Өлең, жыр, ақындар

М.Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасын талдау

Назар аудар:

Аққулар ұйықтағанда

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән

Қазақ әдебиеті

 

Мұғалім

Жумабекова Бибигул Төлешовна 

 

Мектеп, сынып

Тасөткел негізгі мектебі, 8-сынып

 

Сабақ тақырыбы

М. Мақатаев “Аққулар ұйықтағанда” поэмасын талдау (2сағаты)

 

 

Сабақтың мақсаты

1.Білімділік:

а) Мұқағали поэзиясына талдау жасау, ақын шығармасының идеясын, мақсатын ұғындыру, поэманың тақырыбы мен идеясы туралы теориялық білім беру.

ә) Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұрындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіру.

 2. Дамытушылық:

а) Оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру, өз ойын дұрыс тұжырымдап, дәлелмен жеткізе білуге, еркін сөйлеуіне дағдыландыру, өлеңдерін  нақышына келтіріп жатқа оқу, сүйсіне білу сезімдерін ояту, талдаулар жасай білу, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

ә) http://bilimland.kz сайтының ресурстары арқылы оқушының сезіміне әсер ету, ақын шығармашылығына қызығушылығын арттыру

 3. Тәрбиелік: Ақын тілімен салынған табиғат суреті арқылы эстетикалық талғамға, көркем шығарма арқылы табиғаттың сырлы көріністерін тамашалап, сұлулығын сезініп, қамқорлықпен аялай білуге үйрету

Сабақтың түрі

Дәстүрлі емес сабақ

Пәнаралық байланыс

Экология,  бейнелеу өнері, музыка

Сабақ көрнекілігі

Ақын суреті, http://bilimland.kz, интерактивті тақта,  тақырыптық суреттер, сызба- кестелер.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, Қ. Бітібаева технологиясы, ой толғау, ой шақыру, топтастыру, еркін сөйлеу, пікірсайыс, теориялық талдау, топтастыру.

Сабақ барысы

 

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, түгендеу, дайындығын қадағалау.

II.Үй тапсырмасын сұрау

А) Поэманың ұнаған  үзіндісін  жаттау

Ә)Автордық көркемдегіш тәсілдерді қолдану ерекшелігі

Көркемдегіш құралдар

Анықтамасы

Үзінді

Теңеу

Теңеу (орысша сравнение) – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу.

Жаңбырдың тамшысындай, қарақшыдай, шашымдай ма ең т... 

Метафора

Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. 

 ақ төсек-аппақ айдын, аққу-бала, өмір-дария

Кейіптеу

 Әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл

«Жетім көлге» қараудан шаршамаған, қанатынан үзіліп ән-самалы. Сыбырлайтын «Жетім көл» Алатауға. Әлдилеп ақ төсінде бермейтінім. "Жетім көл" жетімсіреп қала берді 

Эпитет

Эпитет немесе айқындау (грекше epitheton – қосымша) – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.

Тәкаппар құс, мөлтілдеген көз жасы, ақ қанатын сабалап... 

қатігез, сұрқай ой, ақша бұлт, сұм жүрек

ІІІ. Жаңа сабақ

Ой шақыру

ІV .Тапсырмалар орындау

М. Мақатаев “Аққулар ұйықтағанда” поэмасын талдау:

Әр ақынның өлең-өнер болмысында бір қасиеті өзгелерінен басымырақ болады. Мысалы: Абайда - ой, Мағжанда - махаббат, Қасымда - от, Мұқағалида - тазалық (қасиет деген ұғым) басымырақ болады.

Алдымен, экранға назар салайық. Білімланд сайтының ресурсын пайдалану,

  • Поэмада көтерілген мәселе не?
  • Ананы аққуды атуға итермелеген қандай күш? 
  • Поэма сендер ойлағандай аяқталды ма?
  • Аққу туралы қандай өнер туындыларын білесіңдер? 
  • Тәуіп деген кім?
  • Тәуіптің айтқан емі  қазіргі медицинаға жата ма?

“Аққулар ұйықтағанда» - ғажап поэма. Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған дүние.

 1-тапсырма.  Поэманың сюжеттік –композициялық құрылысын талдау жасау  Шарықтау шегі   Шешімі

Шиеленіс

Кіріспе

Дескриптор:

  • Поэманы жүйелейді;
  • поэманың композициялық құрылымын талдай алады.

ІV. Тапсырмалар орындау

V. Бекіту

 

2-тапсырма.  Мәтінмен жұмыс

Оқиға

Эпизодтар

Ақынның суреттеуі

Ана қайғысы

...Баласының ана отыр күйін бағып...

Бала жатыр төсекте күйіп-жанып,баласының ана отыр күйін бағып,

Қайдағы ой қатыгез, сұрқай ойлар,

Миын қарып барады, миын қарып,

Жетімкөлге аттанған ана

...Балам өлсе, бақыттың керегі не?

Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!

Балам өлсе, бақыттың керегі не

Топан су басып кетсін қалғандарын,

Перзент сұрап несіне армандадың?

Құрысын онсыз сенің жанған бағың!

Аққуды атқан ана

...Жаралы аққу секілді жаттың ба,

ана?

Ақ төсек - аппақ айдын, аққу - бала,
Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?..
«...Мына жатқан «Жетім көл», мына аққуды,
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...
Жоқ!
Мен емес...
Мен атпадым...
Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным?!»
Ғазиз ана, ербеңдеп екі қолы,
Жиылған жұртқа қарап алақтады.
Күледі, бірде жылап, зарланады,
Көкке қарап, бекерге қарманады.

Дескриптор:

  • поэма үзінділерімен жұмыс жасайды;;
  • мәтін мазмұнымен таныс

3- тапсырма. Шығарма кейіпкерлеріне  үш сөйлеммен өз сөзіңмен мінездеме бер.  Дәптермен жұмыс.

Ана _______________...__________________________...

Әке______________________________________...

Тәуіп _____...______________________________.

Жылқышы кария ______...________________________________...

 Жалпы, қазақ халқы ырым, наным-сенімге сенетін халық. Сол себепті қазақ аққуды киелі санайды. Аққуды ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады әрі оған ешқашан оқ атпаған. Аққу турасында ел аузында аңыз-әңгімелер көп, тіпті ақын-жазушыларымыз, әнші-сазгерлеріміз де қарап қалмаған. Мәселен, С. Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы», Қорқыт баба, Ықылас Дүкенұлының, Н. Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Б. Аюхановтың «Аққу биі» - халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігі мен құрметінің дәлелі. Мына бір аңызға сүйенсек: «Ертеде бір адам аққудың киелі екенін білмей оқ атады. Сонда аққудың сыңары өз қосағынсыз өмір сүре алмайтынын дәлелдеп, өзінің басын тасқа ұрып, өзін-өзі өлтіреді. Ал оқ атқан адам арада қанша жыл өтсе де, отбасын құра алмай, еш перзентсіз дүниеден жалғыз өтіпті» дейді. «Аққу - құстың төресі, жалғыз жатып оттамас» деген нақыл сөзден аққу сыңарынсыз өмір сүре алмайтынын көреміз. Аққуды тек қазақ халқы емес, басқа халықтар да дәріптеген. Мысалы: П.И. Чайковскийдің «Аққу көлі» атты шығармасы, сол сияқты Шекспирдің «Венеция көпесі» атты пьесасында аққу сұңқылдап ән салады. Тіпті аспан әлеміндегі шоқжұлдыздардың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Өзіміздің салт-дәстүрімізде «Аққу мойын» деп аталатын өрнек те бар. Аққуды атқан адам жамандыққа ұшырайды, өлген аққу жалғаспаған ұрпақты білдіреді. Ал, ананың балаға деген махаббаты бәрінен де күштірек. Бұл жырда пақыр ана өз баласы үшін қасиетке оқ атады. Ананы бұған итермелеген - баласына деген асыл махаббаты. Тәуіптің сөзіне сенген ана, ақыр соңында, перзентінен де айырылып, есі ауып кетеді. Енді, балалар, жырдағы ана әрекетінің дұрыс-бұрыстығын талқыға салмақпыз.

Сабақты қорытындылау

А) Ана, бала, аққу туралы мақал айту

1.Анаңа ауыр сөз айтпа, Атыңа ауыр жүк артпа.
2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

3. Аққу құстың төресі, Жалғыз жатып оттамас.

4. Аққуды атпа, досыңды сатпа!
2. Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды.

3. Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады.

Ә) Бұл кімнің сөзі? Семантикалық карта

Кейіпкерлер

Ана

Әке

Тәуіп

Жылқышы

...Аққуменен баланы аластаңдар!

       

...Ей, кімсің?

Кеудеңде жаның бар ма?!

       

...Тұрсаңшы,  таяу қалды таң атуға,

Неткен жансың санасыз жаратылған?...

       

Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана?!

       

Дескриптор:

  • Поэма  мазмұнын біледі;
  • Мағынасын  түсіндіре алады.

VІ.  Бағалау, сабақты қорытындылау

Балалар, адам – табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар. Бірі – тіршіліктің анасы табиғат анасы, екіншісі  адам анасы. Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға  болмайды.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе, өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді  ешкім,- деп жырлаған Мұқағали мұрасы -  мәңгілік асыл мұрамыз.

VІІ. Үйге тапсырма

 «Айдыннан ұшқан аққу-жыр»

 

Назар аудар:

Аққулар ұйықтағанда


Пікірлер (4)

Аяулым

Керемет жазылған. Бірақ сюжетік көрінісін талдамағансыздар. Яғни өмірлік тартыстары деген сияқты

Динара

Пайдама жарады, рахмет!

Каракат

Композициялык талдау керек еды

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз