Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
«Дарын» балабақшасы
Тәрбиеші: Ходжантаева Куралай Икласовна
Боз жорға — биі, 8 топтың ұлдары билеп шығады.
Жүргізуші: Қайырлы күн мейрамға жиналған қауым! Бүгін Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі. Наурыз мейрамы — бұл көктем мен еңбектің мерекесі! Күн мен түн теңесетін күн! Қасиетті Жер-Ана қысқы ұйқыдан оянып, табиғаттың бүршік атуын ұлықтаған мереке. Наурыз мерекесі құтты болсын!
Ақерке:
Келді көктем далаға,
Келді сұлу шағала.
Аспандағы ақ құстар,
Айдын көлді аралап.
Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау алақай,
Көктем қандай көңілді.
Аян:
Қандай қызық көктемде,
Күн шуағын төккенде.
Гүл тереміз алуан,
Шығып алып көк белге.
Көктем күні керемет,
Бар табиғат нәр алып,
Шыға келер жаңарып.
Ғаниет:
Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
Сезім:
Табиғат көркін келтіріп,
Жан-жануар серпіліп.
Күттірген көктем келдің бе,
Жайқалған гүлмен желпініп.
Айлана:
Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жатқанда.
Біз қуанып қаламыз
Әнмен қарсы аламыз.
Ән. «Көктем»
Жүргізуші: Ой, халайық, халайық, әсем әнге салайық, наурыз тойын көңілді, бірге қарсы алайық.
Ән «Наурыз достық мерекесі»
Жүргізуші: Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы,жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі өмірге нәр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін мереке. Олай болса кезекті балаларға берейін.
Балалардың тақпақтары:
Али:
О, ағайын, ағайын
Думанға толы маңайың.
Мереке болып келіп тұр,
Наурыз айы – бал айың.
С. Бексұлтан:
Доңыз жылы кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық!
А. Бексұлтан:
Құтты болсын Наурыз той!
Құлпырып тұр қыр мен ой.
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Қуанышты ел енді,
Мұстафа:
Наурыз келді құт болып,
Мына бізге сүт болып.
Аққа аузымыз толады.
Бар жақсылық болады.
Жақсылыққа бас болып,
Алдымызға ас болып.
Келген наурыз құт болсын!
Берері тағы мол болсын!
Аян:
Ұлыс күні бар халық.
Бір-біріне жақындап.
Ізгі тілек тілейді.
Ниеттерін айқындап.
Нұркен:
Наурыз келді салтымыз.
Бақта құстар сайрайды,
Жайнап көктем нұрымен.
Жаңа дәстүр жырымен,
Ел Наурызды тойлайды.
Мол-мол болсын ырыс құт,
Жасай берсін туыстық.
Дейді атам салтанат,
Құра берсін тыныштық.
Амина:
Ән айтылды күні бойы,
Бұл мереке бізге ойын.
Көжесі көп, шелпегі көп,
Жақсы көрем наурыз тойын.
Кәусар:
Наурыз тойың, наурыз тойың,
Құтты болсын, халайық.
Күй төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.
Жүргізуші:
Айтыссыз мына өмірдің несі көктем,
Айтыс десе Қазекеңнің есі кеткен.
Көтеріп ел мерейін, ел еңсесін,
Көкейін тыңдаушының риза еткен.
Амина мен Мұстафаны шақырамын
«Наурыз» айтысы.
Би «Қамажай» 9 топ қыздары билейді.
Ойын. «Әтештер айқасы»
Ойын «Тақия тастамақ»
Көрініс «Сұлу қыз»
Жүргізуші:
Балалар, Наурыз тойының өзіне тән ұлттық, үлкен асы – Наурыз көже – деп аталады. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. Өйткені, бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез. Сондықтан да, адамдар бір-біріне «ақ мол болсын!», «сауар көбейсін» деген тілектер айтады. Халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап, қуаныш әкеліп, жақсылық шашады екен.
Балалар, бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді.
Тапсырмалар:
— Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?
Ананың сүті тәтті,
Ананың қолы жұмсақ,.
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.
— Қандай ырым мен тыйым сөздерді білесіңдер?
Малды теппе,
Ақты төкпе,
Отты шашпа,
Күлді баспа,
Бүйіріңді таянба,
Жағыңды таянба,
Бос бесікті тербетпе,
Бесікті ашық қалдырма.
— Сүттен жасалатын тағамдарды ата.
Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ, май, іркіт т.б.
— Наурыз көже қалай жасалады?
Наурыз көже жеті түрлі тамақ қосу арқылы жасалады.
— Ұлттық тағамдарды көрсету
— Ұлттық ойындарды ата.
Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ т.б.
Жүргізуші: Қазақтың ұлттық ойынын ойнамасақ, тойдың сәні кірерме?
Ойын. «Арқан тарту».
Ән «Әз Наурыз»
Сән үлгісі — Қазақтың ұлттық киімдерін балабақша қызметкерлері көрсетеді.
Жүргізуші: Наурыз мерекесінде бір-біріңе мейірімділік, денсаулық, бақыт тілеу дәстүрі бар емес пе. Балалар тілек тілейді.
Әке-шешеміз аман болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Бақытты болайық!
Жолымыз болсын!
Ұлыс береке болсын!
Наурыз құтты болсын!
Мынадай мейірімді сөздерден кейін жер жасыл желек пен гүлге оранады, ағаштар жапырақтан көйлек киіп, күн сәулесін төгіп, құстар ән салып жан берген тіршілікке өмір тойы — Наурыз жасай берсін! — деп ертеңгілігімізді осымен аяқтаймыз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі