айтты Түлкімін,

Тұнып тұрған күлкімін.

Бұлаң-бұлаң құйрығым,

Текке өтпейді бір күнім.

 

- Рақмет саған түлкіжан.

- Ал балалар Сергіту жаттығуын орындайық.

                   Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы–қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді,

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

- Ал енді балалар ойын ойнайық.

  

          «Не артық» ойыны.

Ойын шарты: Балалар жабайы жануарлардың арасынан үй жануарларын тауып алуы керек.

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Аю.

 

 

- Аю.

 

 

- Қоян.

 

 

- Түлкі.

 

 

 

 

- Сәбіз.

 

 

 

 

Балалар ойынға қызыға қатысады.

 

 

- Қасқыр.

 

 

 

 

 

 

- Түлкі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қимыл–қозғалыс әрекеттерін жасайды.

Ойынға қызығушылық танытты.

 

Рефлекциялық түзетушілік

Қорытындылау.

 - Балалар біз бүгін қандай жабайы жануарлар туралы айттық?

 - Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

Балаларды мақтап мадақтау.

Балалар сұраққа жауап, өз ойларын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Жабайы жануарлардың сипаттық белгілерін байқап, оларды сипаттап айтуды;

Түсінеді: Жабайы жануарлар туралы берілген мәліметтерді;

Қолданады: Жабайы жануарлардың жүріс–тұрысын қимылмен келтіре білу дағдыларын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер